Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

eHelpKZ

Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ E
Логотип телеграм канала @egovhelpkz — eHelpKZ
Адрес канала: @egovhelpkz
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 2
Описание канала:

Сізге ыңғайлы болу үшін пайдалы ақпараттың бәрі бір жерде
(Жарнама және ынтымақтастық мәселелері бойынша: ehelpkz@gmail.com; @ehelpadmin)

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал egovhelpkz и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 7

2021-02-24 05:55:00 ​​Google Translate (Аудармашы) қазақ тілін аудионұсқадан аудара алады

Қазақ тіліндегі дыбысталған мәтінді аудару мүмкіндігі Google Translate-тің жаңартылған сервисінде қолжетімді.

Сервисті пайдаланған кезде, бұл жасанды интеллект көмегімен аударылған сөзбе-сөз аударма екенін ұмытпауыңызды сұраймыз, сондықтан аударма сапасына 100% сенімді болмаған абзал

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтардың бәрі біздің @egovhelpkz арнасында
29.0K viewsedited  02:55
Открыть/Комментировать
2021-02-19 15:58:38 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ЕМДЕЛУ ҮШІН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ? Зейнетақы жинағын баспана мәселесін шешу үшін пайдалану жолдарын біраз түсінген болсақ, емделуге жұмсау жолдары әлі де түсініксіздеу. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған механизмді нақтылауға…
47.4K views12:58
Открыть/Комментировать
2021-02-19 11:07:14
Kaspi аударымдарына салық салу жоспарлануда

Вице-премьер Әлихан Смайылов бүгін осындай тапсырма берді. Бұның жақын арада жүзеге асуы мүмкін. Өйткені, мобильді қосымшадан ақша аудару мәселесі көптен бері талқылануда. Қазақстандықтардың көбі қазір қағаз ақша ұстамайды, карантин кезінде онлайн төлеу, аударма жасау үйреншікті іске айналды. Бұл, бір жағынан қаржы ағынының ашықтығын көрсетсе, екінші жағынан бюджетке қомақты шығын әкелуде. Онсыз да бюджет қазынасы коронадағдарыстан айтарлықтай зардап шекті.
41.5K views08:07
Открыть/Комментировать
2021-02-18 09:40:11 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ЕМДЕЛУ ҮШІН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Зейнетақы жинағын баспана мәселесін шешу үшін пайдалану жолдарын біраз түсінген болсақ, емделуге жұмсау жолдары әлі де түсініксіздеу. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған механизмді нақтылауға тырыстық.

Сіз БЖЗҚ шотынан қанша ақша алуға болатынын білуіңіз керек.

Бұдан кейін өзіңіздің емханаңызға барып, зейнетақы есебінен емделуге рұқсат беретін қорытынды алу керек. Мұндай қорытынды Дәрігерлік комиссияның шешім қабылдауына байланысты 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Қорытындыны алған соң, бірден ем жүргізетін медициналық ұйымды таңдайсыз, шетелдік ұйым болуы да мүмкін (стоматологиялық қызметтер тек Қазақстанда көрсетіледі). Таңдаған медициналық ұйыммен дәрігерлік қызмет көрсету туралы шарт жасаңыз.

Отбасы банкінің сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп, тиісті құжаттардың, яғни шарт пен дәрігер қорытындысының сканерленген нұсқасын жүктеңіз.

Егер құжаттар түгел және бәрі дұрыс болса, онда құжаттар тексеруден өткен соң, зейнетақы жинағыңыз 5 жұмыс күні ішінде аударылады.

Әрине, сұрақ әлі көп. Денсаулық сақтау министрлігі мен Отбасы банкі жақын арада нақты әрі толық түсіндіріп береді деп үміттенеміз.

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz
38.1K viewsedited  06:40
Открыть/Комментировать
2021-02-18 07:05:24 Енді БЖЗҚ-да жиналған қаражатты ем алу үшін жұмсауға болады

Рұқсат етілген медициналық қызметтер тізіміне енгендер:

- Орфандық (сирек кездесетін генетикалық) ауруларды емдеу. - Емге қажетті дәрі-дәрмек, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындауға арналған диагностикалық зерттеулер;

- Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тіс протездеу, имплантация);

-Операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейінгі түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық операциялар);

- Радионуклид, протон және радиойодтерапия;

- Радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ)

- Офтальмологиялық қызметтер (мүйізді коллагеннің кросслингі, лазерлік түзету).

Естеріңізде болса, ЭКҰ процедурасын қосуға уәде еткен еді, бірақ тізімде жоқ.

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
36.0K viewsedited  04:05
Открыть/Комментировать
2021-02-12 05:55:00 БИЫЛ КҮЗДЕ ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Биылғы халық санағы екі түрлі тәсілмен өткізілмек:

ОНЛАЙН: 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайтында ұсынылған санақ парағын әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің атынан толтыра алады.

ҮЙ-ҮЙДІ АРАЛАУ: 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін Онлайн-режимде санақтан өтпегендердің үйіне санақшылар өздері келеді. Олардың қолында арнайы қосымша орнатылған планшет болады. Айтпақшы, бұл планшеттер санақ аяқталған соң мектептерге берілмек.

Сізге санақ жүргізудің қай тәсілі ұнайды?

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
32.9K views02:55
Открыть/Комментировать
2021-02-11 10:30:28 Егер сізге жүргізуші куәлігінсіз және техпаспортсыз көлік жүргізгеніңіз үшін айыппұл салса, оны төлеуге асықпаңыз

Мұндай айыппұлды жою мүмкін, яғни төлемеуге де болады.

“Хаттаманың" күшін жою үшін полицияға өтініш жазу керек.

Бұл 13 ақпаннан бастап жүргізушілерге куәлік мен техпаспортты өзімен бірге алып жүру міндетті еместігімен байланысты.

#оқыңыз #сақтаңыз # бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
32.0K viewsedited  07:30
Открыть/Комментировать
2021-02-10 17:27:47 ЕЛОРДАДА АВТОБУС ЖОЛАҒЫМЕН ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛДІ. Тек Қабанбай батыр даңғылында.

Жүргізушілер қазірдің өзінде “Сергектің” айыппұлынан қорықпай, даңғылдың бос жолағымен екі бағытта жүре алады.

Дегенмен өзге ережелерді естен шығармаған жөн. Ал жолақтағы белгі көктемге дейін тұрады.

Бұл шешімді дұрыс деп ойлайсыз ба?

#сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтың бәрі бізде @egovhelpkz
32.4K viewsedited  14:27
Открыть/Комментировать