Получи случайную криптовалюту за регистрацию!

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АСМК) ұйымдарына тіркелу | QoldauINFO

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АСМК) ұйымдарына тіркелуге қатысты тұрғындардың сұрақтары

Емханаға тіркелу туралы өтінімнің қаралу мерзімі қанша?
Емханаға тіркелу туралы өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда тіркелу (емханадан нақты себеппен шығу) 1 жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады

Менің отбасым неліктен түгелімен бір отбасылық дәрігерге тіркелуі керек?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету отбасылық бақылау принципіне негізделеді. Ал отбасылық дәрігер сол жанұяның өмір салтымен таныс болғандықтан, олардың мүшелерінің тұқымқуалаушылық және жүре пайда болатын ерекшеліктерін білетіндіктен, сол дәрігердің осы отбасының салауатты өмір салтын ұстау тәртібін қалыптастыруы, ықтимал аурулардың алдын алуы және қазіргі дерттерін емдеуі оңайырақ болады. Медициналық көмекті осылай көрсету арқылы оның сапасын да арттыруға болады.

Неліктен үйіме жақын жердегі медициналық ұйымға тіркелген дұрыс?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АСМК) көрсету аумақтық қолжетімділік принципіне негізделетіндіктен, пациенттерге жаяу жету оңай болатын (15-20 минут жүру) жерден алғашқы дәрежелі медициналық көмек алу қолайлы болады. Мұндағы артықшылық – медициналық көмекті үйде алу мүмкіндігі.

Бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба?
Емханаға тіркелу Сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) арқылы жүзеге асырылатындықтан, Сіз тек бір емханаға тіркеле аласыз, ал бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады.

Егер мен емханаға тіркелу науқаны кезде өтінім жасамасам, мені басқа емханаға тіркейді ма, әлде өз емханамда қала беремін ба?

Егер Сіз тұрғындардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу науқаны кезінде емханаға тіркелуге өтінім бермесеңіз (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін), онда Сіздің тіркелуіңіз өзгермейді, медициналық көмекті өзіңіздің емханаңыздан алуды жалғастырасыз.

Мен емханаға тіркелу науқаны кезінде басқа емханаға тіркелуге өтінім бердім, енді медициналық көмекті қашаннан бастап алуыма болады?

Егер Сіз тұрғындардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу науқаны кезінде емханаға тіркелуге өтінім берсеңіз (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін), онда медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала аласыз.