Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

журфак

Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак Ж
Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак
Адрес канала: @jourfaculty
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 1.29K
Описание канала:

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Рейтинги и Отзывы

4.50

2 отзыва

Оценить канал jourfaculty и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 9

2022-01-28 13:23:58
Тоқаев "Нұр Отанды" реформалау туралы жалынды сөздер айтып жатқанда партияны таратуды талап етіп, астанада пикет өткізбек болған белсенді Санавар Закирова жоғалып кетті. Ал Оралда "Біз құл емеспіз" деген жазумен жалғыз адамдық пикет өткізген белсенді Бекбулат Утебаевты полиция ұстап әкетті.

Жаңа Қазақстанға қош келіппіз!
445 viewsayan kalmurat, 10:23
Открыть/Комментировать
2022-01-24 18:40:19
364 viewsayan kalmurat, 15:40
Открыть/Комментировать
2022-01-24 18:38:28 Бүгін аты-жөнін айтпауды өтінген азамат Азаттыққа бірнеше видео жіберді. 9 қаңтар күні Алматы ауруханаларының бірінде түсірген екен. Видеоны тығылып түсіріп, енді осылай құпия түрде жіберіп тұр.

Кадрларда қарулы жасақ митинг кезінде жараланған адамдарды автозактарға күштеп тиеп жатқаны көрінеді. Ақсаңдаған жап-жас жігіт көп. Орта жастағы кісілер де бар. Бірі жалаңаяқ, енді бірі жеңіл киініп, балдақ сүйеніп, әрең жүр.

Куәгердің сөзінше, бір бөлімшеден жиырма шақты адамды әкеткен. Басқа бөлімшелерде жатқан жаралы азаматтарды да осылай «ұстаған» көрінеді.

— ОМОН мен полиция оқ тиген жаралылардың бәрін ұстап әкетті. Оларды палаталарда ұрып-соғып, тіпті киінуге де мұрша бермеді. Үстеріне төсек жаймасын жамыла салып, жалаңаш шығып кетті. Аурухана қызметкерлері қорқып қалған. Ешқандай ақпарат бермейді. Дәрігерлер «ауруханаға бекер жатқыздық» деп өкініп қалды. Оларды ұстап әкетеді деп ойлаған жоқ, — дейді оқиға куәгері.

Бұған дейін қала бойынша жасақтың жаралы адамдарды ауруханалардан әкеткенін білетінбіз. Туыстары көзі аққан, басы жарылған, бірер күн бұрын ғана жан сақтау бөлімінен шыққан жақындарын әскерилер түрмеге әкеткенін айтып, дабыл қағып еді. Бұл — науқастарды полиция қалай әкеткені көрінетін алғашқы видеолар.

Бір шетте шашылып жатқан балдақтарды көріп, түңіліп кеттім…

Видеоны мына сілтемеден көріңдер.
386 viewsayan kalmurat, 15:38
Открыть/Комментировать
2022-01-20 19:05:38
окей
96 viewsayan kalmurat, 16:05
Открыть/Комментировать
2022-01-19 18:50:23 Назарбаевтың миллиардтары туралы OCCRP, Kloop пен Vласть-тің бірлескен зерттеуі шықты.

Главное из расследования:

— Казахстанские СМИ восторженно освещают добрые дела многочисленных благотворительных фондов Назарбаева.

— Но фонды выполняют и другую функцию: управляют активами на миллиарды долларов.

— Это элитные отели, банки, фабрики, склады и другие активы общей стоимостью не меньше восьми миллиардов долларов.

— Формально Назарбаеву не принадлежат эти богатства, однако он, будучи основателем фондов, контролирует их.

— Юристы говорят, что именно Назарбаев принимает окончательные решения в связи с деятельностью фондов — в том числе о продаже или передаче активов.

— Фонды не публикуют ежегодную отчетность, а некоторые активы скрыты за непрозрачными коммерческими структурами за рубежом. Неясно, где размещены эти средства и что с ними будет в условиях политических и социальных потрясений.
309 viewsayan kalmurat, 15:50
Открыть/Комментировать
2022-01-18 19:28:35
Ахаха
539 viewsayan kalmurat, 16:28
Открыть/Комментировать
2022-01-18 12:49:11
Журналист ағамыз екі сағат бұрын мынадай жазба жариялаған.
405 viewsayan kalmurat, 09:49
Открыть/Комментировать
2022-01-18 12:48:45
Мемлекеттік басылым журналисі жұмысынан осылай кетіп жатыр екен.
414 viewsayan kalmurat, 09:48
Открыть/Комментировать
2022-01-17 19:46:09 Енді менің жазбаларыма реакция білдіре аласыңдар. Дамып жатырмыз.
343 viewsayan kalmurat, edited  16:46
Открыть/Комментировать
2022-01-17 17:08:56 Бүгін Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесіне бардық. Мұнда қаңтардағы дүрбелең кезінде Алматыда ұсталған 70 адам отыр. Мекеме алдында ұзын-сонар кезек. Жұрт киім-кешек пен азық-түлік арқалаған. Уайымға батқан әкелер, көзі жасаураған шешелер…

Қамауда отырған 20 жастағы бір жігіт адвокаты арқылы үйіне айтып жіберіпті. «Таксилетіп жүргенімде бірнеше адам «Қазір бізге қосылмасаң көлігіңді сындырып, өзіңді ұрып кетеміз. Алаңға жүр» деп қорқытып әкетіп қалды. Алаңда арқама оқ тиіп, ауруханаға түстім. Бір бүйрегімді алып тастады» депті. Бірер күннен соң әскерилер келіп, қамауға әкеткен.

Алпыстан асқан кісімен сөйлестік. «Балама жұмыстан келе жатқанда оқ тиіпті. Ауруханаға түскен екен. Кейін әскерилер келіп, түрмеге әкетіп қалыпты» дейді. Баласы әкесіне «митингіге қатыспадым» депті. Бұл кісі ұлын бірнеше күн іздеп, осы мекемеден әрең тапқан екен.

37 жастағы Ермек митингіге қатысқан. Жанында граната жарылып, қатты жарақат алған. Басы жарылған, көзі аққан. 5 қаңтарда жан сақтау бөліміне түседі. Бірақ 9 қаңтар күні әскерилер қамауға әкетіп қалған. Мекеме ішінде Ермекпен кездескен адвокат әкесіне «Екі көзін бинтпен орап тастапты. Балаңыз дуал жағалап жүр» депті. Әкесімен кездестік. «Ауыр халде жатқан адамды қалайша алып кеткеніне миым жетпейді. Тергесін, қылмыскер болса, соттасын, бірақ тіпті соғыс кезінде де емделуге мұрсат береді ғой» дейді.

Мекеме алдында тұрған тағы бір ағаның сөзі қатты әсер етті. «Бізді 30 жыл қинаған адамды жібердік. Кетті. Қазір бір жағынан қуаныш, бір жағынан қасірет болып жатыр. Өтінерім, әділдік болсыншы. Балалар босқа сотталып кетпесін» деді. 70 адамның бәрі тергеуге байланысты сот шешімімен екі айға қамауға алынған. Қылмыстық істер жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз қару сақтау және ұрлық баптарымен қозғалған.

Видеоны мына жерден көріңдер.
906 viewsayan kalmurat, 14:08
Открыть/Комментировать