Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек К
Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Адрес канала: @kalkastop
Категории: Лингвистика
Язык: Русский
Количество подписчиков: 11.68K
Описание канала:

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал kalkastop и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 72

2021-03-12 19:36:52 Үшінші!

https://t.me/qazsoz

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы.
121 viewsNazgul Kozhabek, 16:36
Открыть/Комментировать
2021-03-12 19:06:47 таспен атылған

закиданный камнями

мылтықпен атылған

застрелянный из ружья

Не десең о де, бірақ мұндай тіркестер қазақ тілінде ырықсыз етісте қолданылмайды.
261 viewsNazgul Kozhabek, 16:06
Открыть/Комментировать
2021-03-12 10:24:35 Екінші!

Қазіргі журналистикадағы мықтылардың бірі - Аян Қалмұраттың “Журфак” каналы.

Аян үнемі ізденісте жүреді. Білгенін ортаға салудан аянбайды.

https://t.me/jourfaculty
773 viewsNazgul Kozhabek, 07:24
Открыть/Комментировать
2021-03-12 08:16:13 Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек pinned «Бірінші! Димаштың аудармаларын оқыған да арманда, оқымаған да арманда! Оқығандар “мен де осылай аударма жасай алсам ғой” деп армандайды, оқымағандар - “неге осы уаққа дейін мынадай дүниелерден құр қалып келгем????” деп армандайды. Мархабат! https://…»
05:16
Открыть/Комментировать
2021-03-12 08:15:54 Бірінші!

Димаштың аудармаларын оқыған да арманда, оқымаған да арманда! Оқығандар “мен де осылай аударма жасай алсам ғой” деп армандайды, оқымағандар - “неге осы уаққа дейін мынадай дүниелерден құр қалып келгем????” деп армандайды.

Мархабат!

https://t.me/qisyqaudarma
927 viewsNazgul Kozhabek, edited  05:15
Открыть/Комментировать
2021-03-12 08:01:29 Наурыз-науқан! Қазақ тілінде контент жасайтын 22 телеграм-каналға жарнама жасаймын. Ол үшін жекеге каналыңыз туралы ақпарат жолдаңыз. Шарт - сіз осы каналдың оқырманы болуыңыз керек және каналыңыздағы контентте осы каналда айтылатын қателер болмауы керек. Айтпақшы, тегін.

А иә. Секс, зорлық-зомбылық, арзан әзіл, дін, экстремизм және басқа да крайносьттар болмауы керек екені айтпаса да түсінікті шығар.
985 viewsNazgul Kozhabek, edited  05:01
Открыть/Комментировать
2021-03-12 06:47:38 “Улыбка” дегенді аударамыз деп, “жымиыс” деген сөз жасап алдық. Жасанды, сүйкімсіз. “Посмотрел с улыбкой” дегенді аударғыңыз келсе, “жымиыспен қарады” демейсіз, “жымия қарады” дейсіз.
1.0K viewsNazgul Kozhabek, 03:47
Открыть/Комментировать
2021-03-11 21:53:21 Орыс тілінде “сократится число” дегенді “станет меньше” деген тым қарабайыр көрінген соң, оның үстіне ол “азаю” және “кішірею” дегенді бір-ақ білдіретін болған соң ойлап тапқан. Оны қазақша “саны қысқарады” демей-ақ, “азаяды” дей салуға болады.
1.1K viewsNazgul Kozhabek, edited  18:53
Открыть/Комментировать
2021-03-11 21:09:11 Қазақ еліне +1 қазақша канал. Футбол туралы тек қазақша жазады. Тор клубтардың трансферлері, болжамдар мен аналитика болады. Тәй-тәй басып келе жатыр. 200-ге жетсек, сыйлық ойната бастаймыз дейді. Тез жазылып алыңдар

https://t.me/taza_gol
1.1K viewsNazgul Kozhabek, 18:09
Открыть/Комментировать
2021-03-11 19:35:16 Бұрын алдыңғы арбаның артынан кейінгі арба ілесуші еді, қазір дөңгелек боп кетіпті. Мәтелді бұлай өзгерту қисынсыз екенін неге байқамайсыздар?
Арбаның жүруі - ерікті процесс, яғни арба емес, соны айдап отырған адам алдыңғы жолбасшыға ілесіп, соның жолымен жүреді.
Ал артқы доңғалақта/дөңгелекте ондай ерік жоқ. Әсіресе передний привод мәшине болса...

Оның үстіне, арба жүреді, ал дөңгелек жүрмейді. Ол жай ғана айналады.

Сондықтан, “Алдыңғы арба қайда жүрсе, кейінгі арба сонда жүреді” деп дұрыс қолданайық.
1.1K viewsNazgul Kozhabek, edited  16:35
Открыть/Комментировать