Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Түркия елге кіру ережесін өзгертті Егер сіз Түркияға баратын | eHelpKZ

Түркия елге кіру ережесін өзгертті

Егер сіз Түркияға баратын болсаңыз, онда бүгіннен бастап, Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің сайтында көрсетілген сауалнаманы толтыруыңыз керек. Сауалнаманы сіз ұшу уақытынан 72 сағаттың ішінде толтырып, оны қағазға басып шығарып, ұшаққа отырғызу кезінде көрсетуіңіз керек.

Сауалнаманы толтыру кезінде өзіңіздің жұмыс істеп тұрған ұялы телефон нөмірін көрсетуіңіз керек және сізге "денсаулық коды" деп аталатын HES-коды беріледі. Бұл вирус жұқтырған адамдарды бақылау үшін Түркияның денсаулық сақтау министрлігі енгізген код. Сіз вирус жұқтырмасаңыз да, бұл код сізде болуы керек, өйткені онсыз шекарадан өте алмайсыз.

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz