Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек К
Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Адрес канала: @kalkastop
Категории: Лингвистика
Язык: Русский
Количество подписчиков: 11.68K
Описание канала:

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал kalkastop и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 5

2022-06-14 10:11:04 көзімді шамалы іліп алайын

"көзі іліну" деген тұрақты тіркес бар, екеуі бірге бір сұраққа жауап береді, ұйқыға кету деген сөз. Оның өзі бұл формасынде емес, "көзі ілінгенше, көзім ілініп барады екен, көзі ілінбей қойды" деген тіркестер құрамында кездеседі. Осы екі сөздің арасында қандай бір сөз түссе - болды, көзді шынымен бір ілмекпен іліп жатқанды білдіретін нәрсе шығады.
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 07:11
Открыть/Комментировать
2022-06-14 05:25:39 бұлшық етті атрофия

мышечная атрофия

бұлшықет атрофиясы
2.3K viewsNazgul Kozhabek, 02:25
Открыть/Комментировать
2022-06-13 20:00:19 ықылық кезінде / жөтел кезінде / түшкіру кезінде

при икоте / кашле / чихании

ықылық тигенде / жөтел тигенде / жөтелгенде / түшкіргенде
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 17:00
Открыть/Комментировать
2022-06-13 15:04:22 найзағаймен өткінші жауын жауады

проливной дождь с грозой

күн күркіреп, өткінші жауын жауады
2.5K viewsNazgul Kozhabek, 12:04
Открыть/Комментировать
2022-06-13 15:02:40 картаның кері беті

обратная сторона карты

орысша дұрыс білмейтін аудармашының тірлігі, “обратная связь” дегеннің “кері байланыс” деген аудармасына сүйеніп істеген
2.4K viewsNazgul Kozhabek, 12:02
Открыть/Комментировать
2022-06-11 14:30:20 қол жеткізілген нәтижелер

достигнутые результаты

жай ғана "қол жеткен нәтижелер"
1.1K viewsNazgul Kozhabek, 11:30
Открыть/Комментировать
2022-06-10 20:39:03 Қарау мен көрудің айырмасы не?

Адам бірнәрсені көрсе, демек оған қарады деген сөз, яғни қарамаса көрмес еді.

Екеуі бөлек процесс.

Сен айтқан жаққа қарап тұрмын, тек сен айтқан нәрсені көріп тұрғам жоқ.

Бүкіл үйді қарап шықтым, тек телефонымды көрген жоқпын.

Бетіңе қанша қарасам да мең көрмеппін.

Ақшаның бетіне қарамай жұмсай алу үшін үй бетін көрмей жұмыс істеу керек.

Түріне қарасаң, тәп-тәуір адам, қылығын көрсең безіп кетесің.

Қараңғыға жақсырақ телміріп қарасаң, қара мысықты да көріп қаларсың.
1.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  17:39
Открыть/Комментировать
2022-06-10 14:49:09 Грамматикалық фактчекинг

жақында Мұрат Әбділданы ұзақ мерзімге соттады

Мурата приговорили…

Орыс тіліндегі ана формадағы баяндауышта бастауыш жасырынып тұрады. Қазақ тілінде олай емес. Мұрат соттады, Әбділданы Мұрат соттады болып кетеді.

Лингвистикалық экспертизадан мұндай сөйлем өтпеуі керек
1.6K viewsNazgul Kozhabek, 11:49
Открыть/Комментировать
2022-06-10 11:14:04
Грамматикалық фактчекинг

Орысшада баяндауышы көпше түр, өткен шақтағы етістіктен жасалған сөйлемді аудару - қазіргі медианың бас ауруы. Мына сөйлемнің бастауышы Тоқаев та, референдум да, Азаттық та болуы мүмкін. Әрқайсы сөйлемге түрлі мағына береді, қалауыңша тәпсірлей бер.
1.9K viewsNazgul Kozhabek, 08:14
Открыть/Комментировать
2022-06-10 06:41:58 кенелік энцефалит

клещевой энцефалит

"Кенеден жұғатын энцефалит" еді анығында
1.7K viewsNazgul Kozhabek, 03:41
Открыть/Комментировать