Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Алматы дін - религия Алматы

Логотип телеграм канала @almaty_din — Алматы дін - религия Алматы А
Логотип телеграм канала @almaty_din — Алматы дін - религия Алматы
Адрес канала: @almaty_din
Категории: Новости и СМИ , Религия
Язык: Русский
Количество подписчиков: 965
Описание канала:

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы
Управление по делам религий города Алматы

Рейтинги и Отзывы

3.50

2 отзыва

Оценить канал almaty_din и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

1

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 42

2021-08-18 08:49:45 - Нұрайым, Сирияға қалай кетіп қалдыңыз? Ол жаққа балаларыңызды не үшін апардыңыз? Осының анық-қанығын өз аузыңыздан естісек бола ма екен? 
- Әрине, болады. Сирияда менің күйеуім, бес балам және немерем қайтыс болды. Жуырда Еуроодақ менің келісіміммен видеоматериал түсірді, енді сіздерге сұхбат бермекпін. Ондағы мақсат басқалар менің басымнан кешкенімдікөрсін, әрбір ана ойлансын, мен сияқты қателік жібермесін дегендік. 
Сирияға мен 2014 жылы тамызда төрт баламмен кеттім, тағы біреуін сол жерде босандым. Ал 2019 жылы жалғыз немерммен оралдым. Бұл өте қайғылы жағдай. Алла мұндайды ешкімнің басына бермесін. Бізді үйімізге «Жусан» операциясы арқылы алып келген мемлекетке алғысым шексіз. 
Сирияға 2013 жылы қыркүйекте кетіп қалған күйеуім – Зинурдың артынан бардым. Ол маған Сирияға баратынын айтқан жоқ. Бішкекке барып, екеуімізге көлік сатып аламын деген. Есіңізде ме, ол уақытта Қырғызстанда көлік Қазақстанға қарағанда екі есе арзан еді ғой. 
Біз Қаскелеңде жер үй жалдап тұратынбыз. Мен үй шаруасымен айналысатынмын. Таңертең күйеуім Бішкекке кету керек-тін. Таңертең күйеуім менімен қоштасып, қақпадан шығып кете алмай жүрді. Қақпаға жақындап барып, ойланып тұрып қалады. Қайта келеді де мені құшақтайды, қайта барады, қайта келеді. Осылай бірнеше рет қайталады. Мен: «неге әрі-бері сенделіп жүрсің, барсайшы енді» деймін шыдай алмай. Оның Сирияға кетпек болғанын мен қайдан білейін...
Сонымен кетті. Еш хабар-ошар жоқ. Шамамен бір айдан кейін ғой деймін, хабарласты: «Нұрайым, мен Сириядамын. Сен осы жаққа келуің керек. Бұл жерде халифат. Құдайға сенетіндер осы жақта өмір сүруі керек»-деді. 
Неге екенін сол кезде мұсылман емес елдерде, Қазақстанда көпшілік халық мұсылман болса да, мұсылмандарға қысым жасалады деген үгіт-насихат жүргізілді. 
- Ондай үгіт-насихатты жүргізген кім? 
- Саид Бурятский деген және т.б. интернеттегі араб идеологтары. «Мен үшін сендерді қудалайды, қысым жасайды. Ең дұрысы осы жаққа келгенің» деп күйеуім де айтып қоймады. 
Біздің алты баламыз болған. Бес ұл, бір қыз. Ең үлкен ұлымыз жиырмадан асып кеткен, ал ең кішісі жетіде еді.    
- Сізге балалармен Сирияға бару қорқынышты болған жоқ па? 
 - Әрине, кетер алдында мен көп ойландым. Бір діни әдебиеттен оқығаным бар еді. Ол кітапта соғыс болып жатқан жерге әйелдер мен балаларды апаруға болмайды дегендей жазылған. Осы оқығанымды алға тартып күйеуімнен сұрағанмын. Ал ол: «Бұл халифат. Түркиядан Иракқа дейінгі жерлер халифаттың иелігінде. Әлі талай жер халифаттың иелігіне өтеді. Осындай қасиетті жиһад жүріп жатқан кезде әр мұсылман сол жерге баруға тиіс және сол жерде тұруға, өмір сүруге міндетті. Ол мұсылманның парызы» деді және әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі қаралғандығы, оған кепілдік бар екенін айтты. Мен оған сендім. 
Бір жағынан біздің жеке үйіміз болған жоқ. Балаларды асырау үшін ертеден қара кешке дейін жұмыс істеуге тура келетін. Өте қиын болды. Осыны білетін күйеуім: «Ол жақта қиналып не істейсің? Одан да осында кел! Бұл жақта саған үлкен коттедж береді. Жұмыс істемейсің. Ештеңеге мұқтаж болмайсың. Тек қана балаларыңа қарап, құлшылығыңды жасап, өмір сүресің» деді. Мен баруға келістім. 
- Күйеуіңіз бұрын қайда жұмыс істеп еді?
- Жас кезінде полицияда қызмет еткен. Полициядан күзетке ауысты. 
Кейіннен мебель жасайтын жеке цех аштық та кәсіпкер болды. 
Сирияда ол полицияда істегені үшін, әсіресе, совет армиясында әскерде болғаны үшін жақсы бағаланды. Ол жақта қару ата алатын, оны жөндей алатындар жоғары бағаланады екен. 
- Сіз Сирияға төрт баламмен кеттім дейсіз. Екеуі осында қалды ма? 
- Иә, мен өзіммен кәмлетке толмағандарды ғана алып кеттім. Үлкен ұлдар осында қалды. Осылай қылғаным үшін Аллаға мыңда бір шүкір етемін. 
Содан біз Бішкек арқылы Стамбулға ұштық. Стамбулда бір адамдар күтіп алып, Газиантеп аталатын қалаға апарып, қауіпсіз үйге орналастырды. Газиантеп Түркияның оңтүстігінде.
145 views05:49
Открыть/Комментировать
2021-08-18 08:49:44
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы адасқандарға көмек қолын созып,психологиялық қолдау көрсетіп, олардың қатарға қайта қосылуына жәрдем етумен қатар қала тұрғындарын, барша халықты экстремизм мен терроризмнен сақтандырып, қауіптің алдын алуға байланысты көптеген жұмыстар жасауда. 
Діни басқарма жалқының жаңылысын жалпыға жеткізу арқылы қателікті қайталамауды қаперге салып отыруды жөн көреді. Осы мақсатпен  күйеуінің артынан Сирияға барам деп бала-шаға, немерелерінен айрылып, азап тартып, қиындық көріп, «Жусан» операциясымен елге келген Нұрайым есімді әйелдің басынан кешкендерін қазақшалауды нұсқаған. Әріптесіміз Торғын Нұрсейтіова Нұрайыммен эксклюзивті сұхбат жүргізіп, оны zakon.kz сайтында жариялаған еді. Сол сұхбаттың  қазақша нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мархабат!
160 views05:49
Открыть/Комментировать
2021-08-17 12:00:53
Ислам - умеренная и просвещенная религия.

Религия призывает к сдержанности и милосердию и при этом не запрещает познавать окружающий мир при помощи разума.

Ставьте мы будем благодарны

Пишите свое мнение в комментариях!
229 views09:00
Открыть/Комментировать
2021-08-16 08:00:33
Ислам – ұстамдылық пен ағартушылық діні.
Дін сабырлық пен қайырымдылыққа шақырады, осы ретте қоршаған ортаны ақыл-сана арқылы тануға тыйым салмайды.
 
Абай Құнанбаев 

Лайк басқаныңыз үшін рақмет!
348 views05:00
Открыть/Комментировать
2021-08-15 09:00:51
304 views06:00
Открыть/Комментировать
2021-08-15 09:00:50
256 views06:00
Открыть/Комментировать
2021-07-02 09:10:21
3 views06:10
Открыть/Комментировать
2021-07-02 09:10:20
3 views06:10
Открыть/Комментировать
2021-07-02 09:10:18
3 views06:10
Открыть/Комментировать
2021-07-02 09:10:17
3 views06:10
Открыть/Комментировать