2021-02-11 22:12:36
"Өз ұлтынан, өз елінен безінгендер."
Туған жерінен теріс айналып, адасып жүргендер. Уақыты келгенде, нені сыйлайды екен ?
Жүрегінде, өз туған жеріне деген махаббаты, сағынышы оянар ма ?
Далада ойнап жүріп, Отанының самал, таза ауасымен демалған сәттерін есіне алар ма?
Ал кәзіргі, саясатта жүріп, тіршілік етіп, елдің ақшасын ұрлап
Ата-бабасы тұрған, әке-шешесі өсірген, қалай болғанда да өзі өскен жерінің табиғатын құртып, оны сатып
Ақша жолында құрбандыққа шалған ағаларымыздың есіне сол бала кездері есіне келер ме ?
Жарайды, ұмытты де. Ал балаларының болашағы ше ?
Ұрпағына не қалдырмақшы ?
Әлде әке-шешесі осының бәріне лайық тәлім-тәрбие берді ме екен ?
Солардың балаларын бағып отырған, ақсақалдың келесі ұрпаққа қалдырған құндылықтары осы болса
Еліміздің болашағы не болар ?
Қайтсен де, ашаршылық жасаған, советтердің уақыты кеткендей
Бұл жауыздардың да уақыты кетер
Бірден-бір қорқыныш
Үлгерер ме екен ?
Өлең емес.
505 views19:12