Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

көз тиіп кетті ма, білмедім. бірақ эко-коробкаларым келмеді | Пишу

көз тиіп кетті ма, білмедім. бірақ эко-коробкаларым келмеді водитель біздің адреске үлгермей қалды, ертең әкелеміз дид.

жұмыс күнім мүлде жеміссіз өтті. бірақ күшті тренировка жасадық - full body, arms, abs. бірінші рет қолға воркаут жасап, вакуумды енгіздік.

қолдарыңыз менікіндей желе сияқты салбырап бара жатқандай көрінсе, оған қоса экипировкаңыз болмаса, міне сілтеме, кеңес берем. қолым кәдімгідей өртенді. өзімше 20 минут видео түсіргем ғо, сторисқа таймлапс қып салам деп. видеоның бар екендігі енді есіме түсті.

ертең тренировканың орнына бимен айналысамыз деп шештік. мен уақытша биден алшақтап кеттім, бірақ оралу жоспарда бар.

1-2 сағат бұрын Айым Жекенова ханымның "жеке бренд қалыптастыру" туралы тікелей эфирін қарап шықтым. осы жылға қойылған бір мақсатымды енді сендер де білесіздер

кешегі жазған жұмыста бастағым кеп жүрген проектке қатысты қазба жұмыстарын бастадым бүгін. дайындалудамын. келесі аптаның сейсенбісі, бұйырса, бөлісе жатармын. сөйтіп, 2021-ге қойылған екінші мақсатымның да бетпердесі ашылайын деп тұр.

а, айтпақшы. кейбір адамдардың сұрауы бойынша, пост астында пікір қалдыруды қостым. енді фидбек жазып, кішкене кері байланыс жасап тұрсаңыздар, тіпті керемет болар ед. сіз бен біз жақын болайық

баршаңа қайырлы түн! құшақтадым