Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қарау мен көрудің айырмасы не? Адам бірнәрсені көрсе, демек о | Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Қарау мен көрудің айырмасы не?

Адам бірнәрсені көрсе, демек оған қарады деген сөз, яғни қарамаса көрмес еді.

Екеуі бөлек процесс.

Сен айтқан жаққа қарап тұрмын, тек сен айтқан нәрсені көріп тұрғам жоқ.

Бүкіл үйді қарап шықтым, тек телефонымды көрген жоқпын.

Бетіңе қанша қарасам да мең көрмеппін.

Ақшаның бетіне қарамай жұмсай алу үшін үй бетін көрмей жұмыс істеу керек.

Түріне қарасаң, тәп-тәуір адам, қылығын көрсең безіп кетесің.

Қараңғыға жақсырақ телміріп қарасаң, қара мысықты да көріп қаларсың.