Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек К
Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Адрес канала: @kalkastop
Категории: Лингвистика
Язык: Русский
Количество подписчиков: 11.68K
Описание канала:

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал kalkastop и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 3

2022-08-09 06:30:59 қолсұғылмаушылық

неприкосновенность

қазақ терминжасам тарихында дәл осындай сорлы, бишара, орынсыз термин көргем жоқ
3.2K viewsNazgul Kozhabek, 03:30
Открыть/Комментировать
2022-08-04 14:11:38 Неге “процесс” “үдеріс” те, “үрдіс” те емес, процесс болуы керек

Көбіміз “Үрдіс”, яғни әдет-ғұрып, салт дәстүрді білдіретін сөзді тенденция орнына қолданып жүрміз.
Тенденцияны - көп жерде үрдіс емес, әлдененің үрдіс алуы, үрдіске айналуы /айнала бастауы деп аударған жөн.
Әңгіме “үдеріс” жайлы болса, кей контексте “процесс” сөзіне балама бола алады. Тек ол мағынада қолдануға болатын аясы өте тар, мысалы, әлден жүріп жатқан нәрсеге қолдануға болады. “Тарихи үдеріс” мысалы, тарихи процеске емін-еркін балама бола алады.
Ал “разработка процесса” деген сияқты сөйлемде қолдану - орынсыз тірлік.
Себебі, әлі жоқ нәрсені, дайындауға, бастауға болатын нәрсені үдеріс деуге болмайды. “Технологический процесс”- дегенді “технологиялық үдеріс” деу де тақырыптан хабарсыздыққа мезгейді. Сложные процессы - дегенді “Күрделі үдерістер” деу де қисынсыз. “Күрделі амалдар” (әлдебір мақсаты бар дүние болса), егер мақсатсыз болса — құбылыстар, өзгерістер. Ал кейде “кезең” деп аударуға болады. Мысалы:
“После этого, субстанция должна пройти через сложный процесс осушки”
- Содан кейін, шикізат күрделі кептіру кезеңінен өтуі тиіс”.
Сот процесін “үдеріс” деуге болмайды, ұлтшылдықтан көтің қақ айрылса да, “процесс” боп қалады, әйтпесе, мағынаға қиянат қыласың.
Егер “в процессе чего-либо” деген тіркес келсе, яғни процестің өз алдына салмағы жоқ, әлдебір амал-құбылыстың жүзеге асу кезін білдірсе, онда “Пәленше барысында” деуге әбден болады.
Тенденцияны үрдіс алу, “үдеріс” деуге болады. Бірақ, кей контексте беталыс, бетбұрыс деген сөздер мағынаны дәлірек ашады.
Бұл нені білдіреді?
Процесс сөзінің қазақшаға аударылмайтынын ба? - Жоқ, әрине. Әрі мен сізге аударылатынын дәлелдедім.
Енді неге процесс қалуы керек?
Процесс сөзінің мағыналары көп, сондықтан бір де бір сөз оның орнына жалғыз өзі қонжия алмайды, бұл бір.
Оны әр контексте әрқалай аудару үшін қазақшаң өте мықты болуы аз, айтылған сөз төркіні мен контекстін беске білуің керек.
Ондай қабілетті кітап оқымайтын жалпақ жұрт тұрмақ, жас филолог маманнан талап ету - жұртты қазақ тілінен бездірумен бірдей. Себебі, әр сөздің салыстырмалы диагностикасын жасау терең зерттеуді, немесе қыруар тәжірибені талап етеді. Оған қазақтың бәрінде уақыт жоқ.
Сондықтан, қайсысы қолданылатынын білмесек, контекстін ажырата алмасақ немесе ол белгісіз болса, “тенденция”, “процесс” сөзін сол күйі қалдырған жөн.

#контекст #collocation #process #процесс #аударма #процесс
4.7K viewsNazgul Kozhabek, 11:11
Открыть/Комментировать
2022-06-21 10:36:28 Сіз "кешірім сұраймын" дегенде 1) "прошу прощения" деп орысша сөйлеп тұрсыз, 2) не үнемі кешірім сұрай беретініңізді не кейін әйтеуір бір кешірім сұрайтыныңызды айтып тұрсыз

Екінші жағдай былай: қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақтың формасы бірдей: сұраймын, сұрайсың, сұрайды. Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекет дағдылы қалыпта болатынын білдіреді, ал келер шақтан тек сөйлемдегі мағынасына қарай ажыратылады.

"кешірім сұраймын" деген тіркес осы шақта болуы қисынсыз, демек келер шақта тұр. Ал сіз адамнан кейін емес, дәл қазір кешірім сұрап тұрсыз ғой. Оның үстіне, психологиялық тұрғыдан, әрекет еркіндігін өзіңіз алдында айыпты болып қалған адамға беріңіз. Сондықтан

"кешіріңіз, ғафу етіңіз" деген дұрысырақ.

Тіпті болмағанда "ғафу өтінем" десеңіз, "өтіну" мен "сұрау" етістіктерінің осы шақтағы мәндерінде мезгіл жағынан айырмашылық бар, сондықтан бұл да дұрыс болады.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 07:36
Открыть/Комментировать
2022-06-21 10:28:12 шағымдану

негізі әрекет “шағыну” болатын, содан “шағым” деген сөз шыққан
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 07:28
Открыть/Комментировать
2022-06-20 20:44:07 отбасыЛЫҚ зорлық-зомбылық

семейно-бытовое насилие

осының орнына “школьное” не “домашнее” дегенді қойып айтып көріңізші, мектептік/үйлік демейсіз, мектептегі/үйдегі дейсіз

семейное дегеніңнің өзі - насилие в семье

орысшадан аудармай, қазақша ойласаңыз, “отбасындағы, үй ішіндегі зорлық-зомбылық” болады
1.7K viewsNazgul Kozhabek, 17:44
Открыть/Комментировать
2022-06-20 13:12:28 Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек pinned «TezTap деген не? Әзірге астаналықтар мен петропавлдықтар ойнап жүрген интеллектуалдық ойын. Бастысы - қазақша. Толығырақ: https://www.facebook.com/teztap.kz Енді сол ойынды Алматыға әкеліп, алматылық интеллектуалдардың басын қосып, әдемі кештер ұйымдастыруға…»
10:12
Открыть/Комментировать
2022-06-20 13:12:00 TezTap деген не? Әзірге астаналықтар мен петропавлдықтар ойнап жүрген интеллектуалдық ойын. Бастысы - қазақша. Толығырақ: https://www.facebook.com/teztap.kz

Енді сол ойынды Алматыға әкеліп, алматылық интеллектуалдардың басын қосып, әдемі кештер ұйымдастыруға бел будық.

Бұл ойынды ойыншылар жасайды. Команда көп болса және әр командада ойыншы көп болса - ойын тартысты өтеді.

Командам жоқ деп тартыншақтанбаңыз) Кейде жеке-жеке келгендер құралған командалар кейін ең мықты, жеңіс тұғырынан түспейтін командаға айналып кетіп жататыны бар.

Әр жексенбі керемет атмосфера бізден, тартысты ойын мен тамаша көңіл-күй сіздерден болсын, алматылық интеллектуалдар. Келіңіздер, "интеллигентно қуайық")))

Тіркелуге сілтеме: https://taplink.by/teztap.almaty

Қашан?
26 маусым
16:45 – топтар жиналады
17:00 – ойын басталады
Қайда?
Абай даңғылы, 30
“Рио” кафе-бар

Қаншадан?
Адам басына 2500тг

Бәріңізді асыға күтеміз

Кез келген сұрақ бойынша 8775 820 42 45 номеріне хабарлассаңыз болады.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, edited  10:12
Открыть/Комментировать
2022-06-20 12:34:15
Алматыға TezTap келді

Тіркелуге сілтеме: https://taplink.by/teztap.almaty
1.7K viewsNazgul Kozhabek, edited  09:34
Открыть/Комментировать
2022-06-20 06:09:44 алаңдаушылық

зат есім + етістік тудыратын жұрнақ + етістіктен зат есім (сол әрекетті жасайтын адам) тудыратын жұрнақ + зат есімнен тағы зат есім тудыратын жұрнақ

қазақ тілінде "алаң" деген сөз бар. Осы күрделі конструкцияның түбірі де сол: алаң + -да(у) - алаңдау. "Көңілімде алаң бар / көңіліме алаң кірді", "Ойындағы алаңын айтты" деуші еді қазақ, қазір "көңілінде алаңдаушылық бар" деп күрделендіріп алдық. әлде "площадь" дегендегі алаңмен шатастыра берді ме екен...
891 viewsNazgul Kozhabek, edited  03:09
Открыть/Комментировать
2022-06-19 17:06:32
Медицина қызметкерлері күні. Ілік септік жалғауының керегі жоқ.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 14:06
Открыть/Комментировать