Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ЕМДЕЛУ ҮШІН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ? Зейнетақы | eHelpKZ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН ЕМДЕЛУ ҮШІН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Зейнетақы жинағын баспана мәселесін шешу үшін пайдалану жолдарын біраз түсінген болсақ, емделуге жұмсау жолдары әлі де түсініксіздеу. Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған механизмді нақтылауға тырыстық.

Сіз БЖЗҚ шотынан қанша ақша алуға болатынын білуіңіз керек.

Бұдан кейін өзіңіздің емханаңызға барып, зейнетақы есебінен емделуге рұқсат беретін қорытынды алу керек. Мұндай қорытынды Дәрігерлік комиссияның шешім қабылдауына байланысты 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Қорытындыны алған соң, бірден ем жүргізетін медициналық ұйымды таңдайсыз, шетелдік ұйым болуы да мүмкін (стоматологиялық қызметтер тек Қазақстанда көрсетіледі). Таңдаған медициналық ұйыммен дәрігерлік қызмет көрсету туралы шарт жасаңыз.

Отбасы банкінің сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріп, тиісті құжаттардың, яғни шарт пен дәрігер қорытындысының сканерленген нұсқасын жүктеңіз.

Егер құжаттар түгел және бәрі дұрыс болса, онда құжаттар тексеруден өткен соң, зейнетақы жинағыңыз 5 жұмыс күні ішінде аударылады.

Әрине, сұрақ әлі көп. Денсаулық сақтау министрлігі мен Отбасы банкі жақын арада нақты әрі толық түсіндіріп береді деп үміттенеміз.

#оқыңыз #сақтаңыз #бөлісіңіз

Маңызды жаңалықтардың бәрі бізде @egovhelpkz