Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Azattyq - Азаттық

Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық A
Логотип телеграм канала @azattyq — Azattyq - Азаттық
Адрес канала: @azattyq
Категории: Новости и СМИ
Язык: Русский
Страна: Казахстан
Количество подписчиков: 8.68K
Описание канала:

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Рейтинги и Отзывы

4.00

2 отзыва

Оценить канал azattyq и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 237

2021-05-10 08:15:14 Жексенбі, 9 мамырда Ауғанстан астанасында содан бір күн бұрын жасалған теракті салдарынан қаза тапқандарды жерледі. Сенбі күні түстен кейін Кабулдың батыс бөлігіндегі, негізінен исламның шиит бағытын ұстанатын хазарилер тұратын Даше-е-Барчи ауданындағы Саид әл-Шухада мектебінің қасында бірнеше жарылыс болған. Қазіргі мәлімет бойынша, кемінде 50 адам мерт болып, 100-ден астам адам жараланған. Мерт болғандардың көбі – мектепте оқитын қыз балалар.

@azattyq
439 views05:15
Открыть/Комментировать
2021-05-10 08:00:40 10-11 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығында «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламалары жайлы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, елдің «демократиялық жолға түскені» жазылады. Бірақ оқулықтарда теңгенің құнсызданғаны, Шаңырақ пен Жаңаөзен оқиғасы, саяси қайраткерлердің қазасы туралы айтылмайды. Азаттық тарих оқулықтарына енбей қалған негізгі оқиғаларды тізіп шықты.


@azattyq
450 views05:00
Открыть/Комментировать
2021-05-09 16:48:53 8 мамырда Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Тәжікстан президентінің ресми сайтындағы ақпаратта кездесудегі әңгіме барысында Рахмонның "тәжік-қырғыз шекарасында болған оқиғаларды қозғап, Тәжікстан үкіметінің барлық мәселені келіссөздер арқылы бейбіт шешу керек деген ұстанымға берік" екенін айтқаны жазылған.

@azattyq
581 views13:48
Открыть/Комментировать
2021-05-09 12:14:12 Қазақстанда кейінгі бір тәулікте тағы да 2350 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы жексенбі, 9 тамызда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Алматы қаласында – 637, Нұр-Сұлтанда 324 науқас жаңадан тіркелген. Аймақтар бойынша Қарағанды облысы (249) мен Алматы облысында (208) инфекция жұқтырғандар көбейіп отыр.

@azattyq
600 views09:14
Открыть/Комментировать
2021-05-09 09:43:14 Алматы әуежайын сатты, Шымкент билігі шешімінен айныды, батыста киік көбейді

Азаттық тілшілері осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

ОҚУ

@azattyq
595 views06:43
Открыть/Комментировать
2021-05-09 07:39:08 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы. Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты. Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады" деген Тоқаев.

@azattyq
573 views04:39
Открыть/Комментировать
2021-05-09 06:04:55 8 мамырда Шымкентте азаматтық белсенді Оралбай Біләловтің үйін күзеткен полиция қызметкерлері оны полиция басқармасына апарып, бір жарым сағаттан соң босатқан.

Біләловтің Азаттыққа айтуынша, 7 мамырдан бері екі полицей үйін қарауылдап тұр. 8 мамырда таңертең өзі оларға барып, "үйқамақта отырмағанын" айтып, күзетті тоқтатуды талап еткен. Содан кейін полицей шақырту қағазын көрсетіп, одан полиция басқармасына баруды сұраған. Біләловтің айтуынша полицейлер "қылмыстық іс бойынша куә ретінде" тергеуге шақырылғанын айтқан, ал белсенді ол шақыртуды оқудан бас тартқан.

@azattyq
582 views03:04
Открыть/Комментировать
2021-05-08 14:08:49 ДДСҰ коронавирусқа қарсы алтыншы вакцинаны мақұлдады

Бұл – ДДСҰ-ның қолдауына ие болған Батыстан басқа елде өндірілген алғашқы вакцина.

@azattyq
670 views11:08
Открыть/Комментировать
2021-05-08 12:56:37 Орал тұрғыны "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны" үшін 10 тәулікке қамалды

Белсенді Маруа Ескендірова адам құқықтарының бұзылып жатқаны жөнінде Еуропарламент пен жергілікті билік өкілдеріне арнап видеоүндеу жазу жоспарланған, митинг өткізу мақсаты болмаған.

@azattyq
643 views09:56
Открыть/Комментировать
2021-05-08 12:33:09 Шетел басылымдары Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі деген Алматы әуежайының түрік компаниясына сатылғанын хабарлады.

@azattyq
590 views09:33
Открыть/Комментировать