Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Сыйлыққа техниканы қайдан сатып алуға болады? 8 наурыз таяп | eHelpKZ

Сыйлыққа техниканы қайдан сатып алуға болады?

8 наурыз таяп қалды, бұл күндері сүйкімді ханымдарға сыйлық іздеуді бастаймыз. Егер сіз техника сатып алғыңыз келсе, біз техника дүкендері ұсынып отырған жеңілдіктерге талдау жасадық.

Мечта
Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 70% (төртінші тауарға). Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдік бағасы арзан тауарға жасалады. Айтпақшы, смартфон, планшет, принтер және тағы басқа тауарлар акцияға кірмейді (сайттан қараңыз).
Кэшбэк тауар сомасының 20% құрайды. Егер сізде бонустық карта (шот) болса, сізге береді. Оны 60 күннің ішінде пайдаланып үлгеруіңіз керек. Кэшбэк тауарлардың бәріне қолданылмайды. Тізімі міне.

Технодом
Сатып алған екінші тауарға -50% жеңілдік бар. Онда да тұрмысқа қажетті ұсақ техниканы (шаңсорғыш, шаш бұйралағыш, үтік, блендер, кофе қайнатқыш және т.б.) алсаңыз ғана. Жеңілдік чектегі ең арзан тауарға жасалады.
Кэшбэк 20% дейін. Әр тауарға әртүрлі кэшбэк. Сіз оны 30 күннің ішінде қолданып үлгеруіңіз қажет. Тізімі міне

Sulpak
Каскадты жеңілдіктер 20% (екінші), 50% (үшінші), 70% (төртінші ), ал бесінші тауарды тегін аласыз. Акция 14 наурызға дейін жалғасады. Жеңілдіктер тек "каскадты жеңілдіктер" стикері жапсырылған тауарларға ғана беріледі. Акцияға көп тауар шығарылмаған.