Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Azattyq - Азаттық

Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық A
Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық
Адрес канала: @azattyq
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 8.68K
Описание канала:

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал azattyq и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 7

2022-06-11 13:25:08 Білім және ғылым министрлігі оқу-ағарту министрлігі және жоғары білім министрлігі болып екіге бөлінді. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" бүгін жарияланған жарлығымен екі министрліктің еншісі бөлінген.

https://www.azattyq.org/a/31893576.html
787 views10:25
Открыть/Комментировать
2022-06-11 11:36:31
#баспасөзшолуы
814 views08:36
Открыть/Комментировать
2022-06-11 10:53:54 Батыс басылымдары бұл аптада Қазақстанда Назарбаев дәуірі біржола аяқталғанын жазды. Вашингтон мен Мәскеудің Қазақстанға ықпал үшін тартысатынына үңілді. Қазақстанға келген Қытай сыртқы істер министрі Ванның Орталық Азия елдеріне қандай ақыл айтып, нендей нұсқау бергенін де талдады

https://www.azattyq.org/a/kazakhsan-sentral-azia-washington-moscow-china/31893460.html
750 views07:53
Открыть/Комментировать
2022-06-11 09:33:58 Президент Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындады

Қазақтанның орталығындағы жаңадан ашылған Ұлытау облысының әкімі қызметіне Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды. Бұл ақпаратты Ақорда сайты хабарлады.

Биыл 8 маусымда құрылған Ұлытау облысының әкімшілік орталығы болып Жезқазған қаласы белгіленген. 1997 жылға дейін Қазақстанда Жезқазған облысы болған. Сол жылы аумақтық реформадан кейін Қарағанды облысына қосылған.

https://www.azattyq.org/a/31893424.html
782 viewsedited  06:33
Открыть/Комментировать
2022-06-11 07:22:18 Эстония сыртқы істер министрлігі Путиннің Нарва қаласы туралы сөзі үшін жұма күні Ресейдің осы елдегі елшісі Владимир Липаевты шақырып алды.

Ресей елшісімен әңгімелескен шенеуніктің сөзінше, Эстонияның Нарва қаласы туралы Путин сөзі Эстонияны алаңдатады.

https://www.azattyq.org/a/31893395.html
866 views04:22
Открыть/Комментировать
2022-06-11 06:47:54 Украинаның шығысында өз-өзін тәуелсіз деп жариялаған ДХР "сотының" бейсенбі күні Ұлыбританияның Украина қарулы күштерінде қызмет етіп жүрген екі азаматы мен Марокко азаматын өлім жазасына кескені әлемдік қауымдастық реакциясын туғызды. Батыс саясаткерлері үкімді негізсіз деп санап, қайта қарауды талап етіп отыр.

https://www.azattyq.org/a/31893382.html
868 views03:47
Открыть/Комментировать
2022-06-10 17:38:03
5 маусымда өткен референдумды14 өңірде бақылаған "Мұқалмас" қоғамдық бірестігі "биліктің тарапынан көп құқай көрдік, нәтижесінде науқанды әділ байқау мүмкін болмады" дейді. Бірлестік төрағасы кей байқаушылардың үстерінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жеткенін айтады.
1.0K views14:38
Открыть/Комментировать
2022-06-10 16:29:45
AzatNews



1.0K views13:29
Открыть/Комментировать
2022-06-10 15:22:37 Үкімет Алматы мен Атырауда Ресей университеттерінің филиалын ашуды жоспарлайды


Қазақстан үкіметі Алматы мен Атырауда Ресейдің екі университетінің филиалын ашу жобасын талқыға шығарды.

Үкімет Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Ресейдің ұлттық ядорлық зерттеу университетінің ("МИФИ") филиалын, Атыраудағы Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің базасында Ресейдің Губкин атындағы мұнай-газ мемлекеттік университетінің филиалын ашуды жоспарлайды.

https://www.azattyq.org/a/31892340.html
965 views12:22
Открыть/Комментировать
2022-06-10 13:22:23 Нұр-Сұлтанда президентке арыз айтуға келген азаматтың аштық жариялап жатқанына он күн болды

https://www.azattyq.org/a/31892081.html
1.0K views10:22
Открыть/Комментировать