Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

eHelpKZ

Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ E
Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ
Адрес канала: @egovhelpkz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 2
Описание канала:

Сізге ыңғайлы болу үшін пайдалы ақпараттың бәрі бір жерде
(Жарнама және ынтымақтастық мәселелері бойынша: ehelpkz@gmail.com; @ehelpadmin)

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал egovhelpkz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 5

2021-04-01 14:35:28 Бір аймақ жабылды

ШҚО коронавирусқа байланысты жабылды. Бұл 1-ші сәуірдің әзілі емес, Бас санитардың бұйрығы. Кімдерге облыс аймағына кіріп-шығуға рұқсат етіледі:

халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтердің қызметкерлеріне;

дәрігерлік көмекке мұқтаж адамдарға;

карантиндік стационарларда емделіп, бақылауда болған адамдарға;

транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға;

тұрақты тұратын жеріне оралған адамдарға,

вахталық қызметкерлерді және басқа да санаттарды тасымалдайтын көліктерге және т.б.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
4.9K views11:35
Открыть/Комментировать
2021-04-01 12:24:20
42500. Үкімет тағы төлей ме?

“Толық локдаун жоқ, шектеулер ішінара енгізілді, салық бойынша, басқа да түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Сондықтан 42500 төлемін қайтадан төлеу мәселесі күн тәртібінде жоқ” ,-деп жауап берді Еңбек министрлігі Тенгриньюс тарапынан қойылған сауалға.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
2.7K views09:24
Открыть/Комментировать
2021-03-31 09:33:00
OLX-тегі алаяқтық

Алаяқтар халықты OLX сайты арқылы алдауын доғарар емес. Олар басқа қаладан қоңырау шалып тұрғанын айтып, затыңызды OLX жеткізілімі арқылы жіберуді сұрайды (суретте).

Ешқашан келіспеңіз! Бұл алаяқтық әрекет!

OLX-те жеткізу қызметі жоқ. Ешқашан ешкімге телефоныңызға келген SMS кодты, төлем картаңыздың нөмірін айтпаңыз. Бұл ақпарат алаяқтарға сіздің картаңыздағы ақшаны өзіне аудару үшін қажет.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
2.7K views06:33
Открыть/Комментировать
2021-03-29 17:41:00 Нұр-Сұлтанда Карантин күшейтілді

Ертең, 30 наурыз сағат 00.00-ден бастап, Елордада қатаң карантин шектеулері күшіне енеді:

- Мемлекеттік орган қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді, ХҚКО-лар алдын ала брондау арқылы жұмыс істейді (сағат 9-дан 18.00 - ге дейін).

- кинотеатрлар мен басқа да ойын-сауық орындары жұмыс істемейді.

- үйлену тойлары мен банкет өткізуге тыйым салынады.

- 9,11 (12) сынып оқушыларынан басқалары 4-тоқсанды қашықтан оқиды. Студенттер де онлайн режиміне көшеді.

- Сауда орталықтары, базарлар мен фитнес тек жұмыс күндері ашық болады.

- Монша мен СПА-ға тек жұмыс күндері бара аласыз.

- мейрамханалар мен кафелер демалыс күндері жабық болады, ал жұмыс күндері сағат 22.00 - ге дейін жұмыс істейді.

Демалыс күндері еш жер жұмыс істемейді. Демалыс.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
1.5K views14:41
Открыть/Комментировать
2021-03-28 11:26:17 Алматыда карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы ертең, 29 наурыздан бастап күшіне енеді. Келесідей қосымша шектеулер енгізілді:

 - мектептер, ТжКБ және ЖОО қашықтан оқыту форматына ауыстырылады (ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарында 15 оқушыдан аспайтын кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі)

- діни құлшылықты топтасып атқаруға тыйым салынады (жұма және бес уақыт намаз, жиындар мен жексенбілік құлшылық және т.б.)

- қасиетті Рамазан айында ұжымдасып ауызашар өткізуге тыйым салынады. Бір отбасы мүшелері арасында ауызашар өткізуге рұқсат етіледі.

- жерлеу рәсімін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізуге рұқсат етіледі.

#Алматы

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
3.7K views08:26
Открыть/Комментировать
2021-03-19 10:09:38 Қазақстандық туроператорлар тур-пакеттеріне ПТР-тест енгізуде.

Бұл ПТР-тест бағасы жолдама құнына кіретінін білдіреді. Егер вирус жұқтырмаған болсаңыз, елге кіре аласыз. Ал, егер шетелде вирус жұқтырған болсаңыз, сауығып кетпейінше үйіңізге орала алмайсыз және өз қаражатыңызға емделесіз.

Саяхаттан қайтып оралғандардың бәрі карантинге жатқызылмайды және бюджет есебінен 5* қонақ үйде тұрмайды.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @eGovHelpkz
2.2K views07:09
Открыть/Комментировать
2021-03-18 15:22:12 Маңызды
Көлік құралдары үшін 2020 жылдың салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірде аяқталады - Мемлекеттік кірістер комитеті.
Ең маңызды жаңалық бізде @eGovHelpkz
2.9K views12:22
Открыть/Комментировать
2021-03-18 06:39:05
ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға ұшып келе алмайды.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығы осындай шешім қабылдады және бұл туралы авиакомпанияларды хабардар етті. 20 наурыздан бастап, егер COVID-19 вирусын жұқтырмағаныңыз туралы ПТР анықтамаңыз болмаса, сізді рейске жібермейді.

Саяхаттауға ақша тапқандар енді ПТР-ға қаржы қарастыруы керек. Қазақстанға ПТР-тест тапсырмай ұшып келгендерді мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтатылды.
Саяхаттауды ұнатады екенсің- ПТР тестті өз ақшаңа тапсыруды ұнатуға тура келеді.

Мұны демалыста жүрген достарыңызға жолдаңыз! Әйтпесе уақытында елге кіре алмай, саяхаттары ұзап кетер.

@egovhelpkz
2.4K viewsedited  03:39
Открыть/Комментировать
2021-03-16 06:39:31
COVID-ке қарсы вакцина салдырғыңыз келе ме?

Ол үшін учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, өзіңізді вакцина алушылар тізіміне қосуын сұраңыз.

Егер сіз екпені алғашқы болып алатын адамдардың (дәрігерлер, мұғалімдер, әскери қызметкерлер және т.б.) санатына  жатпасаңыз да, екпені қазір салдыра аласыз. Себебі, жеңілдік берілген санаттағы адамдардың бірі вакцинадан бас тартуы мүмкін. 

Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz
1.8K viewsedited  03:39
Открыть/Комментировать