Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 | Azattyq - Азаттық

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Облысты осыған дейін басқарып келген Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

59 жастағы Тоғжанов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Вице-премьер қызметінде екі жарым жыл істеді. Оған дейін Маңғыстау облысының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Оразалин облыс басшылығына 2019 жылы келген. Оның алдында 13 жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген.

t.me/azattyq