Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Azattyq - Азаттық

Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық A
Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық
Адрес канала: @azattyq
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 8.68K
Описание канала:

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал azattyq и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 6

2022-06-15 05:44:50 Azattyq - Азаттық pinned «Министр Саясат Нұрбек 2016 жылғы жер шерулерін басып-жаншу жайлы: Бақылап жүруге мәжбүр болдым Шенеунік ол кезде Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы болғандықтан, "митинг болып жатқан жерде оның заңдылығын бақылап, қадағалау…»
02:44
Открыть/Комментировать
2022-06-14 17:02:44
Жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ант беріп, қызметіне кірісті. Ол 2016 жылы Алматыдағы жер митингісі кезінде адамдардың жаппай ұсталуына байланысты көп сыналған.
923 views14:02
Открыть/Комментировать
2022-06-14 16:24:49
КӨРУ -

907 views13:24
Открыть/Комментировать
2022-06-14 15:00:18
Толық нұсқасы осында



893 views12:00
Открыть/Комментировать
2022-06-14 14:14:30 Министр Саясат Нұрбек 2016 жылғы жер шерулерін басып-жаншу жайлы: Бақылап жүруге мәжбүр болдым

Шенеунік ол кезде Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы болғандықтан, "митинг болып жатқан жерде оның заңдылығын бақылап, қадағалау үшін жүруге мәжбүр болдым" дейді.

"Сол жерде болуымның жалғыз себебі – осы" деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, "ішкі саясат басқармасының [азаматтарды] ұстау туралы бұйрық беруге ешқандай құзыреті жоқ".

"[Наразылық болған] жерде бастан аяқ қатысып, жағдайды бақылауға тырысқан санаулы мемлекеттік шенеуніктердің бірі болдым" дейді Нұрбек.

t.me/azattyq
881 views11:14
Открыть/Комментировать
2022-06-14 13:52:57 Қамаудағы Жанболат Мамай Қаңтар оқиғасы бойынша куәгерден күдіктіге айналды. Оған тағы екі айып тағылды - Бұған дейін Қылмыстық кодекстің екі бабы: "Билік өкілін қорлау" (378 бап) және "Жалған ақпарат тарату" (274 баптың 2-тармағы) баптары бойынша айыпталып…
847 views10:52
Открыть/Комментировать
2022-06-14 13:10:40 Министр Тілеуберді Назарбаев пен Путиннің әңгімесінен бейхабар екенін айтты

Қазақстан сыртқы істер министрлігі елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенде қандай мәселені талқылағанын білмейді.

"Ол [Назарбаев] беделді саясаткер, халықаралық қауымдастыққа белгілі, президент Путинмен жеке достық қарым-қатынасы бар, неге араласуға болмайды?" деді министр.

Тілеуберді Назарбаевтың Мәскеуге сапарының мақсаты жайлы бірінші президенттің кеңсесінен сұрауға кеңес берді.

t.me/azattyq
820 viewsedited  10:10
Открыть/Комментировать
2022-06-14 12:06:36 Қырғызстан Ресейге Бішкектен 25 сотық жерді 49 жылға жалға бермекші.

Бұл туралы келісімді 13 маусымда ел парламенті – Жогорку кеңештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті мақұлдады.

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қордың төрағасы Мирлан Бакиров келтірген деректер бойынша, Бішкектегі Жібек жолы даңғылы мен Керімбеков көшесіндегі екі жер теліміне Ресей федералдық шекара қызметіне (ФПС) арналған ғимараттар мен өзге де нысандар салынбақ. Бұрын "Глобал Инвест" ашық акционерлік қоғамына тиесілі болып келген бұл жер телімдерін ФПС жеке тұлғадан сатып алған. Ресей тарабы Қырғызстан билігінен жылжымайтын мүлікке иелігін заңдастырып беруді өтінген.

t.me/azattyq
798 viewsedited  09:06
Открыть/Комментировать
2022-06-14 11:46:11
Фотограф Станислав Сеник Украинаның Чернигов қаласындағы мектеп түлектерін қираған ғимараттар арасында суретке түсірді. Түлектер осы сәт мәңгі есте қалатынын және суреттерді болашақта балаларына көрсеткісі келетінін айтты.

: @senykstas
771 views08:46
Открыть/Комментировать
2022-06-11 15:36:09 Нұр-Сұлтан қаласының архитектура және қала құрылысы басқармасының бастығы Нұрлан Ұранхаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ақорда баспасөз қызметі 10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысының мәслихатына Нұрлан Ұранхаев пен Асхат Смаиловтың кандидатурасын ұсынғанын хабарлаған.

https://www.azattyq.org/a/31893644.html
659 views12:36
Открыть/Комментировать