Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

журфак

Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак Ж
Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак
Адрес канала: @jourfaculty
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 1.29K
Описание канала:

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Рейтинги и Отзывы

4.50

2 отзыва

Оценить канал jourfaculty и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 7

2022-03-27 07:02:33
Ақын Ауыт Мұқибектің балдызы — Ақниет есімді қыз жездесі жыныстық бопса жасағанын жазыпты. Оқып отырып денең түршігеді.

Ауыт ағай таяуда ғана Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алған. Ақниет «Мені сүйіп жатып, арасында сол орденімен мақтанды» деп жазады.

Мұқибектің өзі бұл туралы әзірше ештеңе демеді.
2.7K viewsayan kalmurat, edited  04:02
Открыть/Комментировать
2022-02-25 05:40:37 «Кішігірім қақтығыс» дейді. WTF
477 viewsayan kalmurat, 02:40
Открыть/Комментировать
2022-02-25 05:40:03
839 viewsayan kalmurat, 02:40
Открыть/Комментировать
2022-02-22 18:42:25 Дүрбелең кезінде жараланып, қос жанарынан айырылған Ермектің көрген азабын тыңдаудың өзі ауыр болды. Қысқаша жазып көрейін.

5 қаңтарда алаңға бара жатқан жолда Ермектің тура алдында граната жарылып, есінен танып қалады. Жан сақтау бөлімінде бір-ақ оянған. Бұл кезде оң көзі ендігі ағып кеткен еді. Сол көзі жарықты ғана ажыратады.

Бірақ екі күннен соң палатаға ауысқанда арнайы жасақ басып кіріп, Ермектің ішінен ұрып, күштеп тергеу изоляторына әкетеді. СИЗО-ға жаралы адам лық толы көлікпен барады. Жасақ жол бойы ауырсынып, ыңырсығанның бәрін таяқтайды.

Изоляторға жеткенде бәрін сапқа тұрғызып, кезек-кезек соға бастайды. Желең киінген Ермектің үстіне мұздай су шашып, басынан таяқпен ұрады.

Мекеменің екі қызметкер Ермекті «төрт аяқтап» отырғызып, камераға дейін итше жетектеп апарады. Жан сақтау бөлімінен енді шыққан жігіт суық күні жер сипап біраз жүреді. Солға бұрылу керек болса — сол жағынан, оңға бұрыларда оң жағынан ұрады. Дубинкамен.

Камераға тізерлеп жүріп жетеді. Қамауда отырған басқа жігіттердің өзіне көрсеткен қамқорлығы туралы айтып отырып, Ермектің көңілі босады.

Есін жиған күні жарық ажырата алған сол көзі қамауда болған 11 күн ішінде тас қараңғы болып қалған. Үйқамаққа ауыстырған соң дәрігерге барады. «Жарақат салдарынан көз жүйкесі зақымданған, тым кеш келгенсіз» деп Ермекті емсіз үйіне қайтарады. Көлік жөндеумен айналысқан 37 жастағы азамат енді әжетханаға да әке-шешесінің көмегінміз бара алмайтын күйге түсіп отыр.

— Мына қара түнектен шаршадым, шыны керек. Күннің атқанын да, батқанын да сезе алмайсың. Ауыр, әрине, бірақ өз-өзімді ұстауға тырысып жатырмын. Бірақ қиын, — дейді.

Ермектің әке-шешесі ұлының көзін Германиядағы дәрігерлерге қаратқысы келеді. Бірақ тұрмысы қарапайым отбасының оған шамасы жоқ. Қаржылай көмек көрсетемін десеңіз, анасының kaspi картасы мына нөмірге тіркелген: +7 747 419 21 20 (Зина Ж.)

Ермек туралы репортаж мұнда:

188 viewsayan kalmurat, 15:42
Открыть/Комментировать
2022-02-19 19:27:13 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан хабар таратқан біраз журналист психологиялық тұрғыда ауыр соққы алды. Кейбірі травмасынан айықпастан кәсіптен кетті, кейбірі емделді.

Қаңтар оқиғасынан да хабар тарату журналистерге оңай соқпағаны анық. Оқиға туралы хабарлар әлі де жиі жаңарып жатыр.

Қаңтар оқиғасы кезінде журналист ретінде психологиялық тұрғыда қандай қиындық болды? Қандай сәттер ауыр тиді? Не нәрсе жаныңызға травма боп қалды? Басшылықтан қандай да бір цензура болды ма? Оған реакцияңыз қалай болды?

Осы сұрақтарға жауап жазып, жекеме жіберіңдерші. Скриндеп осында бөлісемін. Жеке хикаялар қызық. Жеңілдеп қаларсыңдар, бәлкім. Аты-жөндеріңді не басқа жеке бас деректеріңді ешкім білмейді.

Күтем.
327 viewsayan kalmurat, edited  16:27
Открыть/Комментировать
2022-02-19 19:09:04 Тараз қаласында шығатын «Арай» газетінің бас редакторы Біржан Сартбекке ерекше риза боп отырмын. Ол газеттің меншік иесі қала әкімі туралы сыни мақала бар нөмірді баспаға жібермей қойғаны жұмыстан кеткелі жатыр екен.

Аймақтарда медиаорта тым тар, жұмыс та, басқа мүмкіндік те аз. Соған қарамастан осындай шешім қабылдап отырған әріптеске ризамын. Тілектеспін. Фейсбуктегі жазбасын осында көшіріп басайын.

Біржан Сартбектің жазғаны:

Құрметті облыс тұрғындары, «AR-AI» газетінің оқырмандары!

Бүгін сонау 2005 жылы оқырманға жол тартып, облыс жастарының жанашырына, үнпарағына айналған «AR-AI» газеті өз тарихында бірінші рет жарық көрмей қалды.

Арымның алдында ұятты болмау үшін осы постты жариялауды жөн көрдім.

Айтуға, ақталуға ыңғайсыз себептермен.

Газеттің бүгінгі, яғни 19 ақпан күні шығуы тиіс санында «Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың назарына!» атты айдармен «Шөлдалада жағымды жаңалық емес, жаназа көбейді» деген сын мақала басылу керек болған. Бұл мақала шөлдалалық тұрғындардың өтініші, шақыртуы негізінде дайындалған болатын.
Өйткені тұрғын алқаптың дәл іргесінен ағып жатқан үлкен канал соңғы жылдары ажал ағынына айналып кеткен. Суға түсіп, қайтыс болғандар да аз емес көрінеді. Жуырда ғана бір келіншек құбыр үстімен өтемін деп, суға кетіп ажал құшыпты.
Міне осындай бүтін бір елді мекен тұрғындарының тағдыры, билікке деген базынасы баяндалған мақаланың жарыққа шығуын газеттің меншік иесі «Aulieata-media» ЖСШ бас директоры Нұрбек Бекен тоқтатып тұр. Газет макеті кеше түнде баспаханаға жіберілген, бірақ директор баспаханаға хабарласып жарыққа шығармай отыр.
Өйткені басты мақсат қала әкімінің жаман атын шығармау.
Қала әкімінің ықпалы жүріп, айтқаны болатын мұндай облыстық баспасөз ұжымында мен бұдан былай жұмыс істей алмаймын.

Бас редакторлық қызметімді өткізіп беремін. Өйткені оқырманға не деп ақталамын.

Жұрт «Еститін Үкімет» боламыз деп жүргенде қала әкімінің имиджіне жұмыс істейтін облыстық ұжымның мына тірлігіне не айтуға болады?

Құрметті шөлдалалықтар!
Сіздердің базыналарыңызды билікке жеткізуі тиіс проблемалық мақала жарияланатын бүгінгі санның баспаханадан басылмау себебінің ұзын-ырғасы осындай.

Құрметті шөлдалалықтар! Мен сіздерден кешірім сұраймын және сіздер жағында екенімді қоса ескертемін!

Журналистік принципіме жүгініп, мен мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынымды мәлімдеймін! Және ар ұятымның алдында бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!

Журналистік антына адал болған менің орынбасырым Жасұлан Сейілхан мен жауапты хатшы Шолпан Бөгенбаеваға үлкен алғыс білдіремін.
448 viewsayan kalmurat, 16:09
Открыть/Комментировать
2022-02-18 10:33:11
Карикатура авторы — Берік Шадғали.
141 viewsayan kalmurat, 07:33
Открыть/Комментировать
2022-02-17 10:55:35
че за
1.9K viewsayan kalmurat, 07:55
Открыть/Комментировать
2022-02-15 20:44:25
"Қазақстан" телеарнасы өтірік ақпараты үшін кешірім сұрасын
182 viewsayan kalmurat, 17:44
Открыть/Комментировать
2022-02-15 20:44:25 Ұят мынау
241 viewsayan kalmurat, 17:44
Открыть/Комментировать