2023-03-20 13:49:02
“Ақтөбенің” еш қарызы жоқ
Бұл жайында “Ақтөбе” ФК Директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов хабарлады.
«Құрметті жанкүйерлер! Осыған дейін хабарланғандай, “Ақтөбе” футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік штабы алдындағы қаңтар және ақпан айларының еңбекақысы бойынша қарыз толығымен өтелді.
Сондай-ақ биылғы маусымның алғашқы үш матчының сыйақы борышы да өтелгенін айтқым келеді.
Қазір, өздеріңіз білетіндей, Қазақстан құрамасының іріктеу ойындарына байланысты чемпионатта үзіліс орын алды. Сәуірдің басында біріншілік қайта жанданады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл жыл командамыз үшін жеңісті де, жемісті жыл болсын!» - деп жазды Болат Бауыржанұлы.
«Актобе» не имеет никаких долгов
Об этом сообщил председатель Совета директоров ФК «Актобе» Болат Мажагулов.
«Уважаемые болельщики! Как ранее нами было обещано, задолженности перед игроками и тренерским штабом «Актобе» по зарплате за январь и февраль полностью погашены.
Также хочу сообщить, что долги по премиальным за три стартовые игры нынешнего сезона закрыты.
Сейчас, как вы сами знаете, в чемпионате возникла пауза в связи с отборочными матчами сборной Казахстана. Уже в начале апреля сезон возобновится вновь.
Пользуясь случаем, хочу поздравить всех вас с наступающим светлым праздником Наурыз! Пусть этот год будет для нашей команды победным и плодотворным!» - написал Болат Бауыржанович.
473 views10:49