Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қаңтарда қаза тапқан немересінің уатсабына әлі күнге дейін сағ | журфак

Қаңтарда қаза тапқан немересінің уатсабына әлі күнге дейін сағына хат жазып жүрген әже.

Оққа ұшқан жалғыз баласының зиратына жиі барып, оның ақталуы үшін күресіп жүрген ана.

Тергеу кезінде полиция бүйрегінен тепкілеп, өзіне қарсы хаттамаға амалсыз қол қойған әйел.

Бейбіт митингіден хабар таратуға шығып, артынша полиция бөлімшесінде аяусыз азапталған; шыңғырып жылаған ер адамдар даусы әлі күнге дейін құлағынан кетпеген аға.

Азаттықтағы әріптесім Нұргүл Таразға барып, Қаңтар қырғынынан жеті ай өтсе де әлі күнге дейін басылмаған жоқтау мен күресті түсіріп қайтты. Жазықсыз сотталып жатырмын деген адамдардың уәжін тыңдады, биліктің наразыларды атуын не деп түсіндіретінін сұрады.

Көріп шығыңдар.

Қазақша.

Орысша.