Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ХҚКО-ларда қайтадан алдын ала брондау енгізілді Есіңізде болс | eHelpKZ

ХҚКО-ларда қайтадан алдын ала брондау енгізілді

Есіңізде болса, қараша айында Цифрлық даму министрі брондаудың «қажетсіз нәрсе» екенін айтып, алып тастаған еді. Алдын ала брондауды түрлі жастағы адамдар пайдалана алатын кезде ғана енгізетінін жазғанды. Сонымен, уақыты келді.

Алдын ала брондаусыз қабылдамайтын ХҚКО-лар:
Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Өскемен және Семей қалаларындағы және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарының.

ХҚКО-ға кезекті брондаудың ең оңай жолы қандай?
Телеграм-боты арқылы:
- @Kenes1414Bot ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
- елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
- қызмет түрін таңдаңыз
- баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз
Брондау сәтті өтсе, телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!

Ескерту: ХҚКО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.

Маңызды жаңалықтардың бәрі біздің арнада @egovhelpkz