Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

'ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН' ТҰРҒЫН ҮЙ ҮШІН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ? | eHelpKZ

"ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН" ТҰРҒЫН ҮЙ ҮШІН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
КӨПТЕН КҮТКЕН ЕРЕЖЕ ЖАРИЯЛАНДЫ!


Осы бойы зейнетақы жинағын ішінара алу ережесі жарияланды.

Маңызды! Меншігіңізде баспанаңыз болғанына қарамастан зейнетақы жинағындағы қаржыны бірнеше рет пайдалануға болады.

ҚАЙДА, ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
- Үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша төлеуге;
- Тұрғын үй салуға, сондай-ақ жер учаскесін сатып алуға;
- Меншігіңізде баспана болса да, ипотека алу үшін "бастапқы" жарна ретінде пайдалануға;
- Бұрыннан бар ипотеканы өтеуге, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шартын жабуға,
- Ислам банкі қаржыландыратын тұрғын үйді сатып алуға;
- Баспанаңызды жөндеуге, егер ол бір банктің қарыз шарты бойынша жүргізілген болса.

"ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН" ҚАЙДА, НЕГЕ ЖҰМСАУҒА БОЛМАЙДЫ?
- Ақшаны алушының (яғни Сіздің) жұбайыңыздан немесе жақын туыстарыңыздан тұрғын үй сатып алуға;
- Зейнетақы ақшасына алынған жылжымайтын мүлікті 5 жылға дейін сатуға болмайды.

Әрине, Ережеде көп сұраққа жауап берілмеген. Біз алдағы уақытта сарапшылардың пікірін біліп, оны арнамызда жариялаймыз. Төмендегі сілтемеге өтіп, Ережемен толық таныса аласыз.

P.S. Егер сілтемеге өту кезінде бет жойылған болса, осы бетті қайта жаңартыңыз.

#сақтаңыз #бөлісіңіз #жазылыңыз
Маңызды жаңалықтардың бәрін бізден біліңіз @egovhelрkz