Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

АЙГЕРИМ КАМАЛОВА СЕКСОЛОГ| ПСИХОЛОГ

Логотип телеграм канала @aigerim_kamalova — АЙГЕРИМ КАМАЛОВА СЕКСОЛОГ| ПСИХОЛОГ А
Логотип телеграм канала @aigerim_kamalova — АЙГЕРИМ КАМАЛОВА СЕКСОЛОГ| ПСИХОЛОГ
Адрес канала: @aigerim_kamalova
Категории: Психология
Язык: Русский
Страна: Россия
Количество подписчиков: 13.71K
Описание канала:

АЙГЕРИМ КАМАЛОВА

Рейтинги и Отзывы

2.00

2 отзыва

Оценить канал aigerim_kamalova и оставить отзыв — могут только зарегестрированные пользователи. Все отзывы проходят модерацию.

5 звезд

0

4 звезд

0

3 звезд

0

2 звезд

2

1 звезд

0


Последние сообщения 8

2021-09-23 07:38:57
977 views04:38
Открыть/Комментировать
2021-09-23 07:37:20
988 views04:37
Открыть/Комментировать
2021-09-15 12:19:35 Бала кезден қалыптасқан “ұят болмайды”деген сөздерді естіп өскендер мен кунделікті өмірде қалыпты нәрселерді өздеріне рұқсат бермейтіндер үшін: Ескерту

1. Жылауға болады

Қайғырып немесе қуанған сәтіңізде,кез келген уақытта көзіңізге жас алған уақытыңызда,жылауға болады.
Көз жас бұл адам баласының қалыпты реакциясы. Жылаған соң миымызға тыныштық,бойымызға босаңсу келіп жатады.
Басқалардың көзінше де жылауға рұқсат. Олардың сіз туралы не ойласада, өздерінің жұмысы.
Маған Консультацияға келгенде,өзіңізді ұстамаңыз,жылауға рұқсат деп айтқан уақытта,олар тоқтамай жылай бастайды. Яғни,көз жас арқылы өздерінің ішіндегі сақталып қалған эмоцияларын шығарып,босайды.

2. Қорқуға болады

Егер сіз белгілі бір нәрседен қорықсаңыз,бұл қалыпты нәрсе. Барлық адамдарда таныс немесе бейтаныс дуниенің алдында қорқыныш сезімі болады. Бұл қалыпты нәрсе.
Өзіңіздің қорқынышыңызды ашу немесе немқурайлық арқылы тығудың қажеті жоқ.

3. Өзіңіздің сезімдеріңіз туралы айтуға болады

Өз сезімдеріңіз бен ойыңызды айту арқылы,сіз шағымданып емес,керісінше араларыңызға сенімділік пен тусіністікке жол ашасыз.

4. Жоқ деп айтуға болады. Тіпті ең жақын адамдарыңызға.

Кейде біздің жасағымыз келмейтін нәрсені,жанымыздағы адамдар сұрағанда,жоқ деп айту ұят болғандықтан жасап беруге келісіп жатамыз.
Алайда сіз шын мәнінде жасай алмайтын немесе жасағыңыз келмейтін кезде жоқ деп айтуға құқылысыз.
Кейде сіздің жасайтыңызға уйреніп алған адамдар,оларға жасап жатқан жақсылықтарыңызды көмек ретінде емес, сізден міндет ретінде қабылдап жатады.
Сондықтан өз сезіміңіз бен ойыңызды,басқалардың ойы үшін ұмытудың қажеті жоқ.

5. Қателік жасауға болады

Шешім қабылдау мен таңдау процессі өмірдегі ең маңызды сәттердің бірі.
Кейде болады,оқу орнын бітірген соң,адам ол мамандықта жұмыс жасағысы келмейтінін түсініп жатады. Алайда,ата анамнан ұят,туысқандарым не дейді деген оймен,өзіне ұнамайтын жұмыста жүріп,уақытын суйкімсіз жұмысқа өткізіп жатады.
Керісінше қателік жасағаныңызды түсініп,ескі жұмысты тастап,жаңа өзіңіздің ойдан шығатын ісіңізбен айналысу ешқашан кеш емес.

6. Демалуға болады

Креслода жатып,аяғыңызды созып немесе ұзақ уақыт ваннада су толтырып,асықпай жұмыстарыңызды жасап,тіпті ешқайда асықпауға сізге болады.

7. Өзіңізге қамқор болу

Ешқашан сізге ешкім қамқор болмасада, өзіңізге қамқор болып уйреніңіз.
Кейде ата анам,куйеуім маған қамқор болуы керек қой деп,адамдар өздерін ең соңғы орынға қойып жатады.
Алайда өзіңізді сіз жақсы көрмесеңіз, сіздің орныңызға оны ешкім жасамайды.
670 views09:19
Открыть/Комментировать
2021-09-12 14:30:43
1.9K views11:30
Открыть/Комментировать
2021-09-12 14:30:41 Януш Корчак Польша елінің атақты педагогы,жазушы әрі дәрігерінің ата аналарға, бала тәрбиесі жөнінде айтқан 10 ережесі.

1. Балаңыздан дәл өзіңіздей,немесе сіз қалағандай болады деп кутпеңіз. Керісінше өзіңіздей болудың орнына,оған өзі жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесіңіз.

2. Балаңыздан өзіңіңіз жақсаған барлық жақсылығыңыз үшін төлемін сұрамаңыз. Сіз оған өмір сыйладыңыз,ол сізге қалай мұндай жақсылықты қайтарады? Ол келесі адамға өмір сыйлайды. Бұл өмірдің кері қайтпас рақмет заңы.

3. Балаңызға өзіңіңіздің өпке ренішіңді шығармаңыз. Не ексең,соны орасың.

4. Балаңыздың басына туған мәселеге биіктен қарамаңыз. Әр адамға өмірде сынақ әр түрлі болып беріледі.

5. Балаңызды кемістпеңіз.

6. Есіңізде болсын,ең маңызды кездесу бұл баламен кездесу.

7. Балаңыз үшін қолыңыздан бір нәрсе жасау келмей жатса,мұңаймаңыз. Сіз қолыңыздан келіп тұрып жасамай қойған жоқсыз.

8. Бала бұл сізге Аллахтан берілген аманат. Әке мен ана махаббатының ортақ жемісі. Баланың бойындағы отты жандыруға тырысыңыз.

9. Өзгенің де баласын суйе біліңіз. Өзгенің баласына өз балаңызға жасамайтын нәрсені жасап,тілемеңіз.

10. Балаңызды кішкентай, улкен, талантты, шаршаулы,ашулы барлық қалпында суйе біліңіз.
2.0K views11:30
Открыть/Комментировать
2021-09-10 17:11:29 Әйел деген кім?Қазіргі әйел адамдар қандай?

Уйде отырып,бала қарап,ата ене ,туған туыстың көңіліне ғана қарап отыратын адам деп ойласаңыз,сіз қателесіз.
Ия, бұрын әйел адамдарда тіпті сөйлеуге дауыстары болмаса,қазіргі әйел адамдар мүлдем басқа.

Қазір Куйеудің,уйдің,бала шаға,ата ананың жағдайын жасап,сонымен қатар өзінде ұмытпай ,жұмыс жасап,бизнес ашып,бәрінде улгеріп жатқан мықты әйел қауымы

Әйел адам туылғанынан энергияға толы,өзімен уйлесімде болып,энергиясы арқылы ер адаммен қарым қатынасты өзара түсіністікке,нәзіктікке,байсалдылық пен сүйіспеншілікке толы ете алады. Мұндай қарым қатынас ер адамға, қуат беріп,қасындағы әйеліне мұқият, қамқор және рухани күштірек болуға ынталандырады.

Алайда, Кунделікті жүгіріс, жұмыстағы стресстік жағдайлар,келіндік міндетті де ұмытпай,бәрін бірдей алып жүру шыны керек қиын.

Әйел адамның қырық жаны бар деген рас,бірақ қандай жағдай болмасын,сізді қоршаған ортада баланс устау кейде тіпті мүмкін емес болып көрінеді

Туылған болмысымыздан энергияға толы болғанымызбен уақыт өте сол энергиямызды керек емес дуниелерге,өпке ренішке,жауабы жоқ сұрақтарға,стресстік жағдайларға көңілімізді бөліп,жоғалтып жатамыз…

Алайда сізге біреу энергияңызды қалыпқа келтіріп,стресстен шығуға болады деп айтса сенесіз бе? Егер сенсеңіз,төмендегі сұрақтарға жауап беріңізші

Апатияда немесе стресстесіз бе?

Мүлдем ешнәрсеге энергияңыз жоқ па ?

Жиі депрессияға түсесіз бе?

Өпке,реніш сіздің толық өмір сүруіңізге кедергі етеді ме?

Самооценкаңыз төмен,өзіңізге критикаңыз көп пе?

Өзіңізді жоғалтып алдыңыз ба?

Әйелдік нәзіктік пен энергияға толы болғыңыз келеді ме?

Қасыңыздағы ер адамның құштарлығын қалау ашу керектігін білмейсіз бе?

Оргазымның не екендігін,оны қалай алу керектігін білгіңіз келеді ме?

Бойыңыздағы бала кезден қалыптасқан блоктан айырылуды қаласаңыз

Бұл сұрақтардың біреуіне жауабыңыз “ия”болса,сіздерге оффлайн сабақты ұсынғым келіп отыр.

Оффлайн форматтағы жаңа білім!
«Психология & Сексология»

Психология:
Өкпе пен реніштен айырылу
Самооценканы көтеру
Әйелдік энергияны көтеру
Жүрек үні техникасы
Чашкамен денегі 7 блокты ашу.

Сексология:
Әйелдің бойындағы энергияны дұрыстау
Әйелдің ер адам бойындағы блокты сексуалды тұрғыда ашу( тез бітіріп қою,құштарлықты ояту)
Әйел адамды оргазмға апарар жолдар
Мыстан кемпір биімен бала кездегі сексуалды блокты ашу

+ бонус сабақ
Айгерим Камалованың қадағалауымен интимді гимнастиканың:
су тарту
Груз көтеру

Тамыз айының соңында жоспарлаған оффлайн сабағымызды кейінге қалдырған болатынбыз.
Сол себепті, қыркуйектің , , , кундері

Шымкент,Актау,Атырау,Нур Султан қалаларының ханымдары сіздерге керемет жаңалық
жаңа форматтағы “Психология және Сексология” оффлайн семинарға қатысуға керемет мүмкіндік!

Егер сұрақтарыңыз болса 87028052265 нөмеріне жазып ,бағасын және керек ақпараттарыңызды алсаңыздар болады!
2.6K views14:11
Открыть/Комментировать
2021-09-10 16:03:54
Әрдайым қасымыздағы жартыларымызды қадірлей білейік
2.4K views13:03
Открыть/Комментировать
2021-09-09 13:48:09 Дұрыс емес кінә сезімі,кез келген уақытта пайда болуы мүмкін,сіздің қатысыңыз бар болса да жоқ болса да. Мысалы,өзіңізге дұрыс деп санап,біреуге жоқ деп жауап бердіңіз. Алайда сол жауабыңыз үшін сіз қалған уақыттың бәрінде кінәлі сезініп,сол адамның алдында жаман нәрсе жасап қойғандай сезімде журесіз. Алайда өзіңізді тыңдап,өзіңіздің қалауыңызды білу бұл жаман нәрсе емес,керісінше дұрыс нәрсе.

Дұрыс кінә,бұл өзіңізге Мен не жасап қойдым? Қалай сол қатемді түзесем деген сұрақ қойа білу.
Дұрыс емес кінә,сіздің кунделікті азап шегуіңіз. Соңында кінәні сезінбес үшін тамақпен өзіңіздің ойыңызды бөле бастау.

Жұбату бұл біздің барлығымыздың өмірімізде жетпейтін сезім. Улкен немесе кіші адам деп бөлінбейтін эмоция турі.
Тамақ жұбатудың орнын басқанымен,ең бастысы ішкі тыныштықты бермейді.

Сондықтан осы жубату арқылы кінә сезімін,уайым сезімін сезген уақытта жасауға болатын жаттығуды жасап көрсеңіздер болады

Ыңғайлы отырып алыңыз.Улкен жұмсақ кресло немесе жұмсақ жастықтармен өзіңізге максималды түрде комфорт жасап алыңыз. Екі қолдарыңызбен өзіңізді өзіңізді құшақтап,ішіңіздегі Мен деген кішкентай қызға қамқорлық сезімін сезіндіруге тырысыңыз.Осы уақытта Өзіңіздің сезімдеріңізге назар аударыңыз.

Егер позитивті болса,одан да қаттырақ құшақтауға тырысыңыз,өзіңізді сипалап,жұбатыңыз.

Өзіңізге жылы сөздер айтуға тырысыңыз. Бұл сырттай өзіңізге бір түрлі немесе таныс емес сезім болып көрінуі мүмкін. Ештенкеден ұялмаңыз,бұл қалыпты сезім.

Осы жаттығуды Өзіңізді ыңғайлы және денеңіз бос сезімде болмағанша жасаңыз. Бұл жаттығу жасау арқылы,сіз өзіңізге деген махаббатпен, ішкі жан дуниеңізде болып жатқан қандай сезім болмасын,сіз сол эмоцияны бар куйінде қабылдай алатыныңызды білдіреді.
996 views10:48
Открыть/Комментировать
2021-09-09 13:48:09 Бізді шамадан тыс тамақтану мен ашкөздікке алып баратын Эмоциялардың түрі: Уайым және кінә .

Ең бастысы,эмоцияларады жақсы немесе жаман,тыйым салынған немесе рұқсат етілген эмоциялар деп бөлуге болмайды.. Өзіңізге жағымсыз эмоцияны немесе басқа да қандай да бір эмоцияларды жоққа шығарудың қажеті жоқ. Адам баласы болғаннан кейін,сізде ашулану,уят,қайғы немесе қорқыныш сияқты сезімдерді сезінуге құқылысыз.

Стрессті тамақпен жеу,бұл біздің негативті эмоцияларды басымыздан өткізе алмайтындай немесе өміріміздегі мәселе шешілмейтіндей сезімде болған уақытта,миымызда осы эмоцияларды тоқтату үшін,сигналдар келеді. Сол кезде ағзамыз тоқтаусыз тамақ жеу арқылы эмоцияларды басуға тырысады.

Осындай жағдайды шешу үшін: «Серфинг » жаттығуын жасап көріңіз.

Ыңғайлы отырып,көзіңізді жұмып денеңізді босатуға тырысыңыз Өзіңіздің назарыңызды қазыр сізді уайымдатып жатқан мәселеге ауыстырыңыз. Сіздің ағзаңызда ол қалай сезіліп жатыр?
Эмоцияны басып тастауға немесе өзгертуге тырыспаңыз,тек сырттай бақылап көріңіз.

Уақыт өте сіз эмоцияңыздың қатты уайым нуктесінен төмендеп жатқанын байқайсыз. Яғни эмоцияңыздың ең төменгі және ең биік нормасын ажыратып отырыңыз. Бұл серферлердің суда жасайтын жаттығуы секілді.

Байқасаңыз, ең жоғарғы деген эмоцияның нормасы көпке созылмайды,қалған уақытта уайым жағымсыз болғанымен, шыдасан бастан өткізуге болатынын түсінеміз. Шамадан тыс тамақ ішу сезімі,біздің эмоциямыздың ең жоғарғы нуктесінде тұрған уақытта пайда болады.

Уайым
Тамақтану бұзылыстары(нарушение пищевым поведением) бар адамдар,көбінесе бақыланбайтын мазасыздықпен өмір суреді. Уайым сезімі,біздің ағзамызды шамадан тыс тамақтану сезіміне алып келеді.
Ең бірініші уайымды тамақ арқылы басуды тоқтату үшін,біз өзімізге уайымды жоққа шығарып тамақпен басуға тыйым салмауымыз керек.

Өзіңіз үшін кунделікті,айнаның алдында немесе өз ішіңізден

«Мен тамақты уайымды басу үшін ішемін. Ия бұл дұрыс емес екендігін білсемде,өзімді осы әдетім үшін ұрыспаймын. Бұл әзірше мен білетін жалғыз жол. Қазір өзімнің уайым сезімімнің басылуына көмектесуім қажет»деп өзіңізбен диалог құрып,эмоцияңыздың бар куйінде қабылдай алатыныңыз жайлы мойындаңыз.

Мойындау бізге,өзімізге рұқсат беру секілді, уайымымызды баспай,керісінше сол эмоцияны өзімізден өткізген уақытта,төмендей бастайды.

Уайымды басудың орнына сол сезім келген уақытта өзіңіздің эмоцияңызды бақылап көріңіз:

Менің денеммен уайымдаған кезде не болады? Уайым менің денемнің нақты қандай жерлерінде сезіледі? Өзіңіздің уайымызды қалай сипапаттар едіңіз? Мүмкін түсі сары,дәмі бар шығар..
Уайымды тамақпен басқан уақытта сіз не сезесіз? Денеңізде қандай өзгерістер пайда болады? Мүмкін сіздің ағзаңыз осылай сізді бір нәрседен қорғап жатқан шығар? Барлығына толық шын жауап беріп көріңіз.

Кінә - бұл физикалық түрде ашу немесе уайым секілді байқалмауы мүмкін,бұл эмоция өз өзіңізді іштей жеу. Кінә эмоциясының арқасында тамақты шамадан тыс жеу,көбінесе әр нәрсені бір уайымдап,барлық жерде өзін кінәлі сезінетін адамдарда болады.

Мысалы, азанда коллегаңыз сізбен суық амандасты ма? Бастығыңыз отчетыңыз жайлы әлі ештенке демеді ме? Досыңыз звонмады ма? Танысыңыз өз туылған куніне шақырмай қалды ма ? Кінәлі сезіну үшін себептер өте көп,барлық кінә эмоциясы мынаны дұрыс жасамадым,мен ондай емеспін,мен улгермедім деп барлық жерде өзіңізді төмен түсіру…

Уақыт өте кінәлі ойлар сіз үшін автоматты процесс болып саналып кетеді, сізге тіпті шаршаудың қажеті жоқ,автоматты турде барлық нәрседе сіз кінәлі болып саналасыз. Алайда сізге ешкімде бұл эмоцияны сезсін деп әдейі жасамайды,өзіңізді кінәлі сезіну бұл сездің жеке таңдауыңыз.

Дұрыс кінә сезіміммен дұрыс емес кінәлі сезімді қалай ажыратуға болады?

Кінә эмоциясын сезген уақытыңызда, тоқтап ойланып,артқа қарап шынымен сіз қай жерде не жасадыңыз барлық уақытты есіңізге түсіресіз. Егерде сіз шынымен кінәлі болсаңыз кешірім сұрап,ендігі жолы қалай жасамайтыныңызды білетін боласыз.

Өз кінәңізді мойындап түсінгеннен кейін,сіз өз өзіңізді кешіріп,сол болған нәрсені өзіңізден жіберуге тырысасыз. Бұл дұрыс,сау кінә сезімі.
1.1K views10:48
Открыть/Комментировать
2021-09-08 20:13:58
470 views17:13
Открыть/Комментировать