Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Azattyq - Азаттық

Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық A
Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық
Адрес канала: @azattyq
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 8.68K
Описание канала:

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал azattyq и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения

2022-09-01 16:31:20
AzatNews -

197 views13:31
Открыть/Комментировать
2022-09-01 14:09:26 Биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы, келесі жылы мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін, 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Жолдауда Тоқаев бір тақырыптан екіншісіне жиі ауысып, көптеген уәде берді. Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасалатынын, кәмелетке толмаған азаматтарға арнайы есепшот ашылып, ақша салынатынын айтты.

Сілтеме https://www.azattyq.org/a/32013982.html
485 views11:09
Открыть/Комментировать
2022-09-01 10:43:19 Қазақстанда әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қайта қаралады. Бұл туралы 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Қоғамның талабын ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып қалады" деді Тоқаев одан кейін зейнет жасы қалай өзгеретінін нақтыламай.

Қазақстанда әйелдер былтырдан бері зейнетке шығу жасын төмендетуді талап етіп келеді. Тамыздың соңында бірнеше қалада осы талаппен бейбіт митингілер өтті.

Ел билігі әйелдердің зейнетке шығу жасын 2018 жылдан бері жыл сайын алты айға өсіріп келеді. 2022 жылдан бастап әйелдер зейнетке алпыс жарым жаста шығатын болған. Бастапқы жоспар бойынша, 2027 жылға дейін бұл меже 63-ке келіп тоқтауы керек еді.

t.me/azattyq
710 views07:43
Открыть/Комментировать
2022-09-01 10:18:50
1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы қатысушыларына бір реттік рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

"Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым" деді Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, бұл рақымшылыққа тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілер, сонымен қатар мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптылар жатпайды.

t.me/azattyq
866 viewsedited  07:18
Открыть/Комментировать
2022-09-01 09:41:55
Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент және парламент сайлауын жариялады
749 views06:41
Открыть/Комментировать
2022-09-01 08:09:45 Тамыздың соңында жүздеген әйел зейнет жасын төмендетуді талап етіп, митингіге шықты. Акция ұйымдастырушылары билік тарапынан қысым жасалғанын, шенеуніктер бейбіт жиынды ғимарат ішінде өткізуді сұрағанын айтады. Әйелдер зейнет жасын төмендету мәселесін былтырдан бері көтеріп келеді. Бірақ билік әйелдер талабына мардымды жауап бермей отыр.

Толығырақ мында оқыңыз: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-women-demands-to-lower-the-retirement-age/32013411.html
832 views05:09
Открыть/Комментировать
2022-09-01 06:29:20 Тәжікстан билігі ВИЧ-инфекциясы анықталған 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеді

Тәжікстан билігі соңғы алты айда 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеген. Себебі, қалыңдық не күйеу баланың бірінен ВИЧ-инфекциясы анықталған.

Дәрігерлер жас жұбайлар тек толық тексеруден өткеннен кейін ғана той өткізе алады дейді. 1991 жылдан бері Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 15 мың адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін олардың 3,5 мыңы қайтыс болған.

"Мен сегіз жылдан бері зардап шегіп келемін. Адамдар әртүрлі қарайды, көбі айыптайды", - дейді 31 жастағы Мухсиба (аты-жөні өзгертілген).

https://www.azattyq.org/a/32013404.html
882 views03:29
Открыть/Комментировать
2022-08-31 16:12:13
«Алматыда екі бөлмелі пәтер 250 мың теңге». Қымбаттаған жалдамалы нарық

Алматыда пәтер құны да, оны жалдау да қымбаттап жатыр. Оқу маусымының қарсаңындағы қарбалас, бағаның көтерілуі жыл сайын байқалатын құбылыс. Бірақ биыл бұрынғыдан баға айырмашылығы қатты байқалады. Қолайлы бағаға пәтер таба алмаған студенттер далада қалғандай күй кешіп жүрміз дейді.

t.me/azattyq
1.0K views13:12
Открыть/Комментировать
2022-08-31 15:21:07
AZATNews қайта оралды!

Горбачевтың қазасы, Мәсімовтің ісі, жұмысшылар наразылығы - AzatNEWS 31.08.2022

КӨРУ:



t.me/azattyq
2.0K views12:21
Открыть/Комментировать
2022-08-31 14:03:48
Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Облысты осыған дейін басқарып келген Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

59 жастағы Тоғжанов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Вице-премьер қызметінде екі жарым жыл істеді. Оған дейін Маңғыстау облысының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Оразалин облыс басшылығына 2019 жылы келген. Оның алдында 13 жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген.

t.me/azattyq
952 viewsedited  11:03
Открыть/Комментировать