Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ТЕХПАСПОРТ ПЕН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ҰМЫТТЫҢЫЗ БА? УАЙЫМДАМАҢЫЗ! | eHelpKZ

ТЕХПАСПОРТ ПЕН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ҰМЫТТЫҢЫЗ БА? УАЙЫМДАМАҢЫЗ!

Бүгін Сенат жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруге міндеттемейтін заңды қабылдады.

БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?
Енді жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзіңізбен бірге алып жүрмегеніңіз үшін сізге айыппұл салмайды.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Полиция қызметкері қажетті деректерді сіздің жеке куәлігіңіз арқылы тексереді. Ал көліктің иесі емес жүргізушілерді - сақтандырылған тұлғалар базасы бойынша тексереді.

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ ПА?
Жоқ, құжатты Қазақстанда алғандар үшін ғана. Егер құжатты шетелде алсаңыз, онда үнемі өзіңізбен бірге болуы қажет. Қазақстандық полицейлер шетелдің деректер базасын тексере алмайды.

СОНЫМЕН?
Заң Республика Президентіне жіберіледі. Ол қол қойғаннан кейін құжаттарды үйде қалдырып, алаңсыз жүруге болады

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтардың бәрі осында @egovhelpkz