Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Достар, біз кейінгі кезде Kaspi банктің атынан әрекет ететін а | eHelpKZ

Достар, біз кейінгі кезде Kaspi банктің атынан әрекет ететін алаяқтардың көбейіп кеткені туралы жиі естиміз.

Осы орайда, сіздерге тағы бір рет ескерткенді жөн санадық.
ЕШҚАШАН:
- бейтаныс нөмірден қоңырау шалған адамдарға өзіңізге қатысты деректерді айтпаңыз;
- телефон шалушы "Банктен хабарласып тұрмын, карточкаңыздың құпия сөзін, ПИН-кодын және т.б. өзгертіңіз", - деп өтінген жағдайда, оған сеніп қалмаңыз.

Егер сіз депозиттегі және шоттағы ақшаңыздың сақталуына алаңдасаңыз, онда Kaspi банктің - 9999 ресми нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз.

Бұл жазбаны жақындарыңызға жіберіңіз, ата-анаңызға не істеу керектігін түсіндіріңіз. Олардың алаяқтардың құрбаны болуына жол бермеңіз.

Сізге немесе жақындарыңызға осындай алаяқтар қоңырау шалды ма?

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды ақпараттың бәрі бізде @egovhelpkz