Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

eHelpKZ

Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ E
Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ
Адрес канала: @egovhelpkz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 2
Описание канала:

Сізге ыңғайлы болу үшін пайдалы ақпараттың бәрі бір жерде
(Жарнама және ынтымақтастық мәселелері бойынша: ehelpkz@gmail.com; @ehelpadmin)

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал egovhelpkz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 6

2021-03-15 18:26:22
Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі

21 наурызда қалада СО, сауда үйлері, қоғамдық көлік, фитнес залдары және т.б. жұмыс істемейді.

Ал 18 наурыздан бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамхана,дәмхана, бар, асхана) жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін қысқарады.
3.7K viewsedited  15:26
Открыть/Комментировать
2021-03-15 09:41:20 Түркия елге кіру ережесін өзгертті

Егер сіз Түркияға баратын болсаңыз, онда бүгіннен бастап, Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің сайтында көрсетілген сауалнаманы толтыруыңыз керек. Сауалнаманы сіз ұшу уақытынан 72 сағаттың ішінде толтырып, оны қағазға басып шығарып, ұшаққа отырғызу кезінде көрсетуіңіз керек.

Сауалнаманы толтыру кезінде өзіңіздің жұмыс істеп тұрған ұялы телефон нөмірін көрсетуіңіз керек және сізге "денсаулық коды" деп аталатын HES-коды беріледі. Бұл вирус жұқтырған адамдарды бақылау үшін Түркияның денсаулық сақтау министрлігі енгізген код. Сіз вирус жұқтырмасаңыз да, бұл код сізде болуы керек, өйткені онсыз шекарадан өте алмайсыз.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
4.2K views06:41
Открыть/Комментировать
2021-03-15 06:06:54
1-ші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Балаңызды 1-ші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды 1 тамызға дейін тапсыра аласыз.

egov.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ата-ана атынан (немесе олардың орнындағы тұлғалардан) өтінім;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-"Баланың денсаулық паспорты" 026/у-3 үлгісіндегі құжат;
- 063/у үлгісіндегі анықтама;
- 3х4 екі фотосурет.

Білім министрлігі берілген өтінім1 жұмыс күні ішінде қаралады, деп уәде беріп отыр.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
1.5K views03:06
Открыть/Комментировать
2021-03-05 08:14:28 Түркістаннан Түркияға ұшуға болады

Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытындағы алғашқы халықаралық рейс 21 наурызға жоспарланған.

Екі қала арасындағы тұрақты әуе қатынасын жұма және жексенбі күндері «Fly Arystan» әуе компаниясы жүзеге асырады.

Билет құны 39 999 теңгеден басталады деп уәде етуде. Болашақта билет құны қымбаттамайды деп үміттенеміз.

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz
1.2K viewsedited  05:14
Открыть/Комментировать
2021-03-04 12:12:32 Сыйлыққа техниканы қайдан сатып алуға болады?

8 наурыз таяп қалды, бұл күндері сүйкімді ханымдарға сыйлық іздеуді бастаймыз. Егер сіз техника сатып алғыңыз келсе, біз техника дүкендері ұсынып отырған жеңілдіктерге талдау жасадық.

Мечта
Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 70% (төртінші тауарға). Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдік бағасы арзан тауарға жасалады. Айтпақшы, смартфон, планшет, принтер және тағы басқа тауарлар акцияға кірмейді (сайттан қараңыз).
Кэшбэк тауар сомасының 20% құрайды. Егер сізде бонустық карта (шот) болса, сізге береді. Оны 60 күннің ішінде пайдаланып үлгеруіңіз керек. Кэшбэк тауарлардың бәріне қолданылмайды. Тізімі міне.

Технодом
Сатып алған екінші тауарға -50% жеңілдік бар. Онда да тұрмысқа қажетті ұсақ техниканы (шаңсорғыш, шаш бұйралағыш, үтік, блендер, кофе қайнатқыш және т.б.) алсаңыз ғана. Жеңілдік чектегі ең арзан тауарға жасалады.
Кэшбэк 20% дейін. Әр тауарға әртүрлі кэшбэк. Сіз оны 30 күннің ішінде қолданып үлгеруіңіз қажет. Тізімі міне

Sulpak
Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 70% (төртінші ), ал бесінші тауарды тегін аласыз. Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдіктер тек "каскадты жеңілдіктер" стикері жапсырылған тауарларға ғана беріледі. Акцияға көп тауар шығарылмаған.
4.4K views09:12
Открыть/Комментировать
2021-03-03 08:07:24 Достар, біз кейінгі кезде Kaspi банктің атынан әрекет ететін алаяқтардың көбейіп кеткені туралы жиі естиміз.

Осы орайда, сіздерге тағы бір рет ескерткенді жөн санадық.
ЕШҚАШАН:
- бейтаныс нөмірден қоңырау шалған адамдарға өзіңізге қатысты деректерді айтпаңыз;
- телефон шалушы "Банктен хабарласып тұрмын, карточкаңыздың құпия сөзін, ПИН-кодын және т.б. өзгертіңіз", - деп өтінген жағдайда, оған сеніп қалмаңыз.

Егер сіз депозиттегі және шоттағы ақшаңыздың сақталуына алаңдасаңыз, онда Kaspi банктің - 9999 ресми нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз.

Бұл жазбаны жақындарыңызға жіберіңіз, ата-анаңызға не істеу керектігін түсіндіріңіз. Олардың алаяқтардың құрбаны болуына жол бермеңіз.

Сізге немесе жақындарыңызға осындай алаяқтар қоңырау шалды ма?

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz
844 viewsedited  05:07
Открыть/Комментировать
2021-02-26 09:38:33 ​​Наурызда қанша күн демаламыз?

Наурыз - демалыс күндері көп айлардың бірі: бізді бұл айда 12 демалыс күні күтуде.

Сонымен, жылдың ең ұзақ демалысы да наурызға түсіп тұр. Қазақстандықтар 20-24 наурыз аралығында қатарынан 5 күн демалады.

Ал, сіздердің Наурыз мейрамына жоспарларыңыз қандай?

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
21.8K viewsedited  06:38
Открыть/Комментировать
2021-02-25 09:15:36 Енді БЖЗҚ-да жиналған қаражатты ем алу үшін жұмсауға болады Рұқсат етілген медициналық қызметтер тізіміне енгендер: - Орфандық (сирек кездесетін генетикалық) ауруларды емдеу. - Емге қажетті дәрі-дәрмек, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындауға арналған диагностикалық…
25.1K viewsedited  06:15
Открыть/Комментировать
2021-02-24 17:36:48 1-5 сынып оқушыларын 1 наурыздан бастап аралас оқытуға рұқсат етілді.

Ал халықаралық мектептер үшін – 1-7 сынып оқушыларын аралас оқытуға рұқсат.

Бұл рұқсат Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарына қатысты емес. Себебі, аталған өңірлердің білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық режим көп рет бұзылған.

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz
28.2K viewsedited  14:36
Открыть/Комментировать
2021-02-24 17:04:10 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдетіледі.
Бірақ бәрі үшін емес. Бұл сіздің тұрып жатқан аймақтың "түсіне" байланысты.

Егер сіздің облысыңыз 7 күн бойы «жасыл» аймақта болса, онда:
- цирктердің
- бильярд клубтарының
- балалар ойын-сауық орталықтарының (толымдылығы 30%) жұмысына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ:
- спорттық іс-шараларды өткізуге (30% дейін)
- жұма намазын оқуға (30% дейін)
- ас беру рәсімін өткізуге(30% дейін,50 адамнан көп емес) рұқсат етіледі.

Егер облыс 7 күн бойы «сары» аймақта тұрса, онда:
- жабық базарлардың (азық түлік және шаруашылық)
- Сауда, ойын-сауық орталықтарының
- Сауда үйлерінің
- Сауда желілерінің жексенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз
Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
27.3K views14:04
Открыть/Комментировать