Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Абайлаңыз, оңай пароль пайдаланбаңыз! Желіде алаяқтардың өзге | eHelpKZ

Абайлаңыз, оңай пароль пайдаланбаңыз!

Желіде алаяқтардың өзгенің телефонын ұрлап, Kaspi қосымшасы арқылы телефон иесінің атына 1 000 000-ға жуық несие рәсімдегені туралы видео таратылуда. Мұның бәріне себеп - оңай пароль. Телефонның да, Kaspi қосымшасының да паролі 5555 болған.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін келесілерді ұсынамыз:

Телефонның құлпын ашу үшін саусақ ізін немесе адам келбетін тану функциясын қолданыңыз.
Парольде 5555, 3333 секілді бірыңғай ұқсас сандарды қолданбаңыз
Туған жылыңызды пароль ретінде пайдаланбаңыз.
Парольді телефон қаптамасына немесе қаптаманың астына жасырған қағазға жазбаңыз.

Есіңізде болсын, сенімді пароль = Сіздің деректеріңіз бен ақшаңыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Алаяқтың құрбаны болмас үшін осы хабарламаны ата-анаңызға, жақындарыңыз бен достарыңызға жіберіңіз.

Маңызды жаңалықтың бәрі @egovhelpkz