Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

eHelpKZ

Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ E
Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ
Адрес канала: @egovhelpkz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 2
Описание канала:

Сізге ыңғайлы болу үшін пайдалы ақпараттың бәрі бір жерде
(Жарнама және ынтымақтастық мәселелері бойынша: ehelpkz@gmail.com; @ehelpadmin)

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал egovhelpkz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 3

2021-05-22 07:32:32
5.6K views04:32
Открыть/Комментировать
2021-05-22 07:30:16 Сіздің “Ashyq” жүйесіндегі х0мәртебеңізді көрсететін бейтарап QR-ды ұсынамыз.

Егер фитнес-орталыққа, әуежай, кафе және т.б. орындарға сізді кіргізетініне сенімсіз болған жағдайда, осы QR-ды пайдалана аласыз.

Айтпақшы, 21 мамырдан бастап Алматы әуежайының терминалына “Ashyq” жүйесі арқылы кіргізеді. Сондай-ақ жақын күндері вокзалдарға да кіру үшін аталған жүйеде тексеруден өтуіңіз керек болады.

Жүйедегі түстер нені білдіреді:

- кіруге рұқсат жоқ;

- қолданушы ПТР деректер базасында вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретретінде көрсетілгендіктен кейбір орындарға кіруге рұқсат жоқ;

- ПТР анықтамасын көрсету міндетті болып табылатын орындарға ғана кіре алмайсыз, басқа жерлерге кіруге рұқсат;

- ешқандай шектеулер жоқ. Жақын уақытта вакцинаның екі құрамын толық алған қазақстандықтың бәрі осы “жасыл мәртебеге" ие болады.

Егер азаматтың смартфоны болмаса, мекеме қызметкері оның қандай “түске” жататынын ЖСН-ы арқылы тексере алады.

Пайдалы ақпараттың бәрі бізде@eGovHelpkz
34 views04:30
Открыть/Комментировать
2021-05-07 10:37:03 Нұр-Сұлтан әуежайына 10-мамырдан бастап Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіре аласыз

Әуежайға шығарып салушы ретінде кіретін болсаңыз да штрих-кодты сканерлеуіңіз керек. Сканерлеу кезінде вирус жұқтырмағаныңыз туралы ПТР анықтама бар екенін білдіретін “жасыл” және “көк” түс пайда болса әуежайға кіре аласыз. Ал, егер “қызыл” (жұқтырған) немесе “сары” түс (байланыс) пайда болса ғимаратқа кіре алмайсыз.

Ең бастысы, қосымша дұрыс жұмыс істесе болғаны.

@eGovHelpkz
1.5K views07:37
Открыть/Комментировать
2021-05-05 06:53:03 Биылғы оқу жылы қашан аяқталады?

Мектептердің бәрінде оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Бірақ 19 маусымға дейін жазғы мектептер ұйымдастырылады. Жазғы мектепте оқу ерікті түрде болады.

Мұғалімдердің еңбек демалысының ұзақтығы да өзгеріссіз қалады. Әдеттегідей 56 күн демалады.

Пайдалы ақпараттың бәрі бізде @eGovHelpkz
4.9K viewsedited  03:53
Открыть/Комментировать
2021-04-28 12:53:18
Мереке күндері Қытайға автокөлікпен бара алмайсыз

Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері мереке күндері жұмыс істемейді. Екі ел үкіметі осындай келісімге келді. Сондықтан «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жабық болады.

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz
Оқыңыз! Жазылыңыз! Бөлісіңіз!
1.6K views09:53
Открыть/Комментировать
2021-04-28 10:23:30
«Алматы – Достық» бағытында жаңа жолаушылар пойызы іске қосылмақ

Отандық туризмді дамытуға үлес қосып, жазғы демалысты Алакөлде өткізуді жоспарласаңыз, келесі ақпарат сіз үшін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытындағы теміржол бағыттарының (жазғы маусымда) тізімін бекітті:

1. 2021 жылғы 17 маусымнан «Алматы – Достық» бағытында жаңа жолаушылар пойызы (10 вагон) аптасына 3 рет қатынауды бастайды;
2. № 453/454 «Алматы-2 – Достық» (жаз маусымында аптасына 3 рет);
3. «Қызылорда-Семей» бағытындағы №21/22 пойыздың құрамында «Алматы – Достық» бағыты бойынша қосымша 8 вагон тіркеледі;
4. № 258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 2 рет;
5. № 54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 2 рет;
6. №121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» бағытындағы пойызға жаз маусымында күн сайын қосымша 6 вагон тіркеледі.

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz
3.8K views07:23
Открыть/Комментировать
2021-04-23 14:47:20
​​"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 4 мамырда басталады

Құжаттар 2021 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады. Стипендия тағайындау биыл үш кезеңде жүреді: маусым, тамыз және қараша айларында.

Магистратура мен докторантураға түсушілер "Болашақ" бағдарламасының тізімінде көрсетілген шетелдік жоғары оқу орындарының біріне өз бетінше түсуі тиіс. Осыдан кейін ғана халықаралық стипендияға құжат тапсыра алады.

Айтпақшы, биыл қабылдау процестері толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ биолог, биотехнолог, вакцинология саласындағы мамандарға басымдық беріледі.

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz

#Оқыңыз! #Жазылыңыз! #Бөлісіңіз!
1.7K viewsedited  11:47
Открыть/Комментировать
2021-04-23 10:48:27
Қазақстандықтар Ресейге басқа елдер арқылы ұшып бара алады

Бұрын Қазақстаннан РФ-ға тек тікелей рейстермен ұшып бару мүмкін еді. Нақтырақ айтсақ, егер сіз Түркияда болсаңыз, ол жақтан Мәскеуге немесе Татарстанға ұшып бара алмайтынсыз. Енді қазақстандықтар үшін мұндай шектеулер жоқ.

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz

#Оқыңыз! #Жазылыңыз! #Бөлісіңіз!
3.4K viewsedited  07:48
Открыть/Комментировать
2021-04-23 10:07:21
Үкімет мобильді аударымдарды бақылауға алуды көздеуде

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын бақылауға алмақшы. Саудагерлердің "kaspi-ге аудара аласыз ба?"-деген төлем әдісі кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына мүмкіндік беруде.

Қазір тиісті Заңдарға енгізілетін өзгерістер талқылануда. Сірә, кәсіпкерлерді мұндай аударымдар үшін жеке шот ашуға міндеттуі және ол аударымдар басқаша аталуы мүмкін. Сатып алушы үшін ештеңе өзгермейді және бұрынғыдай "перевод" арқылы төлей алады.

@egovhelpkz
2.6K viewsedited  07:07
Открыть/Комментировать
2021-04-22 06:56:22
Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер қандай?

Көшеде велосипед, самокат мінгендердің көбейгенін көріп жүрміз. Осы орайда өздеріңізге электросамокат қолданушылар ескеруі тиіс ЖҚЕ туралы жазуды шештік.

Электросамокат жол қозғалысы ережесінде мопедке теңестіріледі. Оларға велосипедке арналған жолмен немесе жолдың велосипедке арналған жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Егер осындай арнайы белгіленген жолдар болмаса, онда жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегінде, тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында (жаяу жүргіншілердің жүруіне қауіп төндірмесе ғана) жүруге рұқсат етіледі.

Самокат мінгендерге тыйым салынады:
- жаяу жүргіншілер өткелінде жүруге;
- рульді ұстамай жүргізуге;
- жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
- жақын маңда велосипед жолы бола тұра, басқа жолмен жүруге;
- жол үстінде солға немесе кері бұрылуға;

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz

#Оқыңыз! #Жазылыңыз! #Бөлісіңіз!
3.5K viewsedited  03:56
Открыть/Комментировать