Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Тәжікстан билігі ВИЧ-инфекциясы анықталған 22 жас жұбайға той | Azattyq - Азаттық

Тәжікстан билігі ВИЧ-инфекциясы анықталған 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеді

Тәжікстан билігі соңғы алты айда 22 жас жұбайға той өткізуге рұқсат бермеген. Себебі, қалыңдық не күйеу баланың бірінен ВИЧ-инфекциясы анықталған.

Дәрігерлер жас жұбайлар тек толық тексеруден өткеннен кейін ғана той өткізе алады дейді. 1991 жылдан бері Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 15 мың адам тіркелген. Бүгінгі күнге дейін олардың 3,5 мыңы қайтыс болған.

"Мен сегіз жылдан бері зардап шегіп келемін. Адамдар әртүрлі қарайды, көбі айыптайды", - дейді 31 жастағы Мухсиба (аты-жөні өзгертілген).

https://www.azattyq.org/a/32013404.html