Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ШЕТ АУДАНЫ, АҚШАТАУ АУЫЛЫ Ауылда жалғыз су | URANkz

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ШЕТ АУДАНЫ, АҚШАТАУ АУЫЛЫ

Ауылда жалғыз су алу пункті бар. Ол да тек уақытпен беріледі. Халық осы жер асты суын сатып алып пайдаланып отыр. Елдімекенге апаратын жол нашар, асфальтталған көше деген түсінік атымен жоқ. Байланыс нашар, сырттан хабар алу қиын. Ауыл сыртында жол құрылысы жүріп жатыр. Жиі шаң көтеріледі. Адамдар сыртқа шығудан, тіпті терезе ашудан қалған. Көбі жұмыссыз. Бірақ жергілікті билік жолдың құрылысында жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.

Өркениеттен шет қалған Шет ауданының тұрғындары көмекке мұқтаж.