Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Ras aitamyn

Логотип телеграм канала @rasaitam — Ras aitamyn R
Логотип телеграм канала @rasaitam — Ras aitamyn
Адрес канала: @rasaitam
Категории: Политика , Telegram
Язык: Русский
Количество подписчиков: 1.78K
Описание канала:

Расследования, наблюдения.
Активная гиперссылка на посты обязательна
Авторы:
Бағдат Асылбек, Елнұр Әлімова
Email:rasaitamyn@protonmail.com; bagdatasylbek22@gmail.com

Рейтинги и Отзывы

3.67

3 отзыва

Оценить канал rasaitam и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

2

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения 4

2021-08-30 13:07:02 Сколько тратят на пиар акима в Акмолинской области


Сегодня Ras Aitamyn рассказывает, как акимат Акмолинской области тратит бюджетные деньги на пропаганду деятельности госорганов, в том числе на пиар акима Ермека Маржикпаева.

В апреле 2021 года областное управление внутренней политики заключило договор с собственником портала NewTimes.kz на 4,4 млн тенге.

С денег с этого тендера NewTimes.kz публиковал платные материалы, которые пиарят работу Маржикпаева. Например, акимат платил изданию за сообщение акима о том, что “в области построят 7 полигонов твердых бытовых отходов”. Это было сказано на брифинге, где также Маржикпаев сказал, что МСБ помогут по “Дорожной карте-2025” и “Енбек”. И эта новость тоже стоила денег бюджету.

С налогов акмолинцев акимат заплатил Ньютаймсу за новость о том, что Ермек Маржикпаев поздравил журналистов с праздником.

NewTimes.kz за деньги от акимата Акмолинской области также публиковал новости, в которых говорится, что в регионе реализовано 50 проектов и развиваются новые направления туризма. Стоимость каждой новости - 37 К.

Недавно, в мае, акмолинский облакимат договорился с порталом Nur.kz на 8,5 млн тенге. В числе материалов, вышедших на Nur.kz за эти деньги, были и новости, пропагандирующие деятельность Маржикпаева. К примеру, его доклад на брифинге в СЦК о том, что в Акмолинской области сохраняется динамика роста инвестиций в обрабатывающую промышленность стоил налогоплательщикам в 566 тысяч тенге.

С газетой “Егемен Қазақстан” у акимата Акмолинской области тоже есть договор - на 6 млн.тенге. Пиара акима мы не видели, но увидели, что за одну статью заплатили 1 020 000 тенге - о программе “Нурлы жер”. Еще одна статья в “Егемене” обошлась в 958 тысяч тенге.

По контракту с собственником портала Informburo.kz на 9,1 млн тенге в акте выполненных работ есть материалы, которые пиарят деятельность Маржикпаева. К примеру, за 111 тысяч тенге издание опубликовало новость с заявлением акима области о том, что “несмотря на пандемию, в регионе сохраняется положительная динамика развития”.

В 78 тысяч тенге обошлись акмолинцам слова Маржикпаева о том, что он особое внимание в регионе уделяет развитию дорожной инфраструктуры.

С одной стороны к информации “В Кокшетау прикоснулись к истории Великой степи” на Информбюро Маржикпаев не имеет никакого отношения. Но все равно туда воткнули эпизод мероприятия, на котором Маржикпаев процитировал Токаева о “новых способах популяризации в мире столь богатого наследия нашей страны”. Стоимость новости - 209 тысяч тенге.

Стоит отметить, что Информбюро, в отличие от других СМИ (Tengri, Nur Zakon) честно помечает “госзаказом” материалы, за которые получает деньги от акимата.

В еще одном платном материале говорится, что в 2021 году году в Акмолинской области реализуется 30 проектов. В другом проплаченном материале сообщается, что в селе Акмол появится новый физкультурно-оздоровительный комплекс

Таким образом, акимат Акмолинской области за бюджетные деньги строят социальные объекты, потом из денег жителей платят СМИ, чтобы они написали о том, что акимат построил.
626 viewsБагдат, edited  10:07
Открыть/Комментировать
2021-08-30 13:01:50 Ақмола облысының әкімдігі пропаганда мен әкім пиарына қанша ақша жұмсайды?

Бүгін Ras Aitamyn Ақмола облысының әкімдігі пропаганда және әкім мен жергілікті шенеуніктердің жұмысын насихаттауға қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы биыл сәуір айында NewTimes.kz порталының меншік иесімен 4,4 млн теңгеге келісімшарт жасасты. NewTimes.kz осы соманың есебінен жариялаған материалдардың ішінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қызметін насихаттайтын ақпараттар бар. Мысалы, облыс әкімінің орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде айтқан “аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады” деген мәлімдемесін берген. Маржықпаевтың осы брифингіде облыстағы шағын және орта бизнеске “Бизнестің жол картасы 2025” және “Еңбек” бағдарламасы аясында көмек көрсетіліп, 8,5 млрд теңге бөлінгенін жеткізген ақпарат та ақылы болып шықты.

Оны былай қойғанда, Маржықпаевтың журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, БАҚ өкілдерінің облыс әкімінің жыл сайынғы “Алтын қалам” сыйлығымен марапаттағаны туралы ақпаратқа да бюджет ақшасы төленді.

NewTimes.kz әкімдік басқармаларының хабарламаларын да жариялаған. Мысалы, астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту үшін Ақмола облысында 50 жоба іске асатыны туралы ішкі саясат басқармасының ақпаратына салық төлеушілер ақшасы жұмсалды. Әкімдіктің туризм басқармасының аймақта туризмнің жаңа бағыттары дамып жатқаны жайлы хабарламасына да ақша төленді.

NewTimes.kz сайтында шыққан әр ақпаратқа әкімдік 37 мың теңге төлеген.

Ақмола әкімдігі биыл мамыр айында Nur.kz порталының меншік иесімен 8,5 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Осы тендер есебінен шыққан материалдар арасында да әкім Ермек Маржықпаевтың қызметін насихаттайтын материалдар жүр. Мысалы, орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Ақмола облысында өңдеуші өнеркәсіпке құйылатын инвестициялар өсімінің динамикасы сақталып жатыр деген әкімнің мәлімдемесіне 566 мың теңге төленген.

Ақмола облысының әкімдігі билікке қарасты “Егемен Қазақстан” газетімен биыл сәуірде 6 млн теңгеге келісімшартқа отырды. Әзірге осы келісімшарт есебінен шығатын материалдар облыс әкімінің қызметін көрсетпесе де, Ақмола облысында іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайды. Мысалы, “Сандықтау, Атбасар, Жақсы және Жарқайың аудандарына барған адам қайнаған шаруаның ортасына күмп етіп түседі” деп “Егеменнің” стилімен жазылған мақалада “Нұрлы жер” бағдарламасы сөз етіледі. Бұл мақалаға әкімдік 1 020 000 теңге төлеген.

Ал “Алға ұмтылған Ақмола өңірінде сәтті шаруа ретімен сабақталуда” атты мақалаға 958 мың теңге төленді.

Әкімдік биыл наурыз айында Informburo.kz порталының меншік иесімен 9,1 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Осы келісімшарт бойынша жазылған материалдарда да әкімнің мәлімдемелері мен қатысқан шаралары туралы жазылған ақпараттар баршылық.

Маржықпаевтың пандемияға қарамастан, “аймақта дамудың оң динамикасы сақталып жатыр, экономикада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткіздік” деген мәлімдемесіне 111 мың теңге төленді.

Әкімнің орталық коммуникациялар қызметінде жасаған баяндамасынан алынған “аймақта жол инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлініп, 700 шақырым жол жөнделеді” деген жоспарды хабарлаған ақпаратқа 78 мың теңге төленді.

Бір қарағанда, Көкшетауда өткен ғылыми-практикалық конференциядан жазылған “Көкшетауда ұлы даланың тарихы талқыланды” деген ақпаратқа Маржықпаевтың қатысы жоқ болып көрінеді. Алайда бұл ақпаратқа Маржықпаевтың іс-шараның ашылуында Тоқаевтың мақаласына келтіріп сөйлеген сөзін қыстырып жіберген (209 мың теңге).

Informburo.kz “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасын да белсенді насихаттайды. Мына материалда (205 мың теңге) облыста 30 жоба іске асатыны жазылса, тағы бір ақпаратта Ақмол ауылында дене шынықтыру орталығы салынып жатқаны айтылады (130 мың теңге).

Басқа БАҚ-пен салыстырғанда, Informburo порталы тендер есебінен жазылған материалдарға үнемі “мемлекеттік тапсырыс” белгісін қойып отырады.

Осылайша Ақмола облысы әкімдігі бюджет есебінен нысандар салып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобаларды іске асырып, артынша оны БАҚ-та жазу үшін тағы да бюджеттен ақша жұмсайды.
641 viewsYelnur, 10:01
Открыть/Комментировать
2021-08-30 06:01:35 Channel photo updated
03:01
Открыть/Комментировать
2021-08-29 06:34:24 Channel photo updated
03:34
Открыть/Комментировать
2021-08-28 21:58:50 Сколько тратят на пиар работы акима Трумова в пострадавшем от засухи Мангистау

Ras aitamyn вчера рассказывал, как акимат Мангистау платит за позитивные материалы о борьбе с засухой, хотя в регионе продолжает гибнуть скот. Сегодня нам сообщили, что после этого материала с нами хотят “разобраться по закону”. Но мы каждое свое сообщение подтверждаем документами. Именно так к этому дню написали про 14 акимов областей и городов. И теперь мы решили написать, каким СМИ и сколько платили за пиар деятельности акима области Серикбая Трумова, потому что без этого картина неполная.

С начала пандемии управление внутренней политики Мангистауской области договорилось с собственником портала Zakon.kz на 9,7 млн тенге. На эти деньги вышли новости о деятельности госорганов. Новости косвенно пиарят главу региона. Например, здесь Трумов принял бизнесменов из Ирана, а тут он побывал в гостях ветерана ВОВ Бисена Бокаева. Платили Закону и за новость, в которой Трумов рассказывает, что Мангистау лидирует среди регионов по итогам пяти месяцев

Бюджетные деньги предусмотрены и на новости о том, что Трумову презентовали проект парка первого президента Казахстана, который начали строить в Актау, а также о том, что он торжественно открыл спортивный комплекс в Акшыкуре и даже о том, что аким привился "Спутником V" (эту же новость дали и на казахском языке).

Стоимость одной новости на Законе - 124 тысяч тенге.

С начала пандемии у акимата Мангистау договоры с интернет-порталом Nur.kz на 12,8 млн тенге. По одному из договоров, изданию должны заплатить за новость с цитатой Трумова о том, что во время карантина через порты Мангистау переправлено 4,5 млн тонн груза.
Также платной оказалась информация акима области о том, что за 10 месяцев ввели в эксплуатацию 7400 квартир.

Трумов рассказал, что в 2020 году в Мангистау будет запущено 7 новых проектов. В этой платной новости заодно (может и неосознанно) прорекламировали “Риксос Актау”, отметив, что после успешного запуска отеля интерес туристов растет.

Еще благодарственные письма от акима Мангистауской области получили заключенные. Эта новость тоже платная, как и про то, что Серикбай Трумов сообщил о том, что в Мангистау будут поставлены медикаменты.

Также акима области пропиарили в новости: Несколько опреснительных заводов построят в Мангистау. Еще денег мангистауцев ушли на новость о том, что Трумов поздравил журналистов с их праздником.

Платной оказалась приятная для водителей новость от акима Мангистауской области о том, что завершается реконструкция дорог республиканского значения.

Даже в новости: Группа медработников из России прибыла в Мангистау умудрились пропиарить Трумова, хотя на этой встрече его не было, но все же упомянули, что именно при его “непосредственном участии началась работа по привлечению этих специалистов в регион”.
В новости “Три туристских объекта откроются в этом году в Мангистау” речи Трумова и речи о Трумове нет, но в ходе перечисления туристских объектов вставили фото акима области за трибуной.
Стоимость каждой такой пиар-новости на Nur.kz - 249 тысяч тенге.

Всего с начала пандемии у акимата Мангистау по договорам на на госзаказ в СМИ, которые также пиарили акима Трумова, предусмотрены около 700 млн.тенге.

Телерадиокорпорация "Казахстан": 335 млн тенге (одна новость - 200 000 тенге)
Мангистау-Медиа: более 274 млн тенге (только за 2021 год)
Газета “Егемен Қазақстан”: 32,1 млн тенге с допсоглашениями (одна статья 289-565 К)
Казахстанская правда: 16,1 млн тенге
Qamshy Media: 10,5 млн тенге
Tengrinews.kz: 5,4 млн тенге
Медиа-корпорация "ЗАҢ: 3,4 млн тенге
ИА "NewTimes.kz: 3,4 млн тенге
АЙҚЫН-ЛИТЕР: 2,9 млн тенге (есть статья в 802 900 тенге).
Qazaqstan dauiri: 2,4 млн тенге
Kazakhstan Today: 1,9 млн тенге
Адырна: 880 тысяч тенге

О тратах на пиар акимов других регионов можно в Instagram`e Ras aitamyn.
1.4K viewsБагдат, edited  18:58
Открыть/Комментировать
2021-08-28 20:20:48 Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысы әкім қызметін насихаттауға қанша ақша жұмсады?

Ras Aitamyn мал қырылып жатқан Маңғыстау облысының әкімдігі қуаңшылықпен күрес жайлы жағымды материалдарға қанша ақша жұмсайтынын кеше жазған еді. Бүгін сол материалдан кейін бізді “заң бойынша жауапқа тартқысы” келетіндер жайлы хабар алдық. Алайда ондай адамдарға айтарымыз, біз әр сөзімізді нақты құжатпен дәлелдей аламыз. Сондықтан бүгін оқырман толыққанды ақпарат алуы үшін бүгін облыс әкімі Серікбай Тұрымовтың қызметін насихаттауға әкімдік қандай ақпарат құралдарына қанша төлегеніне тоқталуды жөн деп таптық.

Пандемия басталғалы Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы Zakon.kz порталының меншік иесімен 9,7 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаның есебінен облыс басшысын жанама түрде насихаттайтын материалдар шыққан. Мысалы, мына ақпаратта Тұрымов Иранның сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшілерін қабылдағаны жазылса, тағы бір ақпаратта әкім соғыс ардагері Бисен Боқаевтың үйіне қонақта болғаны баяндалады. Тұрымов "Маңғыстау бес айдың қорытындысы бойынша көш басында тұрғанын" жеткізген ақпарат үшін де Zakon порталына ақша төленді.

Тұрымовқа Ақтауда салына бастаған бірінші президент саябағының жобасын таныстырды деген ақпарат та ақылы болып шықты. Тұрымов Ақшұқырдағы спорт кешенін салтанатты түрде ашты, тіпті әкім “Спутник V” (орыс және қазақ тіліндегі ақпарат) вакцинасын салдырды деген ақпаратқа да бюджет ақшасы жұмсалды.

Zakon порталында шыққан әр ақпаратқа 124 мың теңге төленді.

Маңғыстау облысының әкімдігі Nur.kz порталымен пандемия басталғалы 12,8 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Тұрымовтың карантин кезінде “Маңғыстау портынан 4,5 млн тонна жүк жөнелтілді” деген бір ауыз мәлімдемесіне де ақша төленген. Он айдың ішінде 7400 пәтер пайдалануға берілді деген ақпаратқа да салық төлеушілер ақшасы жұмсалды.

Тұрымов 2020 жылы Маңғыстауда 7 жаңа жоба іске асқанын жеткізген ақылы ақпаратта тек әкімді ғана емес, “Риксос Ақтауға” да жарнама жасап, аймақтағы туризмді дамытудың сәтті мысалы ретінде көрсеткен.

Түрмедегі сотталған азаматтар Маңғыстау облысы әкімінен алғыс хаттар алды, Тұрымов Маңғыстауға дәрі-дәрмек жеткізілгенін хабарлады деген ақпараттарға да салық төлеушілер ақшасы төленді.

Маңғыстауға су тұщытқыш бірнеше зауыт салынады деген ақпаратқа да әкім пиарын кірістіріп жіберген. Тіпті Тұрымов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады деген ақпарат та ақылы болып шықты.

Тұрымовтың республикалық маңызы бар жолдарды қайта салу аяқталғанын хабарлаған ақпаратқа да ақша төленді.

Тіпті Маңғыстауға Ресейден бір топ медицина қызметкерлері келгені туралы ақпаратта да Тұрымов жүр. Тұрымов дәрігерлермен кездесуге қатыспаған, соның өзінде “бұл мамандарды аймаққа тарту жұмыстарына тікелей әкім қатысқаны” жайлы айтылады.

“Маңғыстауда биыл үш туристік нысан ашылады” деген ақпаратта Тұрымовтың сөзі де, Тұрымов жайлы бір ауыз сөз де берілмеген. Бірақ аймақтағы туристік нысандарды тізген материалдың ішінде Тұрымовтың мінбердің артында тұрған суретін қыстырып жіберген.

Nur.kz-те шыққан әр ақпаратқа 249 мың теңге төленді.

Пандемия басталғалы бері Маңғыстау облысының әкімдігі ақпарат құралдарының меншік иелерімен 700 млн теңгеге жуық сомаға келісімшарттар жасасты.

“Маңғыстау-Медиа” ЖШС: 274 млн теңгеден артық (2021 жылы берілген сома)
"Қазақстан" телерадиокорпорациясы: 335 млн теңге (бір сюжет - 200 000 теңге)
“Егемен Қазақстан” газеті: 32,1 млн теңге (қосымша келісімшарттарды қосқанда, бір мақала 289-565 мың теңге арасында)
“Казахстанская правда”: 16,1 млн теңге
Qamshy Media: 10,5 млн теңге
Tengrinews.kz: 5,4 млн тенге
"ЗАҢ” медиа-корпорациясы: 3,4 млн теңге
"NewTimes.kz” ақпарат агенттігі: 3,4 млн теңге
“АЙҚЫН-ЛИТЕР” ЖШС: 2,9 млн теңге ( 802 900 теңге төленген мақала бар).
Qazaqstan dauiri ЖШС: 2,4 млн теңге
Kazakhstan Today: 1,9 млн теңге
Адырна: 880 мың теңге

Әкімдіктердің пропагандаға жұмсайтын ақшасы туралы посттарды Instagram-парақшамыздан оқи отырыңыз..
591 viewsYelnur, 17:20
Открыть/Комментировать
2021-08-27 19:36:12 Сколько акимат Мангистау платит за позитивные материалы о борьбе с засухой

Охватившая Мангистаускую область засуха убила скот фермеров. На этом фоне СМИ, получившие тендер от областного акимата, разместили кучу материалов про то, как местные власти “успешно” борются с засухой и что “бесплатно раздали сено” и о “достаточном объеме сена и корма”. В общем, про то, как “все хорошо”.

Ras aitamyn замечает, что такого направления материалы выпускал Zakon.kz по договору на 4,3 млн.тенге с облакиматом, который возглавляет Серикбай Трумов,

В июне, когда погибал скот от нехватки корма и сена, Zakon утверждал, что в Мангистауской области создан достаточный запас кормов.

Акимат Мангистау потратил 204 млн тенге из бюджета на сено из Актюбинской области и продавал местным фермерам, а за информацию об этом платил Zakon.kz по цене 124 тыс.тенге за каждую новость.

Акимат заплатил за еще одную новость Zakon.kz - за то, что Трумов на брифинге рассказал о “проводимой деятельности в регионе по предупреждению последствий засухи”. В платной новости были распространены слова акима о том, что для увеличения запасов корма выделены более 200 млн тенге.

За эту же новость акимат Мангистау платил и Qamshy.kz. В целом акимат заключил договор с Qamshy.kz на 2,4 млн тенге. На эти деньги издание активно писало о том, как “акимат взял под контроль вопросы сохранения поголовья скота”. К примеру, платная новость о том, как “В Мангистау доставили 9 вагонов ячменя”.

За новость о визите в Мангистаускую область исполняющего обязанности министра сельского хозяйства Ербола Карашукеева Qamshy также получил деньги с тендера. Однако в вышедшей новости было больше пиара работы акима области. В материале говорится, что Трумов направил Карашукееву ряд предложений касательно развития сельского хозяйства.

В апреле акимат Мангистау договорился с провластной газетой “Казахстанская правда” на 7,1 млн тенге. На эти деньги “Казправда” написала о “прекращении падежа КРС, вызванного засухой”. Стоимость одной такой статьи - 375 тыс. тенге. В июле Ербол Карашукеев узнал от фермеров, что падеж скота не прекратился. Однако “Казправда” поверила только версии акимата и не привела слова фермеров.

Самый большой тендер, как и в некоторых регионах, акимат Мангистау отдал подотчетному себе СМИ - “Мангистау Медиа”. По трем договорам на 274 млн тенге СМИ, входящие в холдинг “Мангистау Медиа”, написали о том, как местные чиновники успешно борются с засухой. К примеру в газете “Жаңа өмір” вышла статья с заголовками: “Бесплатно раздали сено”, “В нашем районе - министр сельского хозяйства”. А в газете “Қарақия” выходили статьи с заголовками: “Правительство помогло фермерам”, “Ситуация в региона стабилизировалась”. Такого же характера материалы выдавали относящие к “Мангистау Медиа” газеты “Мұнайлы” және “Маңғыстау”.

Таким образом, в регионе, когда фермеры теряли скот, который погибал от засухи, акимат Мангистауской области отдал миллионы СМИ, на которые публиковали манипулятивные однобокие материалы, якобы показывающие, что власти “борются с засухой”. Однако от этого гибель скота не прекращается до сих пор. Разумнее было бы эти миллионы направить на закуп корма и сена и раздать их бесплатно.

Однако Ербол Карашукеев считает, что СМИ недостаточно освещают “ход заготовки кормов в областях”.
4.4K viewsБагдат, edited  16:36
Открыть/Комментировать
2021-08-27 18:52:00 Маңғыстау облысының әкімдігі қуаңшылықпен күресті көрсететін жағымды материалдарға қанша ақша жұмсады?

Маңғыстау облысын қуаңшылық жайлап, мал қырылып жатқан тұста облыс әкімдігінен тендер алған ақпарат құралдары әкімдіктің қуаңшылықпен күресін белсенді насихаттап, “аймақта жем-шөп жеткілікті”, “тегін шөп таратылды”, “мал азығы молайтылды” деген сарында материалдар жариялаған.

Серікбай Тұрымов басқаратын әкімдік Zakon.kz сайтының меншік иесімен сәуір айында 4,3 миллион теңгеге келісімшарт жасасты. Осы соманың есебінен Zakon порталы әкімнің қызметін насихаттап қана қоймай, әкімдіктің қуаңшылықпен қалай күресіп жатқанын жазды.

Маусым айында облыста жем-шөп жетпей, мал қырылып жатқан тұста Zakon “Маңғыстау облысында жем-шөптің жеткілікті қоры құрылғанын” жазды. Әкімдік осы жем-шөпті Ақтөбе облысынан сатып алуға бюджеттен 204 млн теңге жұмсап, оны жергілікті шаруаларға сатқан. Ал осы ақпарат үшін Zakon порталына 124 мың теңге төленген.

Маусым айында шыққан тағы бір ақпаратта Zakon.kz әкім Серікбай Тұрымовтың орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингіде қуаңшылықпен күрес шаралары туралы айтқан мәлімдемесін берген. Портал әкімнің “жем-шөп қорын көбейту үшін 200 млн теңгеден астам сома бөлінді” деген сөзін келтіреді. Бірнеше абзацтан тұратын осы ақпаратқа да 124 мың теңге төленді.

Сәуір айында әкімдік биліктің“Казахстанская правда” басылымымен 7,1 млн теңгеге келісімшарт жасасты. “Казправда” шілде айында “Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан малдың қырылуы тоқтатады” деген материал берген (375 мың теңге). Мақалада әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлдың “екі аптадан бері аймақта мал қырылмағаны” туралы сөзі келтіріледі. Алайда шілде айында ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевпен кездескен фермерлер малдың қырылуы тоқтамағанын мәлімдеген. Бірақ“Казправда” тек әкімдік сөзіне сүйеніп, фермерлердің уәжін қоспаған.

Маңғыстау әкімдігімен 2,4 млн теңгеге келісімшарт жасасқан Qamshy.kz сайты да әкімдіктің “мал басын сақтап қалу үшін” қандай шараларды қолға алғанын белсенді түрде жазған. “Маңғыстау облысына 9 вагон арпа жеткізілді” деген ақпарат ақылы болып шықты.

Qamshy.kz облыс әкімі Тұрымовтың қуаңшылыққа байланысты мал басын сақтап қалу мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды тізген мәлімдемесін де берген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен жазылған ақпаратта тағы да әкімнің “мал азығын қалыптастыру үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлінгені” айтылады.

Qamshy ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Қарашөкеевтің Маңғыстау облысына жұмыс сапарын да тендер есебінен жазған. Бірақ ақпаратта тағы да Тұрымовтың насихатын қыстырып жіберген. Материалда облыс әкімі Тұрымовтың Қарашөкеевке ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс жолдағаны келтіріледі.

Маңғыстау облысы әкімдігі ең көп тендерді өзіне қарасты “Маңғыстау Медиа” ЖШС-ға берген. Биылдың өзінде әкімдік “Маңғыстау Медиамен” 274 млн теңгеге үш келісімшарт жасасты. “Маңғыстау Медиа” ЖШС-ға кіретін ақпарат құралдары да шенеуніктердің қуаңшылыққа қарсы қалай күресіп жүргенін жан-жақты насихаттады. Мысалы, “Жаңа өмір” газеті шілде айында “Тегін шөп таратылады” (44 мың теңге), “Ауыл шаруашылық министрі ауданымызда” (144 мың теңге), ал “Қарақия газеті” “Мал азығы дайындалуда” (15 мың теңге), “Министр Қарақия ауданында болды” (26 мың теңге), “Үкімет фермерлерге көмектеседі” (38 мың теңге), “Өңірдегі ахуал тұрақтанды” (65 мың теңге), “Оңтүстіктен шөп келді” (26 мың теңге) деген материалдар жариялаған. “Маңғыстау Медиаға” қарасты “Мұнайлы” және “Маңғыстау” газеттері де тендер есебінен осы тектес материалдар берген.

Осылайша аймақтағы жұрт қуаңшылықтан зардап шегіп, мал қырылып жатқан тұста Маңғыстау облысының әкімдігі әкім пиарын былай қойғанда, “қуаңшылықпен күресін” БАҚ-та біржақты көрсету үшін бюджеттен ақша жұмсаған. Әкім мен шенеуніктердің қызметін насихаттағанша, бұл ақшаға жем-шөп сатып алып, шаруаларға тегін таратуға болар еді. Бірақ Тұрымов басқаратын әкімдік олай деп ойламайтын сияқты.
943 viewsYelnur, edited  15:52
Открыть/Комментировать
2021-07-31 12:06:31 Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың әлемжелідегі пиары қанша тұрады?

Облыс әкімдіктерін былай қойғанда, қала әкімдіктері де әкімнің қызметін әлеуметтік желіде көрсету үшін бюджет ақшасын жұмсайды. Мысалы, Өскемен қаласының әкімдігі жыл басынан бері “қаланың атқарушы билігінің қызметі мен Өскеменнің қоғамдық саяси өмірін” әлемжелідегі танымал пабликтерде жариялау үшін 18,6 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Жақсылық Омар басқаратын әкімдік жыл басынан бері әлеуметтік желіде қызметін көрсету үшін үш келісімшарт жасасқан. Мамыр айында 2,5 млн теңгеге MOST ЖШС-мен, ал Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты “Шығыс ақпаратпен” сәуірде 9 млн теңгеге, шілдеде 7,1 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Өскемен әкімдігі “қаладағы мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу және қоғамдық-саяси бағыттағы бейнероликтерді дайындау үшін” “Шығыс ақпаратпен” 9 миллион теңгеге жасасқан келісімшарттың 5,6 миллион теңгесін игеріп қойылды.

Осы сома есебінен Өскемендегі танымал пабликтерде жұртты вакцинацияға үгіттейтін материалдар мен әкім Жақсылық Омардың қызметін көрсететін посттар жарияланған.

Мысалы, Facebook-тегі “Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!” парақшасында шыққан Жақсылық Омардың мектепте қала халқымен кездескені туралы бейнеролик ақылы болып шықты. Бұл пост небәрі үш лайк қана жинапты. Әкімнің мектептерді аралап, жөндеу жұмысын тексергені туралы роликке де ақша төленген. Жақсылық Омар Өскеменде төбесі опырылып түскен үйге барып, тұрғындармен кездескені туралы сюжетке де бюджет ақшасы жұмсалған.

Әкім қаладағы жөнделіп бітпеген жолдарды аралап, жолды уақытында жөндемеген мердігерге “әрбір кешіккен күнге айыпақы төлейсіңдер” деп ескерткенін жазған постқа да ақша төленді.

Әкімдік арқасында жылыту маусымында дайындық көктемде басталды , Жақсылық Омар тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын зауыт құрылысын инвестормен талқылады, аттракционда жазатайым оқиға болған “Металлург” паркіне барып, комиссия құрды, технологиялық бақылаумен бірге жөнделген жолдарды тексеріп, мердігерлерге ұрысты деген посттар мен сюжеттерге бюджет қаржысы жұмсалды.

Кейбір посттар әкімді ашық мақтайтыны сонша, пабликтердегі жазылушылар оған бюджет ақшасы төленгенін бірден біліп, астына пікір жазған. Мысалы, 154 мың жазылушысы бар uka_city паблигінде “Омарға дейін және Омардың кезінде” деген айдармен әкімнің қаланы қалай өзгерткенін көрсететін суреттер бірнеше мәрте берілген. Сондай посттардың бірінде “қазіргі әкім қаланың өміріне жағымды әсер еткен шешімдер қабылдағаны” айтылып, Лихарев ескерткіш-фонтаны жанындағы алаңқай суреті берілген. Бірақ бұл оқырманға әкімдік күткендей әсер етпесе керек. Посттың астында “Қаланы қазып, ағаштарды кесіп тастады, гүлдер өсірмейді”, “Омардың кезінде қала қирап жатыр”, “Омар Өскемен тарихындағы ең нашар әкім” дегендей пікірлер өріп жүр.

Тағы бір постта Омардың кезінде “Самал” саябағы мен “Алтай” стадионы жөнделгені, Арбат қалпына келгені, бірақ халық ол туралы жақ ашпай, үндемей ғана пайдаланатыны жазылыпты. Бұл постқа жауап қайтарғандар “Омаров бұл жұмысты қалтасынан жасаған жоқ, бұл халықтың салығына жасалған жұмыс, әріберіден соң өз жұмысын жасағаны үшін көкке көтерудің қажеті жоқ”, “әкімдік осы бір түкке тұрғысыз пиар үшін бюджеттен қанша төледі екен?” деген пікірлер қалдырыпты.

Өскемен әкімдігі Facebook желісіндегі парақшаларда 8959 секундтық сюжеттер мен Instagram-дағы танымал пабликтерде шыққан 338 пост үшін бюджеттен әзірге 5,6 млн теңге төледі. Әрі бұл тек Шығыс ақпаратпен жасасқан 9 млн теңгенің келісімшарты бойынша. Бұл келісімшарты бойынша, жалпы 560 пост шығуы тиіс.
1.3K viewsYelnur, 09:06
Открыть/Комментировать
2021-07-31 11:58:06 “До и при Омаре”. Как в Усть-Каменогорске пиарят акима Жаксылыка Омара в соцсетях


Ras aitamyn рассказывал о тратах на пиар акимов областей (кроме Алматы, Астаны и Шымкента), но теперь обратил внимание и на акимов городов. К примеру, акимат Усть-Каменогорска, который возглавляет Жаксылык Омар, с апреля по июль этого года заключил договоры на публикации материалов о деятельности горакимата в социальных сетях. Один договор с фирмой MOST на 2,5 млн тенге, и два - с ТОО “Шығыс ақпарат” (которое платило паблику ZTB) на 9 млн тенге, и 7,1 млн тенге.

По тендеру на 9 млн.тенге “Шығыс ақпарат” сейчас освоил 5,6 млн.тенге. На эти деньги в известных пабликах в соцсетях опубликованы видеоролики, призывающие население вакцинироваться против ковида, но также вышли посты, пиарящие акима Усть-Каменогорска Жаксылыка Омара.

К примеру, в Facebook-группе “Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!” 1 июля вышел проплаченный пост “Встреча с акимом”, в котором говорится о встрече Жаксылыка Омара с жителями 19, 20 микрорайонов, левого берега, поселка Куленовка, Жыланды и Ульбинский. А в инстапаблике oskemen_online 9 июля опубликовали видеоролик о том, как Омар ознакомился с ходом ремонта в городских школах. Этот же ролик вышел и в группе “Восточноказахстанцы всех стран, объединяйтесь!” в тот же день. В паблике go_oskemen вышел проплаченный пост о том, как аким Усть-Каменогорска провел рабочую поездку по улицам, на которых еще не закончен средний ремонт дорог.

14 июня в Усть-Каменогорске обрушилось потолочное перекрытие 2-этажного дома. К счастью, никто не пострадал. На место ЧП приехал аким города и встретился с жильцами. Благое дело. Однако мы выяснили, что и эта новость оказалась проплаченной.

В паблике uka__city_вышел ролик, показывающий, как акимат во главе с Омаром “еще весной готовится к отопительному сезону”. Далее, в oskemen24 размещен платный пост о том, как Жаксылык Омар обсуждает строительство завода по сортировке твердо-бытовых отходов с представителями греческой фирмы SABO и руководителями коммунальных служб.

В свою очередь oskemenlive небесплатно рассказал о том, как аким Усть-Каменогорска посетил парк “Металлург”, где произошел инцидент на аттракционе. Денег жителей стоила также новость о том, как Жаксылык Омар проверил качество дорог и сделал замечание подрядчикам.

В некоторых проплаченных постах, публикуя фотографии с подписью “До и при Омаре”, настолько открыто хвалят акима города, что это замечают подписчики и оставляют негативные комментарии. И авторы паблика uka_city даже решили ответить на негатив в адрес их “любимого градоначальника”. В этом посте говорится, что “на счету нынешнего акима достаточно и таких решений, которые вызвали положительный отклик у горожан” и далее идет перечисление. К посту вновь приложили фотографии “До и при Омаре”. Однако в комментах читатели снова привели контраргументы: при Омаре “город уничтожили, разрыли, деревья спилили, цветы никто не высаживает. Все в асфальт зарыли”, “При Омаре разруха и грязь”, “До Омара автобусов было больше”.

В еще одном проплаченном акиматом посте “До и при Омаре” в паблике uka_city автор будто упрекает горожан, что они не говорят хорошо о работе акима, но “молча ведут детей в парк Самал, где раньше были заросли” и “молча проводят выходной на Арбате с чашечкой кофе". К посту вновь приложены фото с подписью “До и при Омаре”. Однако читатели в комментариях ответили: “Как будто за свои деньги он делал, народа налоги. Это его работа,нечего тут его боготворить,для этого его назначили”. И также задавались вопросом: “Интересно сколько заплатил Омар за его пиар?”.

К этому дню акимат Усть-Каменогорска с денег жителей заплатил 5,6 млн тенге за 338 постов в пабликах в Instagrame и за 8959 секунд сюжетов в группах в Facebooke. В целом чиновники запланировали 560 постов, показывающие работу акимата. И это только по договору с “Шығыс ақпарат” на 9 млн.тенге. Всего на размещение платных постов и роликов в пабликах акимат намерен потратить 18,6 млн.тенге.
1.0K viewsБагдат, edited  08:58
Открыть/Комментировать