Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер қандай? Көшеде | eHelpKZ

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер қандай?

Көшеде велосипед, самокат мінгендердің көбейгенін көріп жүрміз. Осы орайда өздеріңізге электросамокат қолданушылар ескеруі тиіс ЖҚЕ туралы жазуды шештік.

Электросамокат жол қозғалысы ережесінде мопедке теңестіріледі. Оларға велосипедке арналған жолмен немесе жолдың велосипедке арналған жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Егер осындай арнайы белгіленген жолдар болмаса, онда жолдың жүру бөлігінің оң жақ жиегінде, тротуарда немесе жаяу жүргіншілер жолында (жаяу жүргіншілердің жүруіне қауіп төндірмесе ғана) жүруге рұқсат етіледі.

Самокат мінгендерге тыйым салынады:
- жаяу жүргіншілер өткелінде жүруге;
- рульді ұстамай жүргізуге;
- жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
- жақын маңда велосипед жолы бола тұра, басқа жолмен жүруге;
- жол үстінде солға немесе кері бұрылуға;

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz

#Оқыңыз! #Жазылыңыз! #Бөлісіңіз!