Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ох, 1 аптадан асыпты ғо жоғалғаныма. биылғы жылға қойылған м | Пишу

ох, 1 аптадан асыпты ғо жоғалғаныма.

биылғы жылға қойылған мақсаттарыма қарап, қарным ашып кетті. сол үшін қосымша жұмыс іздеумен әлек болдым. hh.kz сайтында баспана құрып, қонып жүрдім.

мыңғырықбес собеседование өттім. күнде 2 созвон, 3 видео-созвон, какой-то тренингтер, ау-мау. энергиямның бәрін сорып алд.

келесі аптадан бастап 2 жұмысты қатар алып жүруге тура келеді. әйтпесе, осы жылы я тісімді де емдетпейм, я шетелге де ұшпайм, я биге де қайтадан бара алмайм одан бөлек миллион басқа мақсатым ақ парақ бетінен маған бақырайып қарап тұр.

жақсы жаңалықтардан - Истокта уже 40 адам!

қыздар тоқтаусыз дамуда. кітап оқып, су ішпесе, күндері толыққанды өтпейтін дәрежеге жетіпті.

одан бөлек 15 шақты қызды СММ негіздері бойынша менторить етіп жүрміз. дизайн, копирайтинг жөнінде ақыл-кеңестерімізді беріп, Истоктың инстаграмын дамытуды қолға алдық.

қызық. Исток мүлде ақша әкелмейтін, жай ғана энтузиазм және шынайы ниет арқасында ашылған нәрсе ед. бірақ именно сол нәрсе қазір өмірімде бәрінен көп шабыт пен мән-мағына әкелуде.

ертеңгі күнге 17 задача жазып тастаппын. солай жазып ұйықтасам, келесі күні ояну кәдімгідей оңайға тиетінін байқадым. кітабымды оқып, 1-2 видео қарап, ұйқыға кеттім

басқа жаңалықтарыммен порциялап кейінірек бөлісе жатармын. бәріңе қайырлы түн!