Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

#dalarecommends #dalafieldnotes #writingfieldnotes Антрополог | Волшебный восток

#dalarecommends #dalafieldnotes #writingfieldnotes

Антропологтың зерттеу кезіндегі басты материалы далалық жазбалар, немесе fieldnotes. Онда антрополог өзі зерттейтін құбылысты, ситуацияны, адамдарды сипаттап жазып жүреді. Этнографиялық жазбаларды жүргізудің әртүрлі жолдары бар. Бірі жазбасын өзінің көңілін аударған ең қызықты жағдайды сипаттаудан бастаса (the salience hierarchy), екіншісі белгілі бір уақыт аралығында не болғанын тәптіштеп жазып алып жүреді (comprehensive note-taking).

Алайда, жазбаларда субъективтілік басым болып кетпес үшін, жазбаларды жазуға қойылатын талаптар бар. Мысалы үшін, “Show, don’t tell” техникасы ситуацияны сипаттағанда не болғанын өз сөзіңмен айтудан көрі, сол құбылысқа қатысып жатқан детальдарды көрсету керек дейді. “Күн ыстық болды” деп жазғаннан, “ауа райы 40 градус болып тұрды”. “Адамдар күннің ыстығынан қорғану үшін басына ылғалдап орамал жауып жүрді”, немесе “бөлменің ішінде салқындатқыш қосылып тұрды” деген секілді күннің ыстығын көрсететін сипаттамаларды жазған дұрыс. Бір зерттеудің аясында антрополог ұзақ уақыт бір жерде өмір сүреді, күнделікті жазбаларының арасынан өзінің айтпақшы аргументіне қатысты жазбаларды табу кейінірек қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, жазбаларды жүргізуге қатысты көптеген еңбектер бар.

Төменде “далалық зерттеулер” қалай жүретіні және зерттеу жазбаларын жүргізу әдістері туралы бірнеше еңбекті жинақтап назарыңызға ұсынып отырмыз.

***

Основным материалом антрополога во время исследования являются полевые заметки, в которых исследователь(ница) описывает свои наблюдения о явлениях, ситуациях и людях. Полевые записи играют исключительную роль в создании дальнейших научных текстов антрополога. Антропологи применяют разные стратегии ведения своих полевых записей. Кто-то начинает писать о самом интересном событии/инциденте/разговоре за день (the salience hierarchy), а кто-то детально описывает все произошедшее за определенный промежуток времени (comprehensive note-taking).

Но для избежения субъективизма, существуют требования к ведению полевых заметок. Так, одна из методик «показывай, а не рассказывай» заключается в том, что исследователь больше фокусируется на деталях, связанных с изучаемым явлением, нежели просто описывает ситуацию. Например, мы написали, что было жарко, солнце припекало и на улице было 40 градусов. В этом примере, о дневной жаре можно рассказать иначе, а именно как люди покрывали голову мокрыми полотенцами, чтобы защититься от солнечного зноя, или, что в комнате работал кондиционер и тд. Антропологу, живущему в одном месте в течение длительного полевого исследования, со временем может быть трудно вести и находить записи, относящиеся к его/ее аргументам.

Мы подобрали некоторые работы, рассказывающие подробно, что из себя представляют “полевые исследования” и какие существуют способы и стратегии ведения записей в поле, и как описывать ситуации, события, окружение, используя также нетнографию.

Kirin Narayan, Alive in the Writing.
Kristin Ghodsee, From notes to narratives.
Roger Sanjek (ed.), Fieldnotes: The Makings of Anthropology (PDF)
Roger Sanjek (ed.), eFieldnotes: The Makings of Anthropology in the Digital World (PDF)
Andersen et al., Anthropology Inside Out: Fieldworkers taking notes (PDF)
Alima Bissenova, Поле и жизнь: размышления “укорененного антрополога” (PDF)
Антропологический Форум: от поля к тексту, 2018 №36 (PDF)