Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

журфак

Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак Ж
Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак
Адрес канала: @jourfaculty
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 1.29K
Описание канала:

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Рейтинги и Отзывы

4.50

2 отзыва

Оценить канал jourfaculty и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения

2022-09-01 12:10:23 Журналистикаға енді келіп жатсам, университетке емес, ойланбай осы курсқа барар ем. Болатбек — нағыз профи.
194 viewsayan kalmurat, 09:10
Открыть/Комментировать
2022-09-01 12:09:45 Редакцияларда жұмыс істеуге дайындайтын тегін курс бар, жазу-сызуды, редакциялауды үйретеді.
141 viewsayan kalmurat, 09:09
Открыть/Комментировать
2022-09-01 06:06:11 Пәтерге қатысты "жалдау" деген сәл қате. Жалданатын — адам, жалданып істейді, адам жалдап жұмыс істетесің. Ал пәтер/үй жалға алынады/жалға беріледі.

Назгүл апайдан актуалочка.
298 viewsayan kalmurat, 03:06
Открыть/Комментировать
2022-08-27 11:57:09
Ақтоты мен балалары.
308 viewsayan kalmurat, 08:57
Открыть/Комментировать
2022-08-27 11:56:45 «Аян, кешіріңізші, қанша сұрамаймын десем де, басқа амалдың жоғынан жазып отырмын. Балаларды мектепке дайындауым керек еді…» деген хат келді.

29 жастағы Ақтоты — 6 қаңтардағы қырғын құрбаны Ермек Кебекбаевтың жесірі. Күйеуін алаң маңынан көлікпен кетіп бара жатқанда атып өлтірген. Тоғыз, жеті, бес жасар үш бала жетім қалды.

Ақтоты бір компанияда оператор болып жұмыс істеп жүр екен. Жалақысы қыркүйек ортасында түседі. Онысы көп те емес.

Ақтотының әке-шешесі жоқ. Марқұм күйеуінің ата-анасы — мүгедек кәрі кісілер.

Менің де осындағы әріптес, дос, таныстан көмек сұраудан басқа амалым жоқ. Бәрімізді қымбатшылық қысып жатыр, бірақ аз-маз қарасып жіберуге болар. Репостап жіберсеңіздер деген өтінішім бар.

Ақтоты мен балаларына қаржылай көмек көрсетемін десеңіз, kaspi картасы мына нөмірге тіркелген: +7 707 175 1204

Ақтотының Азаттыққа айтқан әңгімесі:

344 viewsayan kalmurat, 08:56
Открыть/Комментировать
2022-08-25 17:09:03 Стикер — қолдап, лайк қойып, таратқандарға
369 viewsayan kalmurat, 14:09
Открыть/Комментировать
2022-08-25 17:06:10 Біразымыз ғылым дегенді тілі күрделі кітап жазып, жай адамға аса қызығы жоқ еңбектерді көбейту деп білеміз. Солай да шығар

Бірақ ғылым мен медиа элементтері түйіскенде қандай ғажап нәрселер туатынын білсеңдер ғой. Зерттеушілер оқырманға өз саласындағы тақырыптарды тартымды баяндауды үйренсе, бізге, жай адамдарға, ғылым қызығырақ болар ма еді

Бірнеше жылдан бері Бибарыс пен оның командасы керемет жоба жүргізіп келеді. Kazak Bubble қазақ пен қазақ тілінің тарихы туралы салмақты әңгімені жеңіл тілде баяндайды. Бибарыстың өзі — мықты лингвист, бірнеше тілде сөйлейтін полиглот, Назарбаев университетінде оқитын зерттеуші

Жақында Бибарыс пен командасы мықты медиалар үлгісінде видео да жасай бастады. Баяндауы да, монтажы да, тақырыптары да, Бибарыстың өзі де — бәрі әдемі

Міндетті түрде жазылып, дос-жаран, бала-шаға, іні-қарындасқа таратыңдар. Осындай нәрсеге қолдау көрсетпесек, несіне қазақ боп жүрміз

Видео тақырыптарын тізіп қояйын, біртіндеп көріп шығыңдар:

• Қазақ тілінің тарихы

• Ең бай, ең әдемі, ең қиын тілдер

• Балалар тілді тезірек үйрене ме?

• Қазақ тілінде диалектілер бар ма?

• Қазақстандағы тілдер
377 viewsayan kalmurat, 14:06
Открыть/Комментировать
2022-08-23 21:26:40 Қаңтарда қаза тапқан немересінің уатсабына әлі күнге дейін сағына хат жазып жүрген әже.

Оққа ұшқан жалғыз баласының зиратына жиі барып, оның ақталуы үшін күресіп жүрген ана.

Тергеу кезінде полиция бүйрегінен тепкілеп, өзіне қарсы хаттамаға амалсыз қол қойған әйел.

Бейбіт митингіден хабар таратуға шығып, артынша полиция бөлімшесінде аяусыз азапталған; шыңғырып жылаған ер адамдар даусы әлі күнге дейін құлағынан кетпеген аға.

Азаттықтағы әріптесім Нұргүл Таразға барып, Қаңтар қырғынынан жеті ай өтсе де әлі күнге дейін басылмаған жоқтау мен күресті түсіріп қайтты. Жазықсыз сотталып жатырмын деген адамдардың уәжін тыңдады, биліктің наразыларды атуын не деп түсіндіретінін сұрады.

Көріп шығыңдар.

Қазақша.

Орысша.
551 viewsayan kalmurat, 18:26
Открыть/Комментировать
2022-08-20 21:02:31 Қазақ журналистикасы туралы қазірге дейін мен тыңдаған ең сапалы подкасты да бөлісейін.

Алдыңғысына Болатбек сияқты уақытын қимай отырғандар осы — Слава Абрамовты тыңдасын.

Негізі салыстыру үшін екеуін де тыңдап шыққан дұрыс



566 viewsayan kalmurat, 18:02
Открыть/Комментировать