Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Ras aitamyn

Логотип телеграм канала @rasaitam — Ras aitamyn R
Логотип телеграм канала @rasaitam — Ras aitamyn
Адрес канала: @rasaitam
Категории: Политика , Telegram
Язык: Русский
Количество подписчиков: 1.78K
Описание канала:

Расследования, наблюдения.
Активная гиперссылка на посты обязательна
Авторы:
Бағдат Асылбек, Елнұр Әлімова
Email:rasaitamyn@protonmail.com; bagdatasylbek22@gmail.com

Рейтинги и Отзывы

3.67

3 отзыва

Оценить канал rasaitam и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

2

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 5

2021-07-30 18:31:41 Zakon, Tengri және Nur порталдарына әкім Оңдасын Оразалиннің пиары үшін қанша ақша төленді?

Ras Aitamyn бұл жолы Ақтөбе облысының әкімдігі әкім Оңдасын Оразалиннің қызметін ақпарат құралдарында насихаттау үшін қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Ақтөбе облысының әкімдігі жыл басынан бері Zakon.kz порталының меншік иесімен 15,3 млн теңгеге келісімшарт жасасты. 10,7 млн теңгенің тендері бойынша, Zakon әкімдік таратқан баспасөз хабарламасын жариялаған. Ақпаратта Оңдасын Оразалин Қазақстандағы Нидерланды корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенспен және Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиевпен кездескені айтылады. Әдетте ақпарат құралдары әкімдік таратқан хабарламаны сәл де болса өңдеп жариялайды. Ал әкімдіктің хабарламасын айна-қатесіз қайталаған ақпарат үшін Zakon порталына 178 500 теңге төленді.

Жалпы, Zakon-да әкім қызметін көрсететін материалдар аз шыққан жоқ. Мысалы, әкім Оңдасын Оразалин “жем-шөп дайындау мәселесін” бақылауда ұстап отырғанын халыққа хабарлау үшін бюджеттен ақша төленді. 22 маусым күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әкім Оразалин “Ақтөбе облысы экономиканың тұрақты өсімін көрсетіп отыр” деген. Бұл ақпаратқа да ақша төленді. Әкімнің 2021 жылы Ақтөбе облысында 465 шақырым жолдың жөнделгенін жеткізген ақпарат та ақылы болып шықты. Қызығы, Оразалин былтыр да тура сол орталық коммуникациялар алаңында жол жөнделеді деп уәде берген. Ол уақытта әкім "610 шақырым жол жөнделеді" деген еді.

Әкім Оразалиннің орталық коммуникациялар қызметінде жыл аяғына дейін кемі 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деген мәлімдемесіне де ақша төленді. Осылайша Оразалиннің есеп беру кездесуінен жазылған ақпараттар үшін Zakon порталына жарты миллион теңге берілген.

Әкімдіктің Zakon порталымен келісімшарты әлі аяқталмады. Біз тек маусым айында тендер есебінен жарияланған ақпараттарға тоқталдық. Шілде айында шыққан материалдар бойынша әзірге есеп жарияланған жоқ.

Zakon порталы былтыр да Ақтөбе әкімдігімен 4,7 млн теңгеге келісімшарт жасасып, әкім Оңдасын Оразалиннің қызметін насихаттады. Дәлелі мінеки:

Глава региона вручил ключи от нового жилья 30 многодетным и малообеспеченным семьям, ветеранам ВОВ, сиротам

Ондасын Уразалин хочет сделать Актобе безбарьерным

Ондасын Уразалин: телеканал "Aqtóbe" - настоящее зеркало жизни региона

Уразалин: Там, где нет единства, нет стабильности и развития

Уразалин проинспектировал строительство социальных объектов в двух районах

Әр ақпарат үшін Zakon порталына 117 мың теңге төленді.

Tengrinews порталының меншік иесімен әкімдік былтыр 7,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Tengrinews бұл ақшаның есебінен желтоқсанда Оразалин Ақтөбе қаласы мен аудандардағы 19 медициналық мекемеге жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс еткенін жазды. Ал шілде айында әкім медициналық мекеме басшыларымен кездескені туралы ақпарат шықты. Маусым айында әкім пандемиямен күреске қатысқан ақтөбеліктерді марапаттады деген ақпарат жарияланды. Сондай-ақ Ақтөбе облысында дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды деген ақпарат та - Оңдасын Оразалиновтің пиары. Әрбір ақпаратқа 400 мың теңге төленді.

Тағы бір ірі басылым - Nur.kz порталымен Ақтөбе облысының әкімдігі 7,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Осы тендер есебінен жарық көрген материалдар арасында да әкім пиары жеткілікті. Бір ақпаратта Оңдасын Оразалин экс-президент Назарбаевтың еңбегін мақтап, “біздің тәуелсіздік бірінші президенттің көреген және тәуелсіз саясатының арқасы” деген пікір білдіреді. Тағы бір ақпаратта Оразалин көңіл көтеру орындарының жұмысын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсырады. Енді бір ақпаратта облыс әкімі Ақтөбе облысында 20 мектеп салынып жатқанын хабарлайды.

Nur.kz-те шыққан әр ақпаратқа әкімдік 428 434 теңге төледі.

Пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысының әкімдігі осы үш республикалық ақпарат құралына бюджет есебінен 31 миллион теңге көлемінде тендер берген.
919 viewsYelnur, 15:31
Открыть/Комментировать
2021-07-30 18:31:13 Сколько в Актобе платили Zakon.kz, Nur.kz и Tengri на пиар акима Уразалина

Сегодня Ras aitamyn рассказывает, сколько выделило управление внутренней политики Актюбинской области на освещение деятельности акимата в СМИ, в том числе и на пиар главы региона Ондасына Уразалина.

С начала пандемии актюбинское УВП заключило с Zakon.kz договоры на 15,3 млн.тенге. По договору на 10,7 млн.тенге Zakon.kz опубликовал готовый текст акимата, где говорится, что Уразалин встретился с послом Нидерландов Андре Карстенсом и послом Казахстана в Нидерландах Аскаром Жумагалиевым. Текст полностью совпадает с пресс-релизом на сайте актюбинского управления индустриально-инновационного развития. За размещение релиза акимат заплатил СМИ 178 500 тенге.

К слову, таких новостей, где виден пиар деятельности акима области, на Zakon`e немало. К примеру, чтобы жители Актюбинской области знали о том, что главы региона Ондасына Уразалина держит под контролем “вопросы заготовки кормов” акимат заплатил порталу за новость, которая вышла 10 июня. На брифинге в СЦК 22 июня Ондасын Уразалин сообщил, что “Актюбинская область демонстрирует стабильный рост экономики”. Эта новость также стоила денег бюджету. Проплаченной оказалась новость на Законе, где аким говорит о том, что “в 2021 году в Актюбинской области отремонтируют 465 км дорог”. Кстати, обещания отремонтировать дороги в области Уразалин давал и в прошлом году. Опять же на брифинге СЦК. Тогда он анонсировал ремонт 610 км дорог.

Еще одна платная для актюбинцев новость также вышла с отчета Уразалина на брифинге СЦК, где аким обещает о том, что до конца года планирует ввести “более 1 млн. квадратного метра жилья (свыше 7200 квартир)”. Таким образом, новости с отчета Уразалина стоили налогоплательщикам в полмиллиона тенге. И это только для Zakon.kz, а есть еще и другие СМИ, которые также получают госзаказ от акимата Актюбинской области.

Кстати, этот тендер Zakon.kz все еще действует. Мы рассказали о проплаченных материалах только за июнь. Отчета за июльские новости еще нет в открытом доступе.

Zakon.kz пиарил акима Актюбинской области (как и других регионов) и в прошлом году по договору на 4,7 млн.тенге.

Вот пруфы:

Глава региона вручил ключи от нового жилья 30 многодетным и малообеспеченным семьям, ветеранам ВОВ, сиротам.

Ондасын Уразалин хочет сделать Актобе безбарьерным

Ондасын Уразалин: телеканал "Aqtóbe" - настоящее зеркало жизни региона

Уразалин: Там, где нет единства, нет стабильности и развития

Уразалин проинспектировал строительство социальных объектов в двух районах

Каждая новость обходилась бюджету в 117 тысяч тенге.

Теперь о других крупнейших республиканских СМИ. С УВП заключал договор с собственником портала Tengrinews.kz в 2020 году на 7,9 млн.тенге. На эти деньги издание в декабре написало о том, что “Ондасын Уразалин вручил ключи от машин скорой помощи 19 медицинским учреждениям районов и городу Актобе”, а в июле 2020 года о том, что он встретился с главврачами медучреждений. Чуть ранее, в июне, аким области наградил актюбинцев, активно участвовавших в борьбе с пандемией.
Стоимость одной такой новости - 400 тысяч тенге.

Также пиар Уразалина можно увидеть в новости - В Актюбинской области приняты антикризисные меры.

С еще одним крупным СМИ - порталом Nur.kz актюбинские чиновники договорились тоже на 7,9 млн.тенге. Собственникам данного портала облакимат платил за новости, в которых усматривает пиар Уразалина. В одной новости Ондасын Сеилович подчеркивает заслуги экс-президента Назарбаева, отметив, что наша независимость “благодаря независимости и дальновидной политике” первого президента. В другой - Уразалин поручил усилить работу групп по мониторингу увеселительных заведений. В еще одной новости аким области доложил, что “20 школ строится в Актюбинской области”.
Каждая такая новость на Нуре обошлась актюбинцам в 428 434 тенге.

Всего с начала пандемии только трем республиканским изданиям акимат Актюбинской области отдал свыше 31 миллиона тенге с налогов жителей региона. Ras aitamyn посчитал траты только на самые известные СМИ.
832 viewsБагдат, edited  15:31
Открыть/Комментировать
2021-07-29 16:56:39 Сколько тратят в ЗКО на пиар акима Искалиева

Работу главы региона Гали Искалиева активно показывают не только русскоязычные порталы, но и казахоязычные СМИ, которые при этом “активность” акима области показывали на русском.

К примеру, с порталом Qamshy.kz в 2021 году управление внутренней политики ЗКО заключил договор на 4,2 млн.тенге на “публикацию статей об основных значимых социально-политических событий региона и освещение позитивных материалов о Западно-Казахстанской области через интернет-ресурсы на областном уровне”.

К этому дню из этой суммы пока освоили 1,5 млн тенге. И уже в материалах позитивно рассказывается не только о значимых событиях в регионе, но и о деятельности акима ЗКО. Судя по публикациям издания, именно благодаря Искалиеву в ЗКО строится индустриальная зона в 281 гектар с привлечением зарубежных инвесторов откроют завод по выпуску стартерных аккумуляторных батарей для разного транспорта, а в областном центре, в Уральске, на линию вышли 20 новых автобусов общественного транспорта.

Для жителей платной оказалась новость: “Аким ЗКО Гали Искалиев проверил готовность спасателей региона к чрезвычайным ситуациям”. Новость на сайте qamshy.kz с отчета акима ЗКО в СЦК также стоила денег местному бюджету, хоть и немного по сравнению с республиканскими порталами.

Другой портал, который чаще пишет на казахском, Baribar, “позитивные материалы” про работу Искалиева написал также на русском. С собственником портала Baribar УВП подписало контракт на 6,9 млн.тенге. На эти деньги вышло немало новостей, где обязательно упоминается Гали Искалиев, даже там, где, казалось бы, речь о другом. К примеру:
В ЗКО усиливають контроль за соблюдением карантина (орфография сохранена)

Строить школы за счет частных инвесторов предлагают в ЗКО

В ЗКО спустили на воду два катера проекта “Кайсар”

Стоимость каждой новости - 188 918 тенге. Отметим, что у Qamshy.kz сумма намного меньше - 15 049 тенге.

Небесплатным оказался для жителей ЗКО рабочий визит Гали Искалиева в Шынгырлауский и Бурлинский районы. Точнее новость об этом визите на сайте Baribar.kz. Не обошлось без упоминания Гали Искалиева и в новостях: “В ЗКО заложили фундамент новой мечети” (за эту же новость акимат заплатил и Qamshy.kz), “В село Бостандык ЗКО открылся зал бокса” и “В ЗКО отметили труд ученых”.

Также акимат ЗКО договорился с газетой “Жас Алаш” на 5 млн.тенге на освещение материалов о проводимой работе по развитию малого и среднего бизнеса в области. Акты о выполненной работе пока отсутствуют.

Всего с начала пандемии акимат ЗКО заключил договоры (вместе с доп.соглашениями) с собственниками СМИ на освещение проводимой работы в регионе более 710 млн.тенге. Большая часть средств, по договору, выделена на госзаказ в госСМИ, подотчетных местным властям. К примеру, с холдингом “Жайық пресс” (местные газеты “Приуралье”, “Орал өңірі”) подписан договор на 281 млн.тенге.

Договоры на большие суммы есть и с известными республиканскими СМИ. Например, с начала пандемии акимат ЗКО подписал договор с собственником портала Tengrinews на 21,9 млн.тенге, с порталом Nur.kz - на 19,9 млн.тенге. Каждая новость в Нуре для жителей ЗКО обошлась в 270 270 тенге. К примеру, новость о том, как Гали Искалиев поздравил с Наурызом. Стоимость новостей в Тенгри неизвестна, так как в открытом доступе не прикреплен акт выполненных работ
Кроме этого, с собственником портала Zakon.kz - 13,3 млн.тенге. Также УВП акимата заключило договор с местным телеканалом ТДК-42 на 9,9 млн.тенге.
2.1K viewsБагдат, 13:56
Открыть/Комментировать
2021-07-29 16:38:57 Батыс Қазақстан облысы әкімдігі әкім Есқалиевтің пиарына қанша ақша жұмсайды?

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің жұмысын орыстілді ақпарат құралдары ғана емес, қазақтілді БАҚ та насихаттайды. Қызығы, кейбір қазақтілді БАҚ бұл материалдарды орыс тілінде жариялайды.

Мысалы, облыстың ішкі саясат басқармасы “өңірдегі негізгі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар мен БҚО жөнінде жағымды материалдар жариялау” үшін Qamshy.kz порталымен 4,2 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Qamshy порталы осы күнге дейін бұл соманың 1,5 млн теңгесін игеріп үлгерді. Осы соманың есебінен аймақтағы маңызды оқиғалар ғана емес, облыс әкімінің қызметі туралы да жағымды материалдар жариялаған. Басылым материалдарына қарағанда, Есқалиевтің арқасында облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен 281 гектар индустриалды аймақ салынып жатыр, түрлі көлікке арналған стартер аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт ашылмақ, ал облыс орталығы Оралда 20 автобус көлігі жолға шықты.

“БҚО әкімі Ғали Есқалиев аймақтағы құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығын тексерді” деген ақпарат та ақылы болып шықты.

Тағы бір қазақтілді портал - Baribar.kz те Есқалиевтің жұмысы туралы жағымды материалдарды орыс тілінде жариялады. Әкімдік бұл порталдың меншік иесімен 6,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл сомаға Ғали Есқалиевтің аты аталатын көптеген ақпарат шықты. Тіпті тақырыпқа бір қарағанда, мүлде әкімге қатысы жоқ болып көрінетін материалдың ішінде Есқалиев жүр:

В ЗКО усиливають контроль за соблюдением карантина (орфография сақталды)

Строить школы за счет частных инвесторов предлагают в ЗКО

В ЗКО спустили на воду два катера проекта “Кайсар”

Әр ақпаратқа 188 918 теңге төленді. Qamshy порталындағы әр ақпаратқа төленген сома бұдан аз - 15 049 теңге.

Ғали Есқалиевтің Шыңғырлау және Бөрлі аудандарына жұмыс сапары жайлы Baribar.kz-те жазылған ақпаратқа да бюджет ақшасы төленді. “В ЗКО заложили фундамент новой мечети”, “В село Бостандык ЗКО открылся зал бокса”, “В ЗКО отметили труд ученых” деген ақпараттың ішіне де әкімді қыстырып жіберген.

Сонымен қатар БҚО әкімдігі “Жас Алаш” басылымымен “облыстағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысты көрсету үшін” 5 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Пандемия басталғалы бері БҚО әкімдігі әртүрлі ақпарат құралдарының меншік иелерімен 710 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты. Бұл соманың басым бөлігі жергілікті билікке қарасты мемлекеттік ақпарат құралдарына берілді. Мысалы, “Жайық пресс” холдингімен (“Приуралье”, “Орал өңірі” газеттері) 281 миллион теңгеге келісімшарт жасалған.

Сондай-ақ ірі республикалық басылымдармен де келісімшарттар баршылық. Мысалы, пандемия басталғалы әкімдік Tengrinews порталының меншік иесімен 21,9 млн теңгеге, ал Nur.kz порталының меншік есімен 19,9 миллион теңгеге келісімшартқа отырған.

Nur порталына шыққан әр ақпаратқа әкімдік 270 270 теңге төлеген. Мысалы, Ғали Есқалиев облыс халқын Наурызбен құттықтады деген ақпаратқа 270 мың теңге төленді. Ал Tengrinews-ке шыққан ақпаратқа қанша төленгені белгісіз, өйткені есеп тіркелмеген.

Бұдан бөлек әкімдік Zakon.kz порталының меншік иесімен 13,3 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Ал жергілікті ТДК-42 арнасымен 9,9 млн теңгеге келісімшартқа отырған.
901 viewsYelnur, 13:38
Открыть/Комментировать
2021-07-26 12:04:50 Даниал Ахметовтің әкімдігі ZTB мен Instagram-дағы танымал пабликтерге қанша ақша төледі?

Әкімдіктер өз қызметін тек ақпарат құралдарында ғана емес, әлеуметтік желіде де насихаттайды. Ал кей әкімдіктер танымал пабликтерге посттар үшін ақша төлейді. Әрине, оған бюджет ақшасын жұмсайды.

Мысалы, Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жақында қызметін әлемжеліде көрсету үшін өзіне қарасты "Шығыс ақпарат" ЖШС-мен 60 миллион теңгеге келісімшарт жасасты.

"Шығыс ақпарат" ЖШС-ға облыстық "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттері, баспахана және ШҚО-ның өңірлік коммуникациялар қызметі кіреді.

"Шығыс ақпарат" ЖШС 60 миллион теңге келісімшарттың 27,8 миллион теңгесін игеріп, есебін беріп қойған.

Есепке қарағанда, осы тендер есебінен “Шығыс ақпарат” ВКонтакте желісінде 1 миллионнан астам жазылушысы бар ZTB Qazaqstan паблигіне 4 пост жариялаған. Оның екеуі Даниал Ахметовтің қызметін насихаттайды. Бір постта Ахметовтің Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының ашылуына қатысқаны айтылса, екінші постта әкімнің туризмді дамыту бойынша жиын өткізіп, Алакөлге Embraer типтес үлкен ұшақтар ұшатыны туралы мәлімдегені жазылған.

Сондай-ақ әкімдік бұл ақшаға Instagram желісінде 979 мыңнан астам жазылушысы бар Kazakh_inform паблигінде видеоролик түрінде 10 пост жариялаған. Әр постқа 45 мың теңге төленді. Кей постар әкім Ахметовтің қызметін насихаттайды. Біраз пост облыс әкіміне қарсы "соғыс ашып", текетіреске барған "Semey Bus" ЖШС-нің иелерінің бірі Серікжан Әйкелевтің мәлімдемелерін жоққа шығаруға және "Semey Bus" проблемаларына арналған.

Естеріңізде болса, Серікжан Әйкелев субсидия беруден бас тартты деп әкімдікті кінәласа, әкімдік "компания басшылары тиімсіз басқарды" деп компанияны айыптайды. Semey bus мемлекет-жеке серіктестік негізінде құрылған компания, оның 49 пайызы әкімдікке, 51 пайызы кәсіпкер Серікжан Әйкеловке тиесілі.
18 маусымда сот "Өнеркәсіпті дамыту қоры" лизингке берген 170 автобусты компаниядан тәркілеу туралы шешім шығарған. Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып, коллапс туды. Әкімдік "Semey bus-тан" өзге компаниямен келісімшарт жасасты.

ШҚО әкімдігі Kazak_inform парақшасында Semey bus жүргізушілері жұмысқа шықпай қалғаннан тұрғындар зардап шекті деген сарында видеосюжет жариялаған. Сюжетте лизингке берілген автобустардан айырылып қалған Semey bus орнына "Семавтопарк" компаниясының ескі автобустары шыққанын, Semey bus қызметкерлері қаласа, осы компанияға жұмысқа ауыса алатыны айтылады.

Дефолтқа ұшыраған Semey bus орнына Семейде "Семавтопарк" автобустары жүріп тұр деген видеосюжетке де әкімдік ақша төледі.

Серікжан Әйкелов облыс әкімдігі мен "әкімге жақын кәсіпкерлер кастасын" әшкерейтін фильм презентациясын өткізбек болған. Фильмде аты аталатын кәсіпкерлер Әйкелов жалдаған залға жетіп барып, шу шығарып, фильм көрсетілмей қалды. Облыс әкімдігі бұл сюжет үшін де Kazak_inform- ға ақша төледі. Видеосюжетте Әйкеловтің айыптауларымен келіспейтін кәсіпкерлердің сөздері мен олардың Әйкеловпен диалогынан үзінді беріледі. Бірақ Әйкеловтің комментарийі жоқ.

Әйкеловтің фильмінде аты аталатын "Фирма Азия" ЖШС директорының баспасөз мәслихатын беріп, фильмдегі айыптауларды жоққа шығарған сюжет үшін де пабликке 45 мың теңге төленді.

Әйкеловтің "мемлекеттік бюджетті сорып отырған облыс жетекшілігіне жақын каста" деген айыптауына ашынған бір топ шығысқазақстандық кәсіпкер тіпті Алматыға келіп, "ақпараттық соғыс" туралы баспасөз мәслихатын өткізген. Паблик бұл туралы да видео жариялап, "ақпараттық шабуыл құрбанына айналдық" деген кәсіпкерлердің сөздерін берген. Бұған да әкімдік ақша төледі.

Дәл осы және басқа да посттар үшін Instagram-да oskemen_online, Go_Oskemen, oskemen24, semey_life, semey_city_, город F - это Семей, semey24, typicalsemey, semey_news16, oskemen_online пабликтеріне шыққан 126 постқа 693 мың теңге төледі.
1.1K viewsYelnur, 09:04
Открыть/Комментировать
2021-07-26 12:00:52 Сколько платил акимат Даниала Ахметова ZTB и другим пабликам за опровержения

Ras aitamyn все это время рассказывал, каким СМИ, сколько и за что платят акиматы, чтобы пропиарить главу региона. Сегодня расскажем, сколько акимат ВКО потратил известным пабликам в Instagram за посты.

К примеру, недавно акимат ВКО заключил с подотчетным "Шығыс ақпарат" контракт на 60 млн.тенге, чтобы показать свою деятельность в соцсетях.

"Шығыс ақпарату" подчиняются областные газеты “Дидар”, Рудный Алтай”, типография, а также региональная служба коммуникаций, где проходят брифинги.

К этому дню из 60 млн.тенге "Шығыс ақпарат" освоил 27,8 млн.тенге.

На эти деньги опубликованы 4 поста в крупнейшем паблике ZTB Qazaqstan в Vkontakte с миллионной аудиторией. В двух постах позитивно рассказывается о работе акима ВКО Даниала Ахметова. Например, в первом посте говорится, как Ахметов посетил открытие центра ядерной медицины и онкологии в Семее. А во втором посте рассказывается, как Ахметов провел совещание по развитию туризма и сообщил, что в Алаколь будут летать большие самолеты Embraer.

Также на эти деньги акимат ВКО разместил 10 видеороликов в инстапаблике Kazakh Inform с аудиторий в 979 тысяч подписчиков. За каждый пост платили по 45 тысяч тенге. Некоторые посты пиарили деятельность Даниала Ахметова. Были и посты, которые опровергали заявления соучредителя Semey Bus Серикжана Айкельева, заявившего, что со стороны местных властей оказывается давление.


Если помните, Айкельев обвинил акимат области в отказе давать субсидии. В свою очередь акимат заявил, что “руководство компании управляет неэффективно”. 51 процент доли Semey bus принадлежит предпринимателю Айкельеву, 49 - акимату.
18 июня состоялся суд, на котором принято решение о том, что Фонд развития промышленности изымает 170 автобусов у автопарка. 22 июня, водители Semey Bus в очередной раз не вышли на маршрутную линию и устроили крупную забастовку. Они продолжили требовать от властей перечисления пенсионных взносов и попытались привлечь внимание общественности к проблемам предприятия, требуя субсидий. Создался коллапс. В итоге акимат расторг договор с компанией Semey bus и заключил с другой компанией.

Акимат ВКО на странице Kazak_inform разместил видеосюжет, в котором говорится, что из-за того, что водители автобусов не вышли на работу “заложниками ситуации оказались обычные граждане”. Также рассказывается о том, что на смену Semey bus пришли старые автобусы "Семавтопарк", и водители Semey bus могут перейти в эту компанию, заверив, что “никто не останется без работы”. За видеосюжет о том, что заработали автобусы "Семавтопарка" вместо Semey bus`a, подвергшемуся дефолту.

Серикжан Айкельев арендовал зал и хотел показать фильм, “разоблачающий приближенную к акиму касту бизнесменов”. Но перед самым показом в зал ворвались герои фильма и произошел скандал, в результате чего показ фильма сорвался. За сюжет об этом инциденте акимат заплатил Kazak_inform. В сюжете нет позиции второй
стороны.

Акимат ВКО заплатил 45 тысяч тенге паблику Kazak_inform за еще один сюжет - о пресс-конференции директора компании “Фирма Азии”, который опровергает обвинения, прозвучавшего в том фильме, показ которого не состоялся.

Некоторые предприниматели даже приехали в Алматы, чтобы опровергнуть обвинения Айкельева и провели пресс-конференцию об “информационной войне”. В паблике Kazak_inform появилось видео и об этой пресс-конференции. За это акимат ВКО также заплатил.

На эти и подобные посты акимат ВКО заплатил и другим пабликам в Instagram. Среди них: oskemen_online, Go_Oskemen, oskemen24, semey_life, semey_city_, город F - это Семей, semey24, typicalsemey, semey_news16, oskemen_online. Всего вышло 126 постов за 693 тысяч тенге.
3.0K viewsБагдат, 09:00
Открыть/Комментировать
2021-07-20 19:29:06 Выяснить, кто прослушивал. Что намерены делать журналист и правозащитник, оказавшиеся в списке Pegasus

Центр по исследованию коррупции и организованной преступности (OCCRP) опубликовал имена некоторых журналистов и общественников, чьи телефоны могли быть взломаны с помощью шпионской программы Pegasus, которая может вторгаться в телефоны через обычные сообщения и обновления программного обеспечения, после чего получает доступ к личным данным, в том числе и к перепискам.

К этому дню OCCRP обнародовал 5 имен. Среди них журналист портала Информбюро, автор телеграм-канала “БЕСсимптомно” Серикжан Маулетбай. В комментарии Ras aitamyn он отметил, что для него “эта новость не стала неожиданностью”.

“Я предполагал, что меня прослушивают. И появление расследования на таком уровне доказывает тот факт, что власти Казахстана всячески нарушают международные договоренности, права человека. Я активно пишу статьи с судебных процессов и вижу постоянные нарушения даже внутренних законов, на которые суды не реагируют. Поэтому я не удивлён. Мне скрывать нечего, я ничего противозаконного не делаю”, - говорит Маулетбай.

Серикжан Маулетбай - один из немногих журналистов, которые освещали прошедшие в январе этого года парламентские выборы. В своих статьях подчеркивал о незаконности постановления ЦИКа об ограничении работы наблюдателей. Взамен председатель ЦИКа Берик Имашев, о котором Ras aitamyn писал тогда, посвятил Маулетбаю 20-минутную речь о том, что он якобы не прав в своих статьях.

Серикжан задавал неудобные вопросы чиновникам и активно выступал за изменения законов, регулирующие работу журналистов, чтобы госорганы стали более открытыми.

“Я не раз слышал, как я неудобен многим госорганам. Телефон не планирую менять: ни номер, ни сам аппарат. Не вижу смысла. Если я им интересен, они поставят прослушку и на новый номер и смартфон. Да, я часто замечаю, что телефон садится быстро. Но утверждать, что это из-за слежки не могу. Я считаю, что журналистское сообщество должно отреагировать на сообщения о слежке и требовать ответа от властей почему они шпионят за нами. Завтра я напишу запрос в правительство и в Акорду и потребую объяснений”, - заявляет журналист.

В свою очередь правозащитница Бахытжан Торегожина говорит, что “не думала, что Pegasus или другие иностранные компании прослушивают”, но подчеркивает, что “всегда знала, что прослушивают” её.

“У меня без конца прерывается связь. То слышно, то не слышно. Нагревается телефоны. И это продолжается уже 20 лет. И я всегда знала, что меня прослушивают, прослеживают, потом я находила у себя в офисе два раза прослушивающее устройство. Потом мы находили прослушки, когда мы работали с делом Искандера Еримбетова. И поэтому то, что мой телефон прослушивается, это для меня совершенно не секрет. Я в этом несколько раз убеждалась, потому что я раньше сильно занималась активизмом. И когда телефон был со мной, и буквально через минуту-две за мной приезжала полиция, и было понятно, что меня отслеживают по телефону, - вспоминает Торегожина.
Торегожина связывает возможную прослушку ее телефона со своей правозащитной деятельностью. Она продвигает право на мирное собрание и оказывает поддержку политическим заключенным.

Правозащитница добавила, что пока не думала о своих дальнейших действиях после обнаружения себя в списке Pegasus, но “прочитала, что Вячеслав Абрамов (создатель издания Vlast.kz и Тамара Калеева (глава Adilsoz), так как они прессозащитники, с их стороны будут какие-то инициативы продвигать эти кейсы”.

“Я не против этого. Выяснить, кто прослушивал, на каком основании, есть ли судебное разрешение, есть ли постановление КНБ. То есть если они будут продвигать, я согласна, чтобы они продвигали и мой кейс. С моей стороны, я еще не думала, буду я заниматься этим или нет. Но с другой стороны, конечно, я бы хотела избавиться от этого вируса, если это как вирус действует. Я уже поспрашивала, возможно, новый телефон, либо новый номер надо купить, либо перезагрузить всю систему в телефоне, - размышляет Торегожина.

Правозащитница полагает, что “прослушивают только телефон
1.4K viewsБагдат, 16:29
Открыть/Комментировать
2021-07-20 19:26:07 Журналист пен құқық қорғаушы билік телефондарын аңдығанына таңғалмайды

Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP – Organized crime and corruption reporting project – Босния астанасы Сараево қаласында орналасқан зерттеуші журналистер мен медиа орталықтардың халықаралық желісі) Қазақстан билігі Израильдегі NSO Group компаниясы жасап шығарған Pegasus бағдарламасының көмегімен аңдыған журналистер мен белсенділердің тізімін жария етті.

OCCRP-дің жазуынша, Қазақстан билігі осы бағдарлама арқылы ұзын саны 2 мыңға жуық телефон нөмірін аңдыған, олардың басым көпшілігі Қазақстандағы бизнес және саяси элита өкілдері. "Олардың арасында Назарбаевтың ықтимал серіктері мен қарсыластары бар", - дейді OCCRP.

Ашық деректерге қарағанда, Pegasus бір мезетте 50 телефон аңди алады. Pegasus лицензиясы жылына 7-8 миллион доллар тұрады. 2016 жылы NSO Group бір клиенттен 10 құрылғыға вирус жіберу үшін 650 мың доллар, ал бағдарламаны орнату үшін 500 мың доллар сұратқан деген дерек бар.

Әзірге OCCRP Pegasus бағдарламасы арқылы Қазақстан билігі аңдыған бес адамның тізімін жариялады. Олар:

Серікжан Мәулетбай – Informburo ақпараттық порталының тілшісі, "БЕСсимптомно" Telegram-арнасының авторы;

Бигелді Ғабдуллин – ПЕН-клубтың басшысы, Central Asia Monitor басылымының бұрынғы бас редакторы, 2017 жылы "бопсалау" бабымен сотталған;

Бақытжан Төреғожина – "Ар.Рух.Хақ" құқық қорғау ұйымының жетекшісі.

Тізімде бұдан бөлек Квентин Гиймен мен Мартин Уиллоумның аттары аталады. Екеуінің де қашқындағы банкир Әблязовке қатысы бар. Квентин Гиймен Латын Америкасына көмек көрсететін ұйым қызметкері. Ал Мартин Уиллоум Франциядағы Génération Ecologie саяси партиясының вице-президенті.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қазақстан билігі Pegasus арқылы аңдитын тізімге енгеніне еш таңғалмағанын, телефоны тыңдалып, әлеуметтік желідегі аккаунттары бақыланатынын бұрыннан сезетінін айтты.

"Бірақ мені Pegasus пен өзге шетелдік компаниялардың қосымшалары арқылы тыңдайды деп ойламадым. Дегенмен тыңдайтынын білдім. Өйткені телефоным қызып кетеді, телефонмен сөйлесіп жатқанда, қоңырау аяқтасты үзіліп кетеді, бірде дауыс естілмей қалады", - дейді Төреғожина.

Бақытжан Төреғожина саяси тұтқындарға қолдау көрсетіп, бейбіт жиындар өткізу құқығын қорғаумен айналысады.

"Бәлкім, біздің қандай саяси-азаматтық істерді жүргізіп жатқанымызды білгісі келетін шығар. Бірақ оның бәрі ашық, өзім жүргізетін істердің бәрін әлеуметтік желіде ашық жариялаймын", - дейді Төреғожина.

Журналист Серікжан Мәулетбай да билік Pegasus арқылы аңдитын тізімге енгені күтпеген оқиға болмағанын, телефоны тыңдалатынын бұған дейін топшылағанын жеткізді. Серікжан Мәулетбай түрлі сот процестерінен репортаждар жазады, ал ол жүргізетін"БЕСсимптомно" Telegram-арнасы елдегі саяси-әлеуметтік оқиғалар, оның ішінде митинг пен наразылық акцилары жайлы хабар таратады.

"Мұндай деңгейдегі зерттеудің жарияланғаны Қазақстан билігі халықаралық келісімдер мен адам құқықтарын бұзатынын дәлелдейді. Сот процестерінен белсенді түрде мақалалар жазатындықтан, соттар мән бере бермейтін ел ішіндегі заңдар жиі бұзылатынын байқаймын. Сондықтан таңғалмаймын (Pegasus арқылы аңдитын тізімге кіргеніне). Жасыратын түгім жоқ, заңға қарсы ешқандай әрекет жасап жатқаным жоқ", - дейді Серікжан Мәулетбай.

Серікжан Мәулетбай биыл өткен парламент сайлауынан хабар таратып, орталық сайлау комиссиясының бақылаушылар жұмысын шектегенін сынап жазған, ол шенеуніктердің қолайына жақпайтын сұрақтарды жиі қояды.

Журналист телефон нөмірін де, ұялы телефон құрылғысын да ауыстырмайтынын, өйткені жоғары жақ қаласа, жаңа смартфон мен нөмірге тыңдау құрылғысын орната алатынын айтты.

Серікжан Мәулетбай журналистік қоғам тілшілердің ізін аңду туралы ақпаратқа реакция танытып, биліктен журналистерді не себепті аңдитыны жайлы жауапты талап етуі керек дейді. Журналистің өзі ертең үкімет пен Ақордаға ресми сауал жолдап, бұл жағдайды түсіндіруді талап ететінін жеткізді.
1.1K viewsYelnur, 16:26
Открыть/Комментировать
2021-06-30 19:12:40 “Получите что хотели” Как пиарят Амандыка Баталова в Алматинской области

Исследуя траты чиновников на госзакупки, Ras Aitamyn пришел к выводу, что каждый акимат самый большой по сумме тендер дает подотчетному себе СМИ.
Акимат Алматинской области исключением не стал. Самый большой кусок тендерного пирога отдали областному телеканалу “Жетысу”. Достаточно взять один только промежуток времени - с февраля 2020 года и увидим, что облакимат заключил договоры с “Жетысу” более, чем на 1 миллиард теңге.

Акимат отдал тендер на крупные суммы и республиканским СМИ. К примеру, в марте этого года с газетой “Время” заключил договор на 20 млн.тенге. На эти деньги на страницах газеты выходили статьи, показывающие работу акима Алматинской области Амандыка Баталова в позитивном ключе. Например, за 330 тысяч тенге газета написала, что Баталов поздравил ветеранов ВОВ и вручил им подарки.

Новость за 170 тысяч тенге о планах возродить два сахарных завода пропиарила Баталова и программу Nur Otanа. Баталова пропиарили даже в материале об открытии швейного цеха для многодетных матерей (160 тыс.тенге). Запуск нового предприятия стал наглядным результатом встречи акима Алматинской области Амандыка Баталова с представителями самого уязвимого слоя общества, говорится в статье с заголовком “Получите что хотели”. Также в тексте говорится, что “в прошлом году многодетные матери неоднократно были участниками митингов и протестов”.

Хорошо писали про Баталова и интернет-порталы, получающие госзаказ. Вот Nur.kz, с которым у облакимата договор на 12,9 млн тенге, написал (за 357 тыс.тенге), что при поддержке акима Алматинской области наградили победителей конкурса среди Домов культур, музеев и библиотек «Ауылым-алтын бесігім».
Новость о том, что Баталов поздравил жителей региона с днем первого президента обошлась этим самым жителям в 400 тысяч тенге. К слову, такая же новость с таким же текстом выходила в тот день выходила и на Тенгри, Законе.

На этом платные поздравления не заканчиваются. Новость о том, что молодежь Алматинской области поздравила первого президента, а Баталов вручил ежегодную молодежную премию акима области «Көшбасшы — 2020» обошлась бюджету в 652 тысяч тенге.
Таким образом только одному Nur.kz, чтобы поздравить экс-президента Казахстана облакимату пришлось заплатить больше миллиона тенге.


В канун Дня Независимости Баталов вручил 70 семиреченцам госнаграду. Эта новость обошлась жителям в 388 тыс.тенге.

Вот за что еще акимат Алматинской области платил за новости про Баталова:

Аким встретился с заслуженными деятелями разных сфер (400 К тенге)
Аким области открыл 2 общежития (589 К)
Баталов открыл роддом в селе Узынагаш (348 К)
Баталов открыл два автомобильных моста (338 К)

Nur.kz активно пиарил и заместителя Баталова Рустама Али. Например, за информацию о том, что Рустам Али вручил 500 тысяч тенге победителям конкурса Jer Jannaty Jetisy акимат заплатил 405 тыс. тенге.

С начала пандемии акимат Алматинской области заключил с Nur.kz договор на 39,9 млн.тенге.

Акимат Алматы области давал тендер и филиалу российского СМИ, газете “Комсомольская правда в Казахстане” на 2 млн.тенге.

Намного больше акимат готов заплатить “Хабару” - 10,8 млн.тенге. Трехминутный сюжет о выступлении Баталова в службе центральных коммуникаций (где дают брифинги министры, акимы) обошелся налогоплательщикам в 900 тыс.тенге. Такую же сумму “Хабару” заплатили за сюжет о встрече 9 мая Баталова с ветеранами ВОВ и другие инфоповоды, за которые, к слову, платили газете “Время” (в тексте выше).

Всего с начала пандемии у акимата области и “Хабара” контракты на 15,8 млн.тенге.

Посты о тратах акиматов также на Ras aitamyn в Instagram.
1.6K viewsБагдат, edited  16:12
Открыть/Комментировать
2021-06-30 18:18:59 Қазақстандағы Ресей басылымына берілген тендер және Амандық Баталовқа жасалған пиар

Бүгін Ras Aitamyn Алматы облысының әкімдігі әкім Амандық Баталовтың пиарына қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Әрбір әкімдік ең көп сомадағы тендерді өзіне қарасты ақпарат құралына беретіні белгілі. Алматы облысының әкімдігі де ең көп сомадағы тендерді облыстық “Жетісу” арнасына берген. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы 2020 жылдан бері “Жетісу” телеарнасымен 1 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты.

Әкімдік республикалық басылымдарға да үлкен сомадағы тендерлерді береді. Мысалы, биыл наурызда “Время” басылымымен 20 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаға жазылған материалдардың арасында облыс әкімі Амандық Баталовтың қызметін насихаттайтын мақалалар бар.

Мысалы, Баталов Жеңіс күні Талдықорғандағы ардагерлерді құттықтап, оларға сыйлықтар тапсырғаны туралы материалға 330 мың теңге төленді. Алматы облысында екі қант жұмысының зауытын қалпына келтіру туралы Баталовтың мәлімдемесі бір жағынан әкімді, екінші жағынан Nur Otan бағдарламасын насихаттайды (170 мың теңге). Талдықорғанда көпбалалы аналар жұмыс істейтін тігін цехы ашылғаны туралы материалдың (160 мың теңге) ішіне де Баталовты қыстырып жіберген. “Время” басылымы “митингілер мен наразылыққа былтыр шыққан көпбалалы аналар жұмыс орындарын ашуды сұрады, Баталов тапсырмасымен тігін цехы ашылды” дейді.

Былтыр қарашада әкімдік Nur.kz порталымен 12,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Портал Баталов пен жергілікті шенеуніктердің жұмысын белсенді насихаттады. Nur.kz тіпті Баталовтың құттықтаулары мен марапат тапсыруын үзбей беріп отырған. Мысалы, Баталовты жетісулықтарды бірінші президент күнімен құттықтағаны үшін салық төлеушілер 400 мың теңге төлесе, бірінші президент күніне орай өткен іс-шарада жастарды құттықтап, “Көшбасшы-2020” сыйлығын табыстағаны туралы ақпаратқа 652 мың теңге төленді.

Ал тәуелсіздік күніне орай облыс әкімінің салтанатты шарада 70 жетісулыққа мемлекеттік награда тапсырғаны жайлы ақпаратқа облыс тұрғындары 388 мың теңге төлеген.

Баталов анда-мында барды, мынаумен кездесті, түген нысанды ашты деген ақпараттарға да ақша төленді. Мысалы:

Әкім әртүрлі саладағы еңбек сіңірген қайраткерлермен кездесті (400 мың теңге)
Әкім екі жатақхананы ашты (589 мың теңге)
Баталов 100 төсек орны бар перзентхананы ашты (348 мың теңге)
Баталов екі автомобиль көпірін ашты (338 мың теңге)

Nur.kz порталы Баталовтың орынбасары Рустам Әлиді де белсенді насихаттаған. Мысалы, Рустам Әли «Jer Jannaty Jetisy» байқауының жеңімпаздарына 500 мың теңге табыстағаны туралы ақпарат үшін 405 мың теңге төленді.

Р.Әли Алматы облысындағы визит-орталықтың ашылу салтанатына қатысып сөз сөйлегені туралы ақпаратқа да ақша төленді (323 мың теңге).

Алматы облысының шенеуніктері түрлі марапат тапсырып, жұртты құттықтағанды жақсы көретіндей. Рустам Әлидің журналистерге облыс әкімінің “Самғау 2020” сыйлығын тапсырғанын білу үшін тұрғындар 541 мың теңге төлеген.

Пандемия басталғалы Алматы облысының әкімдігі Nur.kz порталымен 39,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Қызығы, Алматы облысының әкімдігі жергілікті және республикалық БАҚ-қа ғана емес, Қазақстандағы ресейлік “Комсомольская правда в Казахстане” басылымына да тендер берген. Былтыр әкімдік пен бұл басылым 2 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаның есебінен “Комсомольская правда в Казахстане” еріктілер, облыстағы ардагерлер ұйымы, облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы туралы жазған.

Алматы облысының әкімдігі өз қызметін республикалық арналарда көрсету үшін “Хабар” агенттігімен биыл сәуірде 10,8 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Баталов орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингтен 1,5 минуттық орысша және 1,5 минуттық қазақша сюжет үшін “Хабарға” 900 мың теңге төленді. 9 мамыр күні Баталовтың ардагерлермен кездескені туралы 3 минуттық орысша-қазақша сюжет пен әкім бастамасымен көпбалалы әйелдерге арналған тігін цехының ашылғаны туралы сюжеттерге де тура сонша ақша берілді.

Пандемия басталғалы облыс әкімдігі “Хабар” арнасымен 15,8 миллион теңгеге келісімшарт жасасты.
1.3K viewsYelnur, 15:18
Открыть/Комментировать