Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ТАКСИСТ Таксиге отырдым. Таксист, жас шам | аспан астында.

ТАКСИСТ


Таксиге отырдым. Таксист, жас шамасы менен ары кетсе 6-7 жас үлкендігі бар жігіт ағасы екен. Амандық-саулық сұрасып, әңгімеге кеп қалдық.
- Қарындасым, не жұмыс істейсің деп сұрады ол менен. Мен алдында біраз жыл мұғалім болғанымды, енді өз-өзіме жұмыс істеп, бизнеспен айналысып жүргенімді айттым.
- Сонда не сатасың?
Мен оған косметика сататынымды және қыздарға тегін мастер класс өткізетінімді, сөйтіп әйелдердің өз беттерін күту жөнінде кеңестер беретіндігімді әрі команда жинап, қыздарға табыс табудың жолын үйретіп жүргенімді айтып ем, ол:
-Ее, сол ма еді, -деді маған жаны ашығандай түрмен қарап.
Сөзінің астарында кекесін де байқалды.
-Сонда, адам тіркейсің ғой, иә?-деді.
- Иә.

- Алдында тура өзің сияқты бір қарындас отырып еді таксиге,-деп әңгімесін бастады ол. Ол да өзің сияқты бір компанияда товар сатумен айналысады екен. Үйіне жеткенше тапқан табысы мен жеткен жетістіктерін айтып, мені тіркеліп алыңыз, белсенді әрекет қылсаңыз жаңа көлікке де, шет елге саяхатқа шығуға да, керемет табысқа да жетесіз деп кеңес берді.
Сонымен ол қыздың үйіне де жеттік.
Қарасам, кереметпін деген қарындасым қала шетіндегі бір жатақханадан кішкене бөлме жалдап тұрады екен,-деді. Сонда деймін-ау, басында баспанасы жоқ қарындас қалада үйі бар, көлігі бар, ақша тауып жүрген маған ақша табудың жолын үйретпекші, - деп мысқылдады әлгі.
Мен: -ағасы, ол қыздың сізден артықшылығы- оның ойы биік боп тұр ғой. Ойы биік адамның болашақта үйі де биік болатынын білмеуші ме едіңіз,-дедім.
Ол қыз бір-екі жылдан соң сізден артық үш қабатты үй мен су жаңа көлікті де алады ғой? Ал сіз осы ескі үйіңіз бен ескі көлігіңізді айдап қала беруіңіз мүмкін, -дедім мен.
Таксист менің бетіме бажырайып бір қарады.
ОЛ МЕНІ ТҮСІНБЕДІ...

#КүләйханСалимбаева