Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

аспан астында.

Логотип телеграм канала @damu_ozgeris — аспан астында. А
Логотип телеграм канала @damu_ozgeris — аспан астында.
Адрес канала: @damu_ozgeris
Категории: Бизнес и стартапы
Язык: Русский
Количество подписчиков: 429
Описание канала:

Тек пайдалы ақпараттар👇
Neogram бұл өміріңнің жаңа өзгерісі

Рейтинги и Отзывы

2.67

3 отзыва

Оценить канал damu_ozgeris и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

1

3 звезд

1

2 звезд

0

1 звезд

1


Последние сообщения

2021-06-03 19:53:07 ТАКСИСТ


Таксиге отырдым. Таксист, жас шамасы менен ары кетсе 6-7 жас үлкендігі бар жігіт ағасы екен. Амандық-саулық сұрасып, әңгімеге кеп қалдық.
- Қарындасым, не жұмыс істейсің деп сұрады ол менен. Мен алдында біраз жыл мұғалім болғанымды, енді өз-өзіме жұмыс істеп, бизнеспен айналысып жүргенімді айттым.
- Сонда не сатасың?
Мен оған косметика сататынымды және қыздарға тегін мастер класс өткізетінімді, сөйтіп әйелдердің өз беттерін күту жөнінде кеңестер беретіндігімді әрі команда жинап, қыздарға табыс табудың жолын үйретіп жүргенімді айтып ем, ол:
-Ее, сол ма еді, -деді маған жаны ашығандай түрмен қарап.
Сөзінің астарында кекесін де байқалды.
-Сонда, адам тіркейсің ғой, иә?-деді.
- Иә.

- Алдында тура өзің сияқты бір қарындас отырып еді таксиге,-деп әңгімесін бастады ол. Ол да өзің сияқты бір компанияда товар сатумен айналысады екен. Үйіне жеткенше тапқан табысы мен жеткен жетістіктерін айтып, мені тіркеліп алыңыз, белсенді әрекет қылсаңыз жаңа көлікке де, шет елге саяхатқа шығуға да, керемет табысқа да жетесіз деп кеңес берді.
Сонымен ол қыздың үйіне де жеттік.
Қарасам, кереметпін деген қарындасым қала шетіндегі бір жатақханадан кішкене бөлме жалдап тұрады екен,-деді. Сонда деймін-ау, басында баспанасы жоқ қарындас қалада үйі бар, көлігі бар, ақша тауып жүрген маған ақша табудың жолын үйретпекші, - деп мысқылдады әлгі.
Мен: -ағасы, ол қыздың сізден артықшылығы- оның ойы биік боп тұр ғой. Ойы биік адамның болашақта үйі де биік болатынын білмеуші ме едіңіз,-дедім.
Ол қыз бір-екі жылдан соң сізден артық үш қабатты үй мен су жаңа көлікті де алады ғой? Ал сіз осы ескі үйіңіз бен ескі көлігіңізді айдап қала беруіңіз мүмкін, -дедім мен.
Таксист менің бетіме бажырайып бір қарады.
ОЛ МЕНІ ТҮСІНБЕДІ...

#КүләйханСалимбаева
24 viewsНаурыз, 16:53
Открыть/Комментировать
2021-05-18 10:35:10 #кітаптан_үзінді
«Мен ешқашан соғысқа бармаймын,— деп ойлады ол.— Бармаймын». Бірақ ол өмір жолы тынымсыз шайқасқа толы екенін, адам быоп жаралған соң қаласаң да, қаламасаң да күресуің қажеттігін, жарық дүниенің берер қызығы да, тарттырар азабы да осында екенін бұлдыр сезгендей еді.

1968

Мұхтар Мағауин «Қияндағы қыстау».
54 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, edited  07:35
Открыть/Комментировать
2021-04-27 19:32:23 Channel name was changed to «өзгеріс | Даму | мотивация»
16:32
Открыть/Комментировать
2021-04-17 11:59:42 "Υλkен ic τынმыρყ γĉτiнმе ταნыĉыπ, kеŭін αжыραĉыπ keτeτін, αλ уĉαk-τγŭek ic γĉτiнმе ταნыĉыπ, ĉ၀მαн өოiρ ნαku жаρаĉыπ keτеτiн αმαომαρ дa ნօλαმы".
192 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, 08:59
Открыть/Комментировать
2021-04-16 07:50:45
Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында жапон қаласы Хиросимада атом бомбасы жарылатынын ешкім күтпеді. Оның күшті болғаны сонша кейбір жерлердегі тастың бетіне жарылыстан зардап шеккен адамдардың көлеңкесі қалып қойған.
209 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, 04:50
Открыть/Комментировать
2021-04-13 09:04:44 РАМАЗАНДА БОЛАТЫН “БОЛМАЙТЫН” БЕС НӘРСЕ

Көпшілікте, әсіресе, алғаш ораза тұтып жатқан жандарды мазалайтын мәселелер бар. Соның үздік бестігін ұсынамын.

1) Сәресін ішу керек. Ұйықтап қалсаң оразаң қаза болады
Жоқ, сәресіне тұрмауға, ішпесе БОЛАДЫ. Бірақ сәресіге тұрудың сауабы мол. Ұйықтап қалсаңыз, ештеңе ішіп жемей жалғастыра бересіз



2) Ауызды міндетті түрде дәретпен бекіту керек.
Жоқ, дәретсіз (ғұсылсыз) ауыз жауып-ашуға БОЛАДЫ. Әрине, әр амалды дәретпен атқарғанға не жетсін, бірақ шарт емес

3) Түкірік, сілекей жұтуға болмайды, ораза бұзылады
Түкірік, сілекей жұтуға БОЛАДЫ. Бастысы өзіңіздікі болсын

түкірікті жинап жұтуға болмайды!

4) Рамазан айында әйеліңе жақындауға болмайды.
тек күн батқаннан кейін ғана рұқсат.
Әйеліңді сүюге, құшақтауға, қосылуға БОЛАДЫ. #Соңғысы (!) .

5) Ауыз бекіту мен Ауыз ашар дұғаларын тек Арабша гана айту керек
Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады. 

@Nauryzz
201 viewsН, 06:04
Открыть/Комментировать
2021-04-09 14:26:33 Хасима

Жапонияға тиесілі бұл арал - 1930 жылы назарға іліккен. Көмір өндірісі теңіз деңгейінен 600 метр тереңдікке дейін жетіп, болашағынан зор үміт күттірген Өз тарихының ең көп шоғырланған жылдарында аралда 30 үлкен тұрғын үй, 25 дүкен, мектеп, екі бассейн, ауруханалар және зират болған. 50 жыл ішінде арал Жердегі ең тығыз қоныстанған жерлердің бірі болды. 1974 жылы көмір өндірісі апатқа ұшырап, шахталар толығымен жабылған. Қазіргі таңда арал бос қаңырап, елестер қалашығына айналды. Аралға баруға туристтерге рұқсат етілген, бірақ қауіпсіз үшін арнайы жабдықталған бөлігіне ғана кіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл аралды шахтерлердің мәдениеті мен күнделікті өмірінің мұражайына айналдыру жоспарланып отыр, бірақ қазіргі кезде аралдағы барлық ғимараттар апатты жағдайда болғандықтан, бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін үлкен қаржы салымдары қажет.
181 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, 11:26
Открыть/Комментировать
2021-04-09 14:25:37
158 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, 11:25
Открыть/Комментировать
2021-04-09 12:46:29 Ханда қырық кісінің ақылы болса,
Биде қырық кісінің ары, білімі бар.

Туғанына бұрғаны - биді Құдай ұрғаны.

Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ.

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.

Шындық шыңыраудан да алып шығады.

Атаңның құлы айтсв да әділдікке бас и.

Әдет - әдет емес, жөн - әдет.

Әділсіз болса би оңбас, әйелсіз болса үй оңбас.

Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік.

Елге бай құт емес, би кұт
162 views𝐁𝐚𝐮𝐲𝐫𝐳𝐡𝐚𝐧, edited  09:46
Открыть/Комментировать
2021-03-28 19:40:03
25 жасқа дейін айтарлықтай табысқа жетіп, милионнер атанған белгілі тұлғалар.

Ал сіз 25 жасыңызда неге қол жеткіздіңіз немесе неге қол жеткізгенді қалайсыз?
207 viewsН, 16:40
Открыть/Комментировать