Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

«Алматы – Достық» бағытында жаңа жолаушылар пойызы іске қосылм | eHelpKZ

«Алматы – Достық» бағытында жаңа жолаушылар пойызы іске қосылмақ

Отандық туризмді дамытуға үлес қосып, жазғы демалысты Алакөлде өткізуді жоспарласаңыз, келесі ақпарат сіз үшін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытындағы теміржол бағыттарының (жазғы маусымда) тізімін бекітті:

1. 2021 жылғы 17 маусымнан «Алматы – Достық» бағытында жаңа жолаушылар пойызы (10 вагон) аптасына 3 рет қатынауды бастайды;
2. № 453/454 «Алматы-2 – Достық» (жаз маусымында аптасына 3 рет);
3. «Қызылорда-Семей» бағытындағы №21/22 пойыздың құрамында «Алматы – Достық» бағыты бойынша қосымша 8 вагон тіркеледі;
4. № 258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 2 рет;
5. № 54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына 2 рет;
6. №121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» бағытындағы пойызға жаз маусымында күн сайын қосымша 6 вагон тіркеледі.

Маңызды жаңалықтың бәрі біздің арнамызда @eGovHelpkz