Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

eHelpKZ

Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ E
Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ
Адрес канала: @egovhelpkz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 2
Описание канала:

Сізге ыңғайлы болу үшін пайдалы ақпараттың бәрі бір жерде
(Жарнама және ынтымақтастық мәселелері бойынша: ehelpkz@gmail.com; @ehelpadmin)

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал egovhelpkz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 9

2021-01-25 10:39:58 "Отбасы банк" enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтінімнің неліктен жойылуы мүмкін екенін түсіндірді

1. Егер сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады.

2. Егер сома қосымша белгілермен көрсетілсе.
Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түрінде, сондай-ақ ТИЫН сомасы көрсетілген жағдайда жүйе қабылдамайды. Жүйе сіздің өтініміңізді қабылдауы үшін соманы "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек, яғни қосымша белгілерсіз;

3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізсеңіз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
59.5K views07:39
Открыть/Комментировать
2021-01-23 08:54:45 Зейнетақы төлемдерін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды.

Портал әзірге тұрақты жұмыс істеп тұр.

Өтінімді тек ноутбук\компьютер арқылы бере аласыз. Смартфон арқылы өтінім беру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Өтінім беру үшін ЭЦҚ-ңыз болуы шарт.

Маңызды ақпараттың бәрі біздің арнамызда https://t.me/egovhelpkz
64.3K viewsedited  05:54
Открыть/Комментировать
2021-01-22 14:16:20
ХҚКО-ларда қайтадан алдын ала брондау енгізілді

Есіңізде болса, қараша айында Цифрлық даму министрі брондаудың «қажетсіз нәрсе» екенін айтып, алып тастаған еді. Алдын ала брондауды түрлі жастағы адамдар пайдалана алатын кезде ғана енгізетінін жазғанды. Сонымен, уақыты келді.

Алдын ала брондаусыз қабылдамайтын ХҚКО-лар:
Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Өскемен және Семей қалаларындағы және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарының.

ХҚКО-ға кезекті брондаудың ең оңай жолы қандай?
Телеграм-боты арқылы:
- @Kenes1414Bot ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
- елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
- қызмет түрін таңдаңыз
- баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз
Брондау сәтті өтсе, телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

Ескерту: ХҚКО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.

Маңызды жаңалықтардың бәрі біздің арнада @egovhelpkz
58.7K viewsedited  11:16
Открыть/Комментировать
2021-01-22 13:17:35 Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қайда, қалай береміз?

enpf-otbasy.kz. сайты арқылы береміз. Сайт ертең сағат 09.00-де іске қосылады.
Бәріміз сайттың толыққанды жұмыс істеуін, істен шықпауын тілейік.

Маңызды жаңалықтарды біздің арнамыздан біліңіз @egovhelpkz
43.4K views10:17
Открыть/Комментировать
2021-01-22 11:20:50 Бүгінгі күннің сұрағы!

Егер ипотеканы зейнетақы есебінен өтесем, өз пәтерімді сата аламын ба?

"Отбасы Банкі" Өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаеваның жауабы:

"Иә, егер аталған тұрғын үй біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы сатып алынбаса, бұл үйге бес жылдық шектеу қолданылмайды. Себебі Ереже 1-ші қаңтардан бастап күшіне енді."

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз

Маңызды жаңалықтарды біздің арнамыздан біліңіз @egovhelpkz
44.3K views08:20
Открыть/Комментировать
2021-01-22 07:31:59 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ПЛАТФОРМА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

23 қаңтарда онлайн-платформа іске қосылады. Осы платформа арқылы зейнетақы жинағын алуға өтінімдер қабылданады.

Яғни, ертеңнен бастап өтінім беруге болады. Өтінім қарастырылғаннан кейін, бірнеше күн ішінде шоттағы ақшаңыз өзіңіз қалаған мақсатқа жұмсалады.

Маңыздың жаңалықтарды арнамыздан біліңіз @egovhelpkz
43.7K viewsedited  04:31
Открыть/Комментировать
2021-01-21 20:44:40 "ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН" ТҰРҒЫН ҮЙ ҮШІН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
КӨПТЕН КҮТКЕН ЕРЕЖЕ ЖАРИЯЛАНДЫ!


Осы бойы зейнетақы жинағын ішінара алу ережесі жарияланды.

Маңызды! Меншігіңізде баспанаңыз болғанына қарамастан зейнетақы жинағындағы қаржыны бірнеше рет пайдалануға болады.

ҚАЙДА, ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
- Үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша төлеуге;
- Тұрғын үй салуға, сондай-ақ жер учаскесін сатып алуға;
- Меншігіңізде баспана болса да, ипотека алу үшін "бастапқы" жарна ретінде пайдалануға;
- Бұрыннан бар ипотеканы өтеуге, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шартын жабуға,
- Ислам банкі қаржыландыратын тұрғын үйді сатып алуға;
- Баспанаңызды жөндеуге, егер ол бір банктің қарыз шарты бойынша жүргізілген болса.

"ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН" ҚАЙДА, НЕГЕ ЖҰМСАУҒА БОЛМАЙДЫ?
- Ақшаны алушының (яғни Сіздің) жұбайыңыздан немесе жақын туыстарыңыздан тұрғын үй сатып алуға;
- Зейнетақы ақшасына алынған жылжымайтын мүлікті 5 жылға дейін сатуға болмайды.

Әрине, Ережеде көп сұраққа жауап берілмеген. Біз алдағы уақытта сарапшылардың пікірін біліп, оны арнамызда жариялаймыз. Төмендегі сілтемеге өтіп, Ережемен толық таныса аласыз.

P.S. Егер сілтемеге өту кезінде бет жойылған болса, осы бетті қайта жаңартыңыз.

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтардың бәрін бізден біліңіз @egovhelрkz
43.6K views17:44
Открыть/Комментировать
2021-01-21 10:43:03 ​​"ҰАТ" АҚ мамандары "egov"-тың істен шыққанын хабарлады.

Қазір мамандар қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Осымен бірге gov.kz порталы да істен шықты. Онда елдегі барлық министрлік мен әкімдіктің ресми сайттары және Е-лицензиялау (elicense.kz) сайты топтастырылған.

Жақында БЖЗҚ сайты да жүктемені көтере алмай қалған еді.

Соңғы уақытта мемлекеттік порталдардың істен шығуы жиілеп кетті

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтардың бәрі осында @egovhelpkz
43.7K views07:43
Открыть/Комментировать
2021-01-21 08:02:23 ТЕХПАСПОРТ ПЕН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ҰМЫТТЫҢЫЗ БА? УАЙЫМДАМАҢЫЗ!

Бүгін Сенат жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруге міндеттемейтін заңды қабылдады.

БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Енді жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзіңізбен бірге алып жүрмегеніңіз үшін сізге айыппұл салмайды.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Полиция қызметкері қажетті деректерді сіздің жеке куәлігіңіз арқылы тексереді. Ал көліктің иесі емес жүргізушілерді - сақтандырылған тұлғалар базасы бойынша тексереді.

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ ПА?
Жоқ, құжатты Қазақстанда алғандар үшін ғана. Егер құжатты шетелде алсаңыз, онда үнемі өзіңізбен бірге болуы қажет. Қазақстандық полицейлер шетелдің деректер базасын тексере алмайды.

СОНЫМЕН?
Заң Республика Президентіне жіберіледі. Ол қол қойғаннан кейін құжаттарды үйде қалдырып, алаңсыз жүруге болады

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтардың бәрі осында @egovhelpkz
46.3K views05:02
Открыть/Комментировать
2021-01-15 08:40:20
Абайлаңыз, оңай пароль пайдаланбаңыз!

Желіде алаяқтардың өзгенің телефонын ұрлап, Kaspi қосымшасы арқылы телефон иесінің атына 1 000 000-ға жуық несие рәсімдегені туралы видео таратылуда. Мұның бәріне себеп - оңай пароль. Телефонның да, Kaspi қосымшасының да паролі 5555 болған.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін келесілерді ұсынамыз:

Телефонның құлпын ашу үшін саусақ ізін немесе адам келбетін тану функциясын қолданыңыз.
Парольде 5555, 3333 секілді бірыңғай ұқсас сандарды қолданбаңыз
Туған жылыңызды пароль ретінде пайдаланбаңыз.
Парольді телефон қаптамасына немесе қаптаманың астына жасырған қағазға жазбаңыз.

Есіңізде болсын, сенімді пароль = Сіздің деректеріңіз бен ақшаңыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Алаяқтың құрбаны болмас үшін осы хабарламаны ата-анаңызға, жақындарыңыз бен достарыңызға жіберіңіз.

Маңызды жаңалықтың бәрі @egovhelpkz
75.5K viewsedited  05:40
Открыть/Комментировать