Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Біразымыз ғылым дегенді тілі күрделі кітап жазып, жай адамға а | журфак

Біразымыз ғылым дегенді тілі күрделі кітап жазып, жай адамға аса қызығы жоқ еңбектерді көбейту деп білеміз. Солай да шығар

Бірақ ғылым мен медиа элементтері түйіскенде қандай ғажап нәрселер туатынын білсеңдер ғой. Зерттеушілер оқырманға өз саласындағы тақырыптарды тартымды баяндауды үйренсе, бізге, жай адамдарға, ғылым қызығырақ болар ма еді

Бірнеше жылдан бері Бибарыс пен оның командасы керемет жоба жүргізіп келеді. Kazak Bubble қазақ пен қазақ тілінің тарихы туралы салмақты әңгімені жеңіл тілде баяндайды. Бибарыстың өзі — мықты лингвист, бірнеше тілде сөйлейтін полиглот, Назарбаев университетінде оқитын зерттеуші

Жақында Бибарыс пен командасы мықты медиалар үлгісінде видео да жасай бастады. Баяндауы да, монтажы да, тақырыптары да, Бибарыстың өзі де — бәрі әдемі

Міндетті түрде жазылып, дос-жаран, бала-шаға, іні-қарындасқа таратыңдар. Осындай нәрсеге қолдау көрсетпесек, несіне қазақ боп жүрміз

Видео тақырыптарын тізіп қояйын, біртіндеп көріп шығыңдар:

• Қазақ тілінің тарихы

• Ең бай, ең әдемі, ең қиын тілдер

• Балалар тілді тезірек үйрене ме?

• Қазақ тілінде диалектілер бар ма?

• Қазақстандағы тілдер