Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Алматы дін - религия Алматы

Логотип телеграм канала @almaty_din — Алматы дін - религия Алматы А
Логотип телеграм канала @almaty_din — Алматы дін - религия Алматы
Адрес канала: @almaty_din
Категории: Новости и СМИ , Религия
Язык: Русский
Количество подписчиков: 965
Описание канала:

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы
Управление по делам религий города Алматы

Рейтинги и Отзывы

3.50

2 отзыва

Оценить канал almaty_din и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

1

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

0


Последние сообщения 36

2021-09-06 13:01:34
Басқарманың ұйымдастыруымен «Din_Almaty» инстаграм парақшасында тікелей эфирде болған дәрістің тақырыбы «Дін және зайырлы білім» деп алынды. Бұл тақырып бірінші рет немесе соңғы рет түсіндіріліп отырған жоқ. Бұған дейін де болған, бұдан кейін де бола береді. Қазақ мемлекетінің басты принципі – зайырлылық. Қазақстан – көп конфессиялы және тәуелсіздік алғанына небәрі отыз жыл ғана болған жас мемлекет. Біздің үйренеріміз бен тәжірибеден өткізуге тиіс жайттарымыз өте көп. Ұлттың тұрақты дамуының, мемлекеттіліктің нығаюының, қазақстандықтардың болашаққа деген сенімділігінің қалыпты да діттегеніміздей болуы үшін этносаралық және конфессияаралық қатынастарды оңайлату керек. Оңайлату үшін адам біліп қана қоймай, түсінуі де қажет болып тұр. Мысалы үшін білетін жолмен жүрсеңіз адаспайсыз. Таныс емес сүрлеу адастыруы мүмкін. Демек, мемлекеттің бағыты таныс жол деп ұққаныңыз абзал. Мемлекеттік бағдарлама, ресми ақпарат адастырмайды. Алып-қашпа әңгімеден алыстайтын уақыт жетті.
92 views10:01
Открыть/Комментировать
2021-09-04 07:00:37
198 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-04 07:00:36
190 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-04 07:00:35
132 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-04 07:00:33 ​​Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген қағиданы ұстанған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы тағдырын сор, өмірін қор еткен жандармен үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Олардың уланған санасын, былғанған түсінігін психолог, теолог мамандар арқылы жөнге салуды көздейді.
Әлеуметтің арасында Алланың хақ жолын іздеймін деп жүріп, жалған діннің жетегінде кеткендер көп-ақ. Өкініштісі ертеректе мұндайларға аса мән бермегендіктен, қатарын көбейтіп алдық. Бір қуанарлығы адасқан жандармен мемлекет арнайы айналысып, олар қатарға қайта қосылып жатыр. Статистикаға сүйенсек, жырақтан жұмақ іздегендер кейінгі кездері тіркелмеген. Бірақ бұл тоқмейілсіп, арқаны кеңге салу керек дегенді білдірмейді. Олай дейтініміз деструктивті діни теріс топтар арбауы мен алдауын тоқтатқан жоқ. Құрту мен бұзуды, бүлдіру мен құлатуды жалғастыруда. Мемлекеттік арнайы органдар бұл жайтты біліп отыр және нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Болғанды болғандай, барды бар деп айтуымыз керек. Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Халықтың қамқоршысы, қорғаушысы—мемлекет. Мемлекетке қарсы пікір, теріс көзқарас қалыптастыруда жат ағымдардың үлесі зор. Алып-қашпа, жалған сөзден аулақ болған жөн. Не нәрсеге де көз жеткізіп барып тоқталған абзал. Қай кезде де қырағылық пен сақтық қажет. Сақтансаң сақтаймын деген шариғи тәмсіл де бар.
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қауіптен сақтау тек қана түсіндірумен шектелмейді. Кейде тағдыры тәлкекке түскендерден сабақ алу да керек.

Суреттерді қараңыздар!

Иә, қателескен кезін кім есіне алғысы келеді?! Кеш те болса, ес жиды. Бұл оның көңіліндегі көктемді күз, жүрегін мұз бен сыз алмастырған кезең еді. Жарын жырақтағы содырлар өлтіріп, балалары бораған оқтың астында ауыр азап тартқан уақыт болатын. Отбасымен былыққа батардың алдында Нұрсынның күйеуі өмірдің мәні неде деп жауап іздеп, дінге бет бұрады. Құланның қасуы мен мылтықтың басуы дөп келдінің керіндей дәл сол сәтте ол жат ағымның тұзағына ілінеді. Солардың өтірігіне алданады. Ілім-білім алмастан отбасын сыртқа сүйрейді. Нәтижесінде өзі мерт болып, әйелі үш баласымен босып кетті. Елге мемлекеттік «Жусан» операциясымен оралған Нұрсын қателігін кеш түсініп, бармағын шайнап, өзін кінәлайды.

Осындайда «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» деген халық арасында айтылатын сөз еріксіз еске түседі. Көп жағдайда жақсы-жаманды өзіміз жасаймыз. Аңдамай, абайламай арандаймыз. Қателікке ұрынамыз. Ақиқатқа үңілмейміз, ойланбаймыз. Содан барып опық жейміз. Осы тұрғыда арнайы маманға да сөз бере кеткенді жөн көрдік. Оқырман қауым біле жүрсін.

Жандәулет Сүлейменов, теолог: «Сирияға шығу керек. Сол жақтағы мұсылмандарға жәрдем беру керек. Бауырларға көмектесу керек. Бұл қолдан жасалған фитнә, былай айтқанда… Қолдан жасалған бүліктерге әлемдегі ислами ұстанымдарды, ислами көзқарастарды, ислами терминдерді дұрыс түсіне алмаған, теріс түсіндірген күштердің әсері арқылы шетелдегі қарулы қақтығыстарға адасып барды. Ықпалды күштер соған итермеледі».

Ең басты білу қажет нәрсе — исламды желеу етіп, шариғатты бұрмалайтын үлкен күштің бар екені. Олардың мақсаты елді адастыру. Мемлекеттік құрылымды бүлдіру. Отбасын ойрандау. Шаңырақты шайқалту. Тағдырды тәлкек ету. Осындай жамандыққа тәтті тілмен, сиқыр сөзбен барады. Мән беріп, астарына үңілмеген жанның алдануы оңай. Жақсы өмірдің қадірін білген дұрыс. Кейіпкеріміз Нұрсын да жақсы өмірдің қадірін кеш білгенін жеткізген еді: «Ол жақтағы жағдайды көргеннен кейін бейбіт өмірдің, тыныш ұйқының, балалардың алаңсыз өмір сүруінің қадірін түсіндім. Адамның ең басты бақыты не екенін елге қайта келгеннен кейін ұқтым».
129 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-02 08:00:17
Общие советы!
28 views05:00
Открыть/Комментировать
2021-09-02 08:00:15
Управление по делам религий Алматы рассказывает о том, как вести себя человеку, оказавшемуся в экстренной ситуации, связанной с терактом и экстремистами.

На сайте Комитета национальной безопасности РК (КНБ) есть памятка населению по предупреждению актов терроризма: там описаны ситуации, в которых человек должен знать, как вести себя в экстремальных условиях, связанных с религиозными экстремистами и терроризмом.

Следите за новостями в ленте, продолжение в следующем посте!
29 views05:00
Открыть/Комментировать
2021-09-02 07:00:38
37 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-02 07:00:38
37 views04:00
Открыть/Комментировать
2021-09-02 07:00:37
В ходе данной встречи руководитель Управления обсудил актуальные вопросы в сфере религии, а также поделился своими мыслями касательно статуса имамов в сегодняшнем обществе. Кроме того, отметил важность проведения разъяснительной работы среди прихожан имамами в целях формирования нулевой терпимости к любым видам коррупционных проявлений.

Вместе с тем, главный имам города Толеби Оспан в своей речи сообщил, что работа по повышению квалификации имамов продолжается и священнослужители всегда готовы оказать необходимое содействие в работе по профилактике религиозного экстремизма и терроризма.
37 views04:00
Открыть/Комментировать