Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Құрметті қазақстандықтар! Бірнеше аптадан кейін ауыл әкімде | URANkz

Құрметті қазақстандықтар!

Бірнеше аптадан кейін ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Іріктеудің қатаң талабына, науқанның қысқа мерзіміне және ең бастысы іс басындағы әкімдердің әкімшілік ресурсына қарамастан, біз Қазақстан Халық партиясы атынан өз кандидаттарымызды ұсынамыз.

Жарты жылда біздің Қызыл автобусымыз ауыл тұрғындарының мәселелерін көтеру және шешу үшін 80 елдімекенге барды. Кейбір мәселелер қоғамдық пікірге байланысты жылдам шешілді, ал шешілмеген мәселелер көп уақыт пен жергілікті биліктің тиісті әрекетін талап етеді.

Ауыл тұрғындары ауыз су, интернет, медициналық қызмет көрсету, мал бағатын жайылым мәселесін шешіп беруді талап етеді. Иә, олар артық ештеңе сұрамайды, тек тұрғындарды негізгі қажеттілікпен қамтамасыз ету қажет. Жоғарыдағы мәселелер қала тұрғындарына оңай шешілетін іс болып көрінуі мүмкін, ал ауыл тұрғындары үшін бұл – 2021 жылдың шынайы көрінісі. Кейбір ауылдарда адамдар құдықтың алдында ауыз су кезегіне тұрады. Байланысқа шығу үшін ағашқа өрмелеп, шатырға шығады.

Біздің әкім лауазымына кандидаттар бұл мәселелерді бірінші кезекте шешеді. Бұл – оларға партия жүктеген міндет. Бұл мәселелер шешілгенде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады.

Әкімнің беделі мен өкілеттігі жетпейтін жерде біз партия атынан 100% қолдау көрсетуге кепілдік береміз.
Бұл жергілікті әкімдердің алғашқы сайлауы. Ол өз ауылы үшін алаңдайтын халық әкімін таңдауға мүмкіндік береді.
Шешім қабылдаған кезде естеріңізде болсын. Халық әкімін таңдаңыздар. Барлық үміткерлерге сәттілік!!!
———————————————————
Дорогие казахстанцы!

Через несколько недель пройдут выборы сельских акимов. Несмотря на жесткие критерии отбора, короткий срок кампании и, самое главное, административный ресурс действующих акимов, мы также выдвигаем своих кандидатов от Народной партии Казахстана.

За полгода наш Красный автобус проехал 80 населённых пунктов, чтобы поднять и решить проблемы проживающих там сельчан. Какие-то проблемы решались быстро благодаря общественному резонансу, другие, конечно, требуют большего времени и желания местных властей.

Самые частые проблемы, которые просят решить сельчане - отсутствие питьевой воды, интернета, медицинского обслуживания, пастбищных земель для выпаса скота. Да, люди не просят ничего сверхъестественного, их нужно просто обеспечить базовыми потребностями. Для горожан эти проблемы, возможно, покажутся неожиданными, но в селах это реальность 2021 года. В некоторых аулах люди действительно стоят в очереди за питьевой водой перед колодцем и лазают по крышам и деревьям, чтобы словить сигнал.

Наши кандидаты в акимы будут решать эти проблемы в первую очередь, это их задача от партии. Ведь решение этих проблем напрямую влияет на качество жизни сельчан. Там, где не хватит веса и полномочий акима, мы гарантируем 100% партийную поддержку.

Это первые выборы местных акимов, которые позволяют выбрать народного акима, который будет по-настоящему переживать за свой поселок.
Помните об этом, когда будете принимать решение. Выбирайте народного акима. Удачи всем кандидатам!