Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек К
Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Адрес канала: @kalkastop
Категории: Лингвистика
Язык: Русский
Количество подписчиков: 11.68K
Описание канала:

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал kalkastop и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 6

2022-06-10 05:09:31 Кейінгі трендке орай “хиджабтағы, орамалдағы” деген қате қайтадан жылтыңдап көрініп жатыр.

в хиджабе, в платке

орысша “в доме” деген мен “в хиджабе” деген бір форма болса да, қазақша олай емес.

хиджаб киген / хиджабты, орамал таққан / орамалды

Орамал киілмейді, тағылады, салынады, байланады
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 02:09
Открыть/Комментировать
2022-06-09 21:37:55 дағдарысты коммуникациялар

кризисные коммуникации

Коммуникациялар дағдарып тұрғандай…

Коммуникациялардың еш жерінде дағдарыс жоқ, бұл жерде дағдарыс кезіндегі коммуникация сөз болып тұр.

-ты-дыланған тілден мағына іздемеңіздер.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, edited  18:37
Открыть/Комментировать
2022-06-09 16:23:56 вирусты бөлшектер

вирусные частицы

-ты -ті -ды -ді -лы -лі жұрнағын қолдануға ресми тыйым салынбаса, осы кеткені - кеткен.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 13:23
Открыть/Комментировать
2022-06-09 16:21:58 сілтілі-қышқылды баланс

кислотно-щелочной баланс

"Сілті-қышқыл балансы"
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 13:21
Открыть/Комментировать
2022-06-09 13:27:19 алаяқтықты иемдену

мошенническое присвоение

Бұл өмірде бәрін көрдім деп жүргем
1.9K viewsNazgul Kozhabek, 10:27
Открыть/Комментировать
2022-06-09 06:43:10 Таусылу мен сарқылу бір ме?

Жоқ. Ыдыстың ішіндегі нәрсе таусылғанда, ыдыс сарқылып қалады.

Шай таусылады, самауырын сарқылады.

Кен таусылады, кен орны сарқылады.

Адамның қуаты таусылады, адам сарқылады.
795 viewsNazgul Kozhabek, 03:43
Открыть/Комментировать
2022-06-06 17:35:51 арендалық субсидия

“арендная субсидия” ма деп іздесем, тіпті ондай жоқ

“субсидирование аренды / арендованного жилья” деген бар

қазақшасы - тұрғын үй жалдауға субсидия беру / берілетін субсидия

Шындағанда, жылжымайтын мүлікке қатысты “жалдау/жалдамалы” деген де қате, бұл адамға қатысты айтылады: кісі жалдау, жалданып жұмыс істеу. Ал мүлік “жалға алынады”, не кей өңірде айтылатындай - “майланады”.

Сонда “тұрғын үйді жалға алуға берілетін субсидия”.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, edited  14:35
Открыть/Комментировать
2022-06-06 17:33:52 маталы маска

тканевая маска

Мақталы көрпе төсеніп, мамықты жастық жастанып, жібекті көйлек кимей, кальканың ісі бітер ме…
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 14:33
Открыть/Комментировать
2022-06-06 17:32:38 ақуалды орталық

ситуационный / ситуативный центр

Екен.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 14:32
Открыть/Комментировать
2022-06-06 17:32:01 экологиялық зерттеулер

экологические ислледования

экологияны зерттеу / экология жөніндегі зерттеулер
1.4K viewsNazgul Kozhabek, 14:32
Открыть/Комментировать