Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

журфак

Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак Ж
Логотип телеграм канала @jourfaculty — журфак
Адрес канала: @jourfaculty
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 1.29K
Описание канала:

қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

Рейтинги и Отзывы

4.50

2 отзыва

Оценить канал jourfaculty и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

1

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 8

2022-02-13 17:31:31
117 viewsayan kalmurat, 14:31
Открыть/Комментировать
2022-02-13 11:08:51
Алматыдағы қаралы жиыннан бір көрініс.

Сурет: Азаттық радиосы
3.6K viewsayan kalmurat, 08:08
Открыть/Комментировать
2022-02-11 19:03:40 Мына каналға мән бермей кеттім, кешіріңдерші.

Түсінесіңдер деп сенемін.

161 viewsayan kalmurat, 16:03
Открыть/Комментировать
2022-02-11 18:25:44 Полиция таңертең тергеуге шақырып, келгеніңде департамент алдында қара киім киген жасақ ай-шай жоқ басыңа қапшық кигізіп, тепкілеп, талдырып тастап, сосын сүйреп ішке кіргізіп, күні бойы тағы аямай ұрып, су шашып, денеңе, тісіңе тоқ соғып, тоғыз қабырғаң мен төсіңді сындырып, кешке талықсып жатқаныңда өліп қалар деп қорыққаннан еш айып та тақпастан, бір жапырақ қағаз да ұстатпастан туысқаныңа беріп жіберсе, қандай күй кешер едіңіз?..

Мұның бәрі — 39 жастағы Жақсылық Советбековтің басынан кешкені. Жақсылық аға есін ертеңіне аурухананың жан сақтау бөлімінде бір-ақ жиған.

Талдықорғандағы іссапар кезінде Қызылағашқа барып, Жақсылық ағамен кездестік. Азапталған уақыттан бері жиырма күндей өтіп, ауруханада он бір күн емделіп шықса да, әлі күнге дейін әрең жүріп-тұрады. Көгерген жарақат іздері әлі кетпеген. Ісігі қайтпаған.

Жақсылық ағаны полиция «көлігің 5 қаңтар күні бақылау камерасына түсіп қалды» деп ұстаған. «Бүлікке адам тасыдың» депті. Ешқандай айғақ келтірмеген. Тергеу кезінде «ұлымды ауылға әкетуге келдім, екеуміз ғана отырдық, камерадан көріңіздер» дегеніне қарамаған. Ағаны үш-төрт рет есінен танғанша ұрып, әбден азаптаған.

Ол 26 қаңтарда жемқорлықпен күрес қызметіне азаптау бойынша арыз жазады. Одан ешқандай хабар жоқ.

Балалары осы оқиғадан соң шошып қалғанын айтады. Біреу үйдің есігін қақса, «папа, сені ұрлап кетпесінші» деп қорқады екен.

— Үшінші «заходқа» кіріп бара жатқанда біреу айтты: «Әй, жігіттер, мынаны өлтіріп аласыңдар. Болды ғой енді. Не қыласыңдар оны?» деді. Соғып жатқан біреу айтты: «Өлсе өле берсін, өткендегідей шығарып тастаймыз сыртқа» дейді. Мені қорқытайын десе, ол мұны басында айтуы керек еді. Мен ол кезде оның соққысын сезіп те жатқан жоқпын. Соны қайдан оймен айтқанына әлі басым жетпейді. Ойлап қарасам, сондай қатыгездікпен айтты. Оны да бір ана туды ғой, оны да бір әке бақты. Бір Қазақстанда тұрып, бір қазақтың баласы бір-біріне сондай іс-әрекет жасағаны дұрыс емес қой. Ертең жас балдар болса, өшпенділік пайда болады, — дейді ол.

Жақсылық ағаның әңгімесін мына жерден тыңдаңыздар.
210 viewsayan kalmurat, 15:25
Открыть/Комментировать
2022-02-10 09:49:45 Талдықорғанға барып қайттық. Баласы дүрбелеңнен соң ұсталып, тергеу кезінде азапталған ата-аналармен сөйлестік.

Әбден күйініп, көкірегін ыза мен ашу кернеген әкені, прокурордың аяғына жығылып, «Баламды босатшы» деп өкіріп жылаған шешені жайбарақат тыңдау мүмкін болмады.

Бір әке сөйледі. 9-сыныпта оқитын 15 жасар баласын полиция ұстап әкетіп, тергеу кезінде әбден азаптаған. Төрт тісін жұламыз деп, қысқышпен босатып тастапты. Арқасына үтік басқан. Бүйрегінен ұрған. Мұны баласы кездесу кезінде айтып беріпті. Үтіктің ізін өз көзімен көрген. «Атамекенінде болсын деп Қытайдан сүйреп әкелген баламды аяқ асты етіп отыр» деп ызадан жылай жаздады. Оның баласына қару ұрлады деп айып таққан.

16 жастағы Берікболдың үстінен де қару жымқыру бабымен іс қозғалған. Әкесімен кездесу кезінде таяқ жегені туралы айтпапты. Адвокаты арқылы «Ұрды. Бүйректен, тағы басқа жерлерден ұрды. Үтік басты» депті. Сырттан дәрігер кіргізіп, бүйрегін қаратуға мекеме рұқсат етпеген.

Бір апаның екі баласы да СИЗО-да қамауда отыр. Бірі кәмелет жасына толмаған. «Екеуі де кездесу кезінде мамалап жылады» дейді. Олардың да санына үтік басыпты. Тергеушілер «айтқанымызды істемесең, әке-шешеңді барып атып тастаймыз» деп қорқытқан көрінеді.

Көбі баласының өзгеріп кеткенін айтады. «Көзқарасы, сөйлеуі басқаша. Әбден қорқып қалған, жалтақтап отырады, сындырып тастаған» дейді.

«Азапталған Талдықорған» репортажына сілтеме.
337 viewsayan kalmurat, 06:49
Открыть/Комментировать
2022-02-02 12:00:54 Ерлан Сұлухан 33 жаста. Кинотанушы, сценарист.

Қаңтар оқиғасы кезінде ол Facebook парағында «күнделік» жүргізген. Ол биліктің ескертусіз оқ атуын «қылмыс» деп, Тоқаевтан әрбір адамның өліміне жауап беруді талап етеді. Бейбіт митингті дүрбелеңге айналдырған арандатуды экс-президент Назарбаев не Тоқаев «қолдан ұйымдастырды» деп жазады. «Жемқорлар режимі ауыспады» дейді.

Ерлан Маңғыстау облысындағы ең ірі мемлекеттік оқу орны — Есенов университетінде жұмыс істейтін. Былтыр желтоқсанда ғана ректор Берік Ахметов оны екі департаменттің директоры етіп тағайындаған.

Ерланға ректор да, проректор да хабарласып, билікті сынаған жазбаларын алып тастау керегін айтады. Олай етпесе, жұмыстан кете бер деген емеурін жасайды. Ерлан жазбаларын өшіруден бас тартып, 19 қаңтарда жұмыстан кетеді. Ректорға жазған арызында ол «сен жақсы жігітсің, бірақ орынсыз қорқақсың» деген.

Есенов университеті Азаттыққа жіберген жауабында «Ерлан Сұлуханның жұмыстан кетуінің саяси астары жоқ» деп жазды. Олардың сөзінше, Сұлухан 5-19 қаңтарда жұмысқа келмеген. Ерлан «жұмысқа келмеді» деген басшылық сөзін «сылтау» деп санайды. Оның сөзінше, Маңғыстауға дүрбелеңге байланысты қала әуежайы жабылғандықтан бара алмаған. «Мұны ректор да, орынбасарлары да білді» дейді.

Азаттық қолында ректор Берік Ахметовтің Ерланға жазбалары жайлы ескерту жасағанын дәлелдейтін айғақ бар.

— Мына университетті біздің қоғамнан тыс қарастыруға болмайды. Себебі біздің қоғамда авторитарлық жүйе болса, тура сол авторитарлық-вертикаль жүйе барлық университеттің ішінде бар. Университет тұлғаларды, адамдардың саяси мұң-мұқтажын ашуға тосқауыл болып, осы қоғамға шынайы еңбегін салуға балта шауып, тұлғаның өсуіне мүмкіндік бермей тұр. Қазір диплом алады ғой, бірақ олар тұлғаны өлтіреді, адамның нұрын өшіреді. Тек қана Тоқаевпен емес, жергілікті кішкентай тоқаевтармен күресу өте маңызды, — дейді Ерлан.

Ерланмен кездесіп, хикаясы туралы видео әзірледік.
365 viewsayan kalmurat, edited  09:00
Открыть/Комментировать
2022-02-02 06:48:53
Қасым-Жомарт Тоқаев:

— Мен жағымпаздықты жек көремін. Жағымпазданып жатса барынша құлақ аспауға тырысамын...

Қазақтар:
455 viewsayan kalmurat, edited  03:48
Открыть/Комментировать
2022-01-31 18:49:59 Я посмотрел «откровенное» интервью Токаева, и наверное пишу об этом последним. Специально на русском, потому что пост «рассчитан на мировую аудиторию»

К концу интервью журналистка «Хабар 24» Вера Захарчук спрашивает Токаева:

«Сейчас высказываются самые комплементарные оценки в ваш адрес, и кто-то из казахских поэтов стихотворение даже сочинил. Вам не кажется, что опять на те же грабли начинаем наступать... Как вы вообще относитесь к такого рода восхвалениям, такому отношению?»

Мне тут стало смешно. Зачем делать вид беспристрастного журналиста, если почти всё интервью построено на тех же самых комплементарных вопросах.

Несколько примеров келтірейін:

— Все заметили, как изменилась риторика Ваших выступлений, обращений к стране. Это радует. Это тоже говорит о надеждах и больших переменах, что они все-таки у нас случатся.

— Вы реагируете, даете поручения Генеральной прокуратуре, в том числе через Твиттер. Все мы это видим, слышим.

— Касым-Жомарт Кемелевич, понятно, что отключение интернета тоже было сделано в целях безопасности. Мы все это понимаем.

— На самом деле большие надежды возлагают сейчас на Вас. Общественность относится к Вам с таким большим доверием. Знаете, я сколько живу в этой стране, я тоже может быть впервые это чувствую. Осознание того, что у нас есть Президент, который тоже может у нас что-то изменить и сделать. Понимаете, раньше такого не было.

— В подавляющем большинстве наше общество поддержало Ваше решение во время этих действий в ходе беспорядков или неудавшегося путча.

— Касым-Жомарт Кемелевич, я очень благодарна Вам за наше сегодняшнее интервью! Мы все живем в интересное время. Мы в Вашем лице видим какую-то надежду, и очень хочется, чтобы эта надежда оправдалась. Как я понимаю, ни один гражданин Казахстана, я считаю, не должен снимать с себя ответственность. Потому что это не просто кто-то должен за нас сейчас что-то сделать, мне кажется, у нас у всех есть очень хороший момент изменить что-то в стране и жить лучше.

Вот солай екен.

Да, Вера, «наступаем на те же самые грабли»
437 viewsayan kalmurat, 15:49
Открыть/Комментировать
2022-01-29 07:33:58
Мына скринді жариялау этикаға қаншалықты сай екенін білмеймін. Қаринмен әңгіменің бір үзіндісі деп салыпты.
313 viewsayan kalmurat, edited  04:33
Открыть/Комментировать
2022-01-29 07:25:58 Кейінгі жылдары «Хабар» арнасында өзінің апталық хабарын жүргізіп келген журналист Асылбек Абдулов таяуда ғана мемлекеттік хатшы болып тағайындалған, одан бұрын Тоқаевтың кеңесшісі болып істеген Ерлан Қариннің бағдарламаны «цензуралап отырғанын» жазды.

Бүгін таңертең оның парақшасында мынадай жазба пайда болды.

Что за непонятная должность Государственный секретарь РК? При прошлом президенте понятно (когда некуда девать тяжеловеса).
Но зачем это прогрессивному второму президенту РК Токаеву К.К.?

Некуда девать политолога Карина Е., вроде не тяжеловес еще? Идеологией можно, кажется, заниматься и в качестве помощника, советника по политическим вопросам, директора КИСИ. А тут чуть ли не генеральный секретарь государственных СМИ.

Видимо на этих правах он решил меня отчитать за программу.

Еще раз позволишь себе, Карин, разговаривать со мной по телефону в таком тоне, будешь немедленно послан на три буквы за свое госхамство, публично.

Несмотря на то, что ты госсекретарь, правая рука второго президента Казахстана, или "преемник" (как себя позиционируешь). Жаль, что не успел послать, а потом звонки мои начал трусливо игнорировать.)

Надеюсь, не мстить начнешь, лишать разового в 600 секунд эфира в неделю (уже забрали два выпуска), давать команду о закрытии моего проекта. Бегать с самурайскими мечами, из лука стрелять.) Мне тут уже пишут, что теперь в ответ начнешь травлю через какую-то свою "линейку Карина. Не могу понять что это значит. Заодно и узнаю, что за "Орда" нападет.)

И вообще, поучи жену сурпу варить, доверь политическое телевидение профессионалам, выйди в поле, займись делом. А то по количеству селфи и нарциссизму Абдрахимова Габидуллу вот-вот перегонишь.

Не подставляй, пожалуйста, впредь Касым-Жомарта Кемелевича такими речевыми модулями: "Открыть огонь на поражение без предупреждения".
316 viewsayan kalmurat, edited  04:25
Открыть/Комментировать