Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Kaspi аударымдарына салық салу жоспарлануда Вице-премьер Әлих | eHelpKZ

Kaspi аударымдарына салық салу жоспарлануда

Вице-премьер Әлихан Смайылов бүгін осындай тапсырма берді. Бұның жақын арада жүзеге асуы мүмкін. Өйткені, мобильді қосымшадан ақша аудару мәселесі көптен бері талқылануда. Қазақстандықтардың көбі қазір қағаз ақша ұстамайды, карантин кезінде онлайн төлеу, аударма жасау үйреншікті іске айналды. Бұл, бір жағынан қаржы ағынының ашықтығын көрсетсе, екінші жағынан бюджетке қомақты шығын әкелуде. Онсыз да бюджет қазынасы коронадағдарыстан айтарлықтай зардап шекті.