Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек

Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек К
Логотип телеграм канала @kalkastop — Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Адрес канала: @kalkastop
Категории: Лингвистика
Язык: Русский
Количество подписчиков: 11.68K
Описание канала:

Каналға жаңа жылда өсіп-өркендеуге тілекші болам десеңіз 🤗
77078399871

Рейтинги и Отзывы

3.00

3 отзыва

Оценить канал kalkastop и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

1

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 67

2021-04-19 08:03:37 295 адам қате жауап берген. Қазақта отырып қалатын қыз ғана. Ал киім бір өңірде ширап, бір өңірде шуып қалады. Орысша “садится, сядет” дегенді калькалап “отырып қалу” деп аударғаннан болған қате.
1.3K viewsNazgul Kozhabek, 05:03
Открыть/Комментировать
2021-04-17 12:17:30
Қазақ тілінде адамнан басқаның аяғы аяқ емес, сирақ деп аталады. Жан-жануар, аң-құс, жиһазда - сирақ.
783 viewsNazgul Kozhabek, 09:17
Открыть/Комментировать
2021-04-16 11:57:17
“Цветная капуста” деп түрлі-түсті болғандықтан емес, әр бөлігі гүлдің басына ұқсайтындықтан аталған. “У обычной капусты мы едим листья, у этой капусты - цветы”.
728 viewsNazgul Kozhabek, 08:57
Открыть/Комментировать
2021-04-14 14:31:09 Қазақтың сөзінде "отыз екі тіс" деген жоқ. Қазақ қай кезде де "отыз тіс" деген. Орысша ол "на все тридцать два зуба", олардың "тридцать зубов" дегенін көргем жоқ, бұл "зубов" дегеннен "зуба" деген әдемірек екеніне байланысты болуы да мүмкін. "Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарады" дегенді "отыз екі тістен шыққан сөз" деп "конкретикаға" ұрынудың қажеті жоқ. Сөзді көбейткеннен басқа ешқандай мәні жоқ нәрсе.
1.4K viewsNazgul Kozhabek, edited  11:31
Открыть/Комментировать
2021-04-14 14:30:09 "Спутник V" мен ГАМ-КОВИД-ВАК - бір вакцина. Кей жаңалықтарда айтылып жүргендей, Қазақстанға екі түрлі вакцина келген жоқ.
1.3K viewsNazgul Kozhabek, 11:30
Открыть/Комментировать
2021-04-14 06:49:07 Адамның есі танбайды, адам есінен танады. Адам есінен ауыспайды, адамның есі ауысады.
1.8K viewsNazgul Kozhabek, 03:49
Открыть/Комментировать
2021-04-13 21:12:59 "Жұлдызшамен белгіленген өрістер міндетті толтырылуға жатады".

”Подлежат к обязательному заполнению".

... өрістер міндетті түрде толтырылуға тиіс / ...өрістерді міндетті түрде толтыру керек / ...өрістерді толтыру міндетті

Электронды үкіметке сөзім өте қоймас, тым құрығанда сіздер біле жүріңіздер
246 viewsNazgul Kozhabek, edited  18:12
Открыть/Комментировать
2021-04-13 15:35:48 Абайдың шығармалар жинағы

Сборник произведений Абая

Абай шығармаларының жинағы
718 viewsNazgul Kozhabek, 12:35
Открыть/Комментировать
2021-04-11 14:35:12 аяқ киімдегі балшық

грязь на обуви

аяқ киімге жұққан балшық
892 viewsNazgul Kozhabek, 11:35
Открыть/Комментировать