Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

журфак

Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак Ж
Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак
Адрес канала: @jourfaculty
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 1.29K
Описание канала:

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Рейтинги и Отзывы

4.50

2 отзыва

Оценить канал jourfaculty и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 10

2022-01-16 16:55:42 Тәуелсіз журналист, азаматтық белсенді және менің қадірлі достарым — Бэлла Орынбетова мен Әсем Жәпішева петицияға қол жинай бастады.

Олар биліктен қаңтардағы дүрбелең кезінде қаза тапқан 225 адамның аты-жөнін жариялауды талап етеді.

«Бұл цифр көбеюі әбден мүмкін, себебі қазіргі уақытта еш хабар-ошарсыз кеткен, ауруханада хал үстінде жатқан адамдар есепке кірген жоқ. Сондықтан 225 саны биліктің жария еткен қатып қалған статистикасына айналмауы керек.

«Біз біргеміз» миссиясы құр ұран түрінде қалмауға тиіс, сондықтан «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражаты есебінен осы қаза тапқан бейбіт
тұрғындардың отбасыларына материалды көмек аударуды талап етеміз» дейді олар.

Петицияға қол қоямын десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdbsrHhOCmbJ-SRwv8Y6notgI4cMtkrJq61YGbdgUTpqq2zzQ/viewform
1.1K viewsayan kalmurat, 13:55
Открыть/Комментировать
2022-01-15 18:47:18 Ресми ақпарат: Қаңтардағы оқиға кезінде 225 адам қаза тапқан.
483 viewsayan kalmurat, 15:47
Открыть/Комментировать
2022-01-14 18:10:41 Қаза тапқан, жапа шеккен полиция саны: жарияланды

Бүлінген мемлекеттік нысандар есебі: жарияланды

Бизнес шеккен шығын мөлшері: жарияланды

Ұсталған «террористер» саны: жарияланды

Жазықсыз оққа ұшқан адамдар саны: жарияланбады

Қанша күн өтсе де, оқиғаның негізгі құрбандары — жазықсыз өлген адамдар саны жарияланбады.

Ендігі есептеліп қойған жоғарыдағы шығындар маңызды емес демеймін, бірақ енді мемлекеттің басты байлығы халық демей-ақ қойыңдаршы, ок?
882 viewsayan kalmurat, 15:10
Открыть/Комментировать
2022-01-14 17:35:24
Обал-ай. Иманды болсын…
1.2K viewsayan kalmurat, 14:35
Открыть/Комментировать
2022-01-14 17:34:56 Суреттегі жігіттің есімі — Бекболат Асқатбек. Алматы облысы Беcмойнақ ауылында тұрған. Биыл Бекболат үйленуі керек еді. 7 қаңтарда әке-шешесімен таныстыруға әкелген қалыңдығын қаладағы автовокзалдан шығарып салып, ауылына қайтар жолда оққа ұшқан.

Түскі сағат 12:00-ден асқанда досы Мұқаділ екеуі Желтоқсан көшесімен көтеріліп келе жатады. Тимирязевке қарай жүрейін десе, жол жабық. Сөйтіп Батыс Желтоқсан көшесіне бұрылып, отыз метрдей жүргенде оқ атыла бастайды. Дөңгелегі жарылып, көлік жүрмей қалады. Бекболат пен досы екеуі атып шығып, қаша бастайды. Сол кезде Бекболатқа оқ тиеді. Досы иығына салып, көлік тоқтатып, ауруханаға апарады. Бекболат екі күннен соң, 9 қаңтарда ауруханада қаза табады. Оқты кім атқанын Мұқаділ көріп үлгермеген. Бірақ сол күні Тоқаев әскерилерге «террористерді» ескертусіз атып өлтіруге бұйрық берген.

Туыстарының айтуынша, оқ жігіттің арқасынан кіріп, ішін тесіп өткен. Оны 12 қаңтарда ауылына жерледі. Бекболат Алматыда аспаз болып істейтін. Үйдегі екі баланың кішісі. Ағасының айтуынша, егде жастағы әке-шешесі қазадан ес жия алмай, қатты қиналып жатыр.

Сол кезде атылған оқтан қаза болған жалғыз Бекболат болмауы мүмкін. Бүгін марқұмның досы Мұқаділмен кездесіп, не көргенін сұрадық. Ол басқа да көліктерден қашып бара жатып, «оқ тиді» деп айқайлаған адамдарды да көрген.

Мұқаділ оқ ату туралы ескерту айтылмағанын, маңайды күзеткен әскерилер де, полиция да көрінбегенін, жолда өтуге болмайды деген белгі де болмағанын айтады.

— Жазықсыз, әлі үйленбеген досымыз қайтыс болып кетті ғой. Қарапайым халыққа оқ атудың кесірінен қайтыс болды, — дейді ол.

Видео сілтемесі.
1.4K viewsayan kalmurat, edited  14:34
Открыть/Комментировать
2022-01-13 10:24:59
қалай күймейсің
626 viewsayan kalmurat, 07:24
Открыть/Комментировать
2022-01-13 09:32:39 Демократизация, говорили они. Реформам аплодировали они. Всё будет по-новому, кричали они. Ну-ну. Пока все заняты ельбасинизацией, как это гениально определили коллеги, вот что происходит:

1. Лукпан Ахмедьяров, журналист в Уральске, под арестом. Ему дали 10 суток за "участие в митинге", который он освещал. Он освободится не раньше, чем через пять дней.

2. Международный фонд защиты свободы слова "Адил соз" сообщил, что в ночь с 9 по 10 января в квартире собкора Orda.kz и Nur.kz по Актобе Ардак Ерубаевой полицейские провели обыск, а саму её тогда же - в полночь - забрали в участок на допрос.

3. Там же, в Актобе около часа допрашивали корреспондента КТК Жаналыка Ахаша. Задавали ему самый странный вопрос, из всех, что можно задать журналисту: с какой целью он ходил на митинг?

4. И там же, по сведениям фонда, на допрос в областной департамент полиции вызывали журналиста радио "Азаттык".

5. А шеф-редактор службы новостей информационного агентства «Кокшетау Азия» Нуржан Баймулдин вчера тоже получил 10 суток ареста. И даже не за то, что присутствовал на митинге. А, знаете, за что? За пост в Фейсбуке, в котором он задал вопросы Токаеву или про него. Никого не оскорблял, ни к чему не призывал, просто спросил: "Токаев отчитался перед Путиным о новом составе правительства? У меня одного сложилось такое впечатление?" Суд признал его виновным по статье 478 КоАП (действия, провоцирующие нарушение правопорядка в условиях чрезвычайного положения). "Не задавайте вопросы Токаеву", - написал Нуржан в посте, в котором сообщал о решении суда.

6. В Астане журналист Махамбет Абжан, освещавший протесты в столице 4 января, пропал. Родственники не могут его найти уже неделю. Об этом радио "Азаттык" рассказала его жена.
Абжан сообщал в соцсетях, что в ночь на 5 января к нему домой пришли сотрудники полиции, он отказался открывать дверь, после чего ему отключили электричество и интернет. 5 января корреспонденты "Азаттыка" туда приехали, и увидели на лестничной площадке у его квартиры трое сотрудников полиции в гражданской одежде. После этого днём 6 января журналист вышел из дома. И связь с ним пропала, задержан ли он неизвестно.
Вы ошибаетесь, если думаете, что это может коснуться только журналистов-одиночек или СМИ, про которые Тот-кому-нельзя-задавать-вопросы говорит "так называемые свободные".

7. На 15 суток арестован ещё и редактор государственного сайта Altaynews.kz Дарын Нурсапар в Усть-Каменогорске, сообщил "Адил соз". "Журналистам холдинга «Шыгыс Акпарат» Восточного Казахстана руководство запретило ходить на митинги. Тем не менее, редактор сайта «Алтай ньюс» Дарын Нурсапар счел своим профессиональным долгом осветить чрезвычайные события в городе. 5 января он сделал съемки митинга в Усть-Каменогорске и выложил видео на своей странице в Фейсбук. По словам его коллег, 7 января к нему домой пришли сотрудники правоохранительных органов и забрали. 9 января вышло решение суда.

Очень надеюсь, что ещё можно хотя бы отвечать на вопросы Токаева. А он спрашивал, почему государство всё это проспало? Поэтому. Потому что все эти годы воюет с журналистами, вместо того, чтобы заниматься прямым своим делом.

И напоследок: перечитайте статью 20 закона РК о СМИ или прочитайте хоть разок. Там уже есть ответ на вопрос, с какой целью журналисты ходят на митинги.

Всем журналистами, кто сейчас под арестом или под давлением - выражаю солидарность. Благодарю коллег за то, что работали все эти страшные дни. Соболезную всем, кто потерял близких, друзей, коллег. Сочувствую медиа и журналистам, которые пострадали...

Автор поста: Марина Михтаева
918 viewsayan kalmurat, edited  06:32
Открыть/Комментировать
2022-01-13 08:54:01
Ақмола облысында Kokshetau Asia сайтының редакторы Нұржан Баймулдин он күнге қамалды.

Ақпаратқа қарағанда, журналистің әкімшілік жазаға тартылуына президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюы түрткі болған. "Тоқаев Путинге есеп берді" атты жазбасында Баймулдин Тоқаевтан жаңа үкімет құрамын жариялайтыны жөнінде не үшін ҰҚШҰ жиынында айтты деп сұраған.

— Тоқаевқа сұрақтар қойғаным үшін 10 күнге қамалдым. Түнгі сағат 11-де қарауылды күтіп тұрмын. Түскі сағат 12-ден бері ас- cусыз отырмын. Ашпын. Өзін полиция бастығының орынбасары деп таныстырған уәкіл алдап шақырды. Үш сағаттан астам уақыт бойы адвокатсыз ұстады. Мені мүдірту үшін учаскеде хаттамаға үш рет жаңа сұрақтар енгізілді. Тергеуші бір жаққа барады да, алдын ала келісілген жаңа сұрақтар алып келеді, — дейді ол.
517 viewsayan kalmurat, 05:54
Открыть/Комментировать
2022-01-11 20:05:44 Тоқаевтың бірнеше твитінің еш түсіндірусіз өшірілуі де батыс журналистері арасында күмән тудырды. Бірақ твиттегі деректі билік жоққа шығарған жоқ. Ақорда сайтында әлі тұр және Ішкі істер министрі де арнайы видео таратуында тағы айтты. Бірақ сол твиттің өшірілуі журналистердің көкейінде сұрақ тудырады. Бүгінге дейін соны Ресей және Батыс журналистері қайта қайта айтып жатыр. Оған қатысты кейін билік түсіндіру жұмыстарын жүргізбейінше, ол сұрақтар тоқтамайтыны да анық.

10 қаңтар. Қазақстандағы дүрбелеңнің мемлекеттік төңкеріс әрекеті салдары екені айтылды. Оны батыстағы басылымдар дәл сол күйінде берді. Reuters мақаланың ішінде айтып өтсе, The Washington Post пен The New York Times ешнарсе жазған жоқ. Ал ОДКБ жиынына қатысты да ой интерпретациясы бар. Мысалы, The New York Times Путиннің ОДКБ әскерінің Қазақстан территориясынан шығатын уақытын айтпағанына акцент берді. Бірақ мақала ішінде Путиннің әскер “шектеулі уақыт” қалатынын және ол “Президент Тоқаев қалауына қарай” шешілетіні жайлы айтқаны берілген.

Соңғы күндердегі оқиғаларға байланысты ақпараттың жетіспеуінен медиа басылымдарда бұрмалаулар көп болды. Әлі күнге дейін айтылып жатқан содырлар жайлы ақпарат тапшы және олардың бар екеніне Батыс өркениетіндегі елдер әлі күмәнмен қарап отыр. Сол себепті де олар “биліктің антитеррористік операциясы протестке шыққандарға қарсы бағытталды” деп түсініп отыр.
400 viewsayan kalmurat, 17:05
Открыть/Комментировать
2022-01-11 20:05:44 Батыс өркениетінің Қазақстандағы оқиғалар желісіне қатысты риторикасы

Жазба авторы — журналист Жолдас Өрісбай.

Алғашқы протестер туралы бірінші болып Reuters және The Guardian басылымдары жазды. Олар протест себебі газ бағасының өсуі деп берді.

5 қаңтар. Президент Тоқаев ОДКБ ұйымына мүше елдерінен көмек сұрап (осы күні Тоқаев бүлікшілерге [aka содырларға] қатысты террорист сөзін алғаш қолданды), ОДКБ оған бірден келіскен кезде батыс медиа басылымдары Ресей ықпалына басымдық беріп жазды.

Мысалы, Reuters “Ресей бастаған альянс Қазақстанға бітімгершілік миссиясын (peacekeepers) жібереді”, The New York Times “Ресей Қазақстанға протестке шыққандарды басу үшін әскер жібереді”, The Washington Post “Қазақстандағы дүрбелең мен Ресей интервенциясы туралы мынаны білуіңіз керек” деп жазды. Қалған басылымдардың барлығы осы риторикалық шеңберінде болды.

Жеке өзім, Reuters редакциясының peacekeepers сөзін қолданғанын қолдаймын. The Associated Press басылымы да солай жазды. Ал The New York Times мақаласындағы “протестке шыққандарды басуға Ресей көмектеседі” деуі — бұрмалау.

Себебі бұл Ресей емес, одақ шеңберіндегі әрекет және олар Қазақстан территориясында протестке шыққандарға қарсы күресуді мақсат етпейді. Олар маңызды нысандарды қорғау үшін келмек еді. The Washington Post редакциясының интервенция сөзін пайдалануы да бұрмалау. Себебі одақ елдерінің Қазақстанға әскер жіберуі Қазақстанның де факто билігі сұранысымен жолға асырылып жатыр. Тақырыптың интерпретациясы “Бір елдің тәуелсіз өзге бір елдің ішкі мәселесіне сұраусыз араласуын” білдіріп тұрған сияқты.

Одан кейін үкіметтің отствакаға кеткені, интернеттің бұғатталғаны, төтенше жағдайдың жарияланғаны, қираған нысандар мен өлімге қатысты стандартты жаңалықтар легі болды.

7 қаңтар. The New York Times “Қазақстандағы протест есебінен Ресей тағы да аймақтағы ықпалын күшейтуге тырыспақ” десе, Reuters Алматыда толқын күшейгенін, сол үшін Ресей әскерін кіргізіп жатқанын жазды, нақтырақ, Ресей әскері Қазақстанға жіберілетіні жайлы ақпараттан кейін Алматыда толқын күшейгенін меңзейді (оған нақты дәлел жоқ сияқты). Reuters тағы бір мақаласы “Қазақ президенті протестер толқынын баса алмады. Бұрынғы совет елдері көмек ұсынды” деген тақырыпта шықты. Тақырыптың бірінші бөлігіне қатысты қарсылығым жоқ. Бірақ екінші бөлігі өтірік. Бұрынғы совет елдері көмек ұсынған жоқ. Керісінше Тоқаев көмек сұрады. Әрине, Путин Тоқаевқа ұсынысты бірінші айтқан болуы мүмкін. Бірақ оған дәлел жоқ және журналистер дәлелсіз бұрмалауға бармауы керек.

Сосын осы мақалада ОДКБ сынды одақ бар екені және соның шеңберінде әскердің кіретіні жайлы еш жазылмаған. Батыс елдеріндегі азаматтар мұны жәй “пост-кеңестік Қазақстанда протест болып жатыр. Оны басуға өзге бұрынғы совет елдері әскери көмек бермек” деген ақпарат береді.

Сол күні Reuters басылымы “Қазақ президенті протесті басуға ескертусіз атуға бұйрық берді” деп жазды. Бұл жалпы Батыстағы мейнстрим медианың сол күнгі басты риторикасы болды, яғни “shoot without warning” барлық медианың тақырып контекстіне айналды. NYT, WSJ, WP, AlJazeera, BBC және басқа медиа ресурстар Тоқаевтың осы сөзіне акцент берді. Бұл жерде Батыс медиа ресурстарын түсінуге болады. Батыс өркениеті автократиялық елдердің ресми мәлімдемелеріне күмәнмен қарайды. Қазіргі жағдайда, олар Тоқаевтың Алматыда содырлар жүргеніне қатысты мәлімдемесіне сенбеді және Қазақ президенті билікті қолына алған автократ қарапайым халықты ескертусіз атуға бұйырды деп түсінді.

Сосын ақпараттың жетіспеушілігі де үлкен рөл ойнады. Қазақстанда интернеттің бұғатталуы шетел басылымдарының іштегі жағдай туралы тереңірек білуіне кедергі болды. Және Президент Тоқаевтың Твиттерде “we must kill them” (кейін өшірілді) деп жазғанына Батыс журналистері бас салды. Сосын оның айтылған сөздерін растайтын дәйек мәліметтер жарияланбауы да олардың арасында күмән тудырды. Қырғыздың танымал музыканты Викрам Рузахуновты террорист ретінде көрсетуге тырысуы күмәнді одан әрі ұлғайтты. Әлі күнге дейін 20 мың содыр (мұнда Тоқаев террорист сөзін қолданды) деген мәліметіне қатысты сұрақтар көп.
432 viewsayan kalmurat, 17:05
Открыть/Комментировать